Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет49/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   265
Байланысты:
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы

  Сөйтiп,  төртеуi  Көбекке  жақындап,  оны  ат  үстiнен  еппен 

көтерiп  ала  бергенде:

—  Үйбай-ау,  мына  кiсiнiң  демi  жоқ  қой,  —  деп  Әрiпбай 

шыңғырып  жiбердi.

 Кендiр дереу Көбектiң басын көтердi:

— Көбеке, Көбеке...

Көбекте үн жоқ. Еш болмаса бағанағыдай ыңыранып, өзiнде 

тiрлiк нышаны бар екенiн де бiлдiрмедi. Ешқайсысы байқамапты-

ау, жазған құз табанындағы жол үстiнде үзiлiп кетiптi.

  Жол  басшыларынан  айырылып  қалса  да  қатыгез  жүректi 

ұрылардың  ешбiрi  “бауырымайлап”  азаланбады.  Қабақтары 

түксие бiр-бiр күрсiнiп, бiразға дейiн жақ ашпады. Тек манағы 

Күреңтi  жайлауындағы  қырғыздың  өлiмiне  iшi  ашып,  онсыз 

да  жан-дүниесi  езiлген  Сүлеймен  ғана  Көбек  қазасына  шыдай 

алмай, өкiрiп жiбердi. Қасындағы серiктерiнiң ешқайсысы басу 

айтпады. Қайта, алғашында мiз бақпай тұрған олар, Сүлейменнiң 

еңкiлдеп жылап жiбергенiнен кейiн көздерiне жас алып, қазаға 

қайғырғандай  сыңай  танытты. 

—  Қойыңдар,  ендi.  Бұлай  жылап  тұра  бергеннен  табар 

пайдамыз  қайсы?  Одан  да  Көбекеңдi  елге  жеткiзудiң  қамын 

қылайық, — дедi iштерiндегi жасы үлкенi Әрiпбай мұрнын бiр 

тартып  қойып.

— Алдымен бұл кiсiнi аттан түсiрiп, бас-көзiнiң қанын жуып 

тазартайық та, — дедi Кендiр.

Көбектi аттан түсiрдi. Құз түбiндегi бұлақтың суына оның қан 

болған басы-көзiн жуып, шапанына орап, атқа өңгерiп артты. 

— Ендi, сендер, Сүлеймен мен Әмiр екеуiң бұл кiсiнi алып, 

елге жеткiзiңдер. Ал қалғанымыз жылқыларды айдап барамыз, 

— дедi Әрiпбай.

…Екi күннен кейiн бұлар Көбектiң өлiгiн Досалының ауылына 

жеткiздi. Бар сырға қаныққан би шекесiн қысып, 

ұзақ уақыт үнсiз отырып қалды.

— Бiр жақтан жұт, бiр жақтан азаматтың өлiгi қинады-ау, бiздi. 

Амал не, Көбектiң өлiгi бiз үшiн орны толмас өкiнiш болса да, тiрi 

адам тiршiлiгiн жасайды. Жеткiзейiк мұны елiне. Сен, Сүлеймен, 

бiзден бұрын жет, Қоңырбөрiкке! Көбектiң өлiгiн хабарла, туған-

туыстарына!




102

Сүлеймен қарақшы

II

 Қаратау мен Қазығұрт, Шу мен Сыр арасындағы сайын дала 

төсiндегi  жұртты  сансыратып  жiберген  алапат  жұт  —  жылан 

мен  жылқы  қатар  келген  “жылантақырдың”  өткенiне  үшiншi 

жыл.  Бұл  1921  жыл  едi.  Қыбырлаған  тiршiлiк  атаулыға  қырын 

қараған тәңiр соңғы үш жылда қыста бұрқасын қарын, көктемде 

нөсерiн  аямай  төгiп,  қара  жер  қайта  түлеп-ақ  кеттi.  Қонысын 

қайта тапқан ауғынды ел, тойынған қара халық — өткен жұтты 

құдiретi шексiз Алланың сәл қабақ шытқан пейiлiне балап, одан 

аман қалғандарына тәуба келтiрiсiп, “өлiге иман, тiрiге салауат” 

дескен.  Көбек  өлгелi  берi  Сүлеймен  Досалы  би  аулынан  ұзап 

шыққан  жоқ-ты.  Би  мұны  бұдан  кейiн  ешқайда  жұмсамады. 

Қырғыздардан  айдап  келген  баяғы  елу  жетi  жылқының  iшiнен 

Досалы ту семiз он бес бие мен үш айғырды бөлек алып қалып, 

қалғандарын ашыққан жұртқа таратып берген-дi. Қазiр сол он бес 

биеден қырық шақты тай-құнан бар. Сүлейменнiң басты жұмысы 

сол жылқыларды күзету. Қасында Кендiр мен Әрiпбай бар. Бұлар 

зауза  ауып,  саратан  туа  Сайрамсу  бойындағы  ауыл  маңынан 

жылқыларды Керегетас етегiндегi жайлауға айдап келген. Содан 

берi бiр жетi өттi. Кеше кешкiсiн би ауылынан шабарман келдi. 

— Сүлеймен, — дедi ол келген бойда. — Саған би “ертең түске 

дейiн ауылға жетсiн” деп сәлем айтты. 

— Е, бидiң сенi не себептi шақыртып жатқанын бiлем. Досекең 

саған “Жылақ Атадағы” қапалдардан бiр қыз айттырып жүрмiн 

деп  едi.  Нақ  осы  жолы  би  өзiңе  қатын  әперу  үшiн  шақыртып 

жатыр. Солай ма, Қаратай? Ауылда осы жайында әңгiме болған 

жоқ па? 

— Қайдам, Әрiпбай көке. Ол жағын өзiм естiмедiм. 

— Айтпақшы, Қаратай, жұрт сенi “жаңа өкiметтiң старшыны 

болды” деген едi. Сол хабардың аяғы не болып кеттi? Жетi ата 

Жоланның игi жақсылары өзiңе ештеңе демедi ме? Досекеңнiң 

ойы қандай екен?

—  Қазiрше  “старшын  болдың”  деп  өзiмдi  сайлай  қойған 

ешкiм жоқ. Бiрақ сайласа қашпаспыз, — деп бiр көтерiлiп қойды 

Қаратай.



103



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет