III АКТ
Бесінші сурет
Қобыландының ордасы. Қалпы бұрынғыдай. Бірақ тыстан шабуыл дабы-
лы келеді. Айқай-шу, жылаумен қатар қикулаған ұран, сүрен ктеп тұр.
Құртқа, Қарлығаш, Аналық қолдарында жұп шырақтары, құдайына жал-
барынып тілек тілеп жатыр.
Ү ш е у і д е
Я, Қамбар, я, тәңірі! Мейірлі ием, дос ием!
Қ а р л ы ғ а ш
Кеткеннен-ақ шошып ем,
Айырылдым ба шынымен
Жалғызым, бауырым Қобыланнан?!
(Жылайды, жалбарынады.)
Я, тәңірім, дос ием!
Қ ұ р т қ а
Садаға боп кетсемші!
Ақ шұнақ тоқты мен болып
Асылым, жарым ағаңнан...
Я, тәңірім, дос ием!
А н а л ы қ
Я, тәңір, я, Қамбар!
Ақ жолын бер, бақ жолын бер жалқыма!
Қосарыңнан ажырармысың, жарығым!
Аңырармысың зарығып!
Қуанышым қос қалқам!
(Екеуін құшақтайды.)
Қ а р л ы ғ а ш
Құрисың ба, қайран шақ,
Бітесің бе, біздің бақ!
198
А н а л ы қ (зарлап).
Не дейсің? Не дейді мынау, Қамбар-ау?
Жаманатын естірткенше жалғыздың,
Жансамшы мен, лсемші мен, жалған-ау!
Қ ұ р т қ а (екеуіне).
Айым, анам, есің жи.
Сенерің жоқ болған соң,
Қайраттан басқа қайла жоқ!
К мексіз жаспен жасытпан
Жау алдында жанымды.
Қас мерейін асырсам,
Қор етермін жанымды.
Айым, тоқтал, тыя г р
Жатқа айтпастай зарыңды...
Тоқтарбай келеді.
Айналайын, әтекем!
Қ а р л ы ғ а ш
Қор болдық па, әкекем!
Т о қ т а р б а й
Арылмаған сор екен,
Арманыммен термін...
Кімің тірі қалса да,
Жаудың ж нін білгейсің.
Тірі болса жалғызға
Кегім сонда дегейсің...
Қ ұ р т қ а
Жасаған! Келмесе екен тек Қазан!
Т о қ т а р б а й
Келмесе екен қуа кеткен сол жауы!
Қ а р л ы ғ а ш
ке сорлы, не дедің?
Шошыдым ғой с зіңнен.
Қ ұ р т қ а
Не дермін мен? Жоқ, жоқ, жүрек, лоблыма.
Теуіп ашып есігін,
Тас қамаудан шыққалы,
Қас к бейткен шығармын.
Арыстаным, алыста бол, тек бар бол,
Не к рсем де шыдармын...
199
А н а л ы қ
О-о, Қамбар, бере г р!
Қ а р л ы ғ а ш
Айнымастан шыдармыз.
Далада жақындаған шу.
Т о қ т а р б а й. Не боп кетті тағы да? (Есіктен қарай
бере.) Келіп қалды, жетіп қалды, ордама да ойраны. Қорғап
лем ұямды. (Ұмтылады. Алдынан қалың н кер қаптай басып,
қимылдатпайды. Құртқа есіктен қарайды.)
Қ а р л ы ғ а ш. О, тәңір, бере г р, Қазан емес, басқа
екен. Біз не к рсек к рейік...
Алшағыр, Бірсімбай жетіп келеді. Алдарында екі жақта тұрған жасауыл-
дар иіліп тағзым етеді.
А л ш а ғ ы р
Бар сапарым ондалды,
Б гетім жоқ жолымда. (Құртқаға.)
Іздеп шыққан жоғым-дағы оралды,
Қашқын қыз да қолымда.
Қ ұ р т қ а
Нең бар еді қалмайтын,
Неге жүрсің әлі күнге соңымда?
А л ш а ғ ы р
Ел жүрегін жаралап,
Қорлыққа кеткен Құртқаны,
Намыспен қуған ер болам.
Қуанбасаң сорың да...
Қ ұ р т қ а
Намыскер ер болғаның,
Алысар батыр жоғында,
Шал-кемпірдің ұясын
Шапқаның ба ұялмай,
Бұғып келіп б рідей?
А л ш а ғ ы р
Қашанғы мен тоспақпын,
Ұзаққа кеткен батырың,
Оралмас болса біржола! (Қарқ-қарқ күледі.)
200
А н а л ы қ
Басыңа жетсін дегенің,
зіңе болсын сол жора!
А л ш а ғ ы р
Мен емес, келмес жол шеккен,
Шабуыл кеткен шартығың.
Ерді жайлап, елді алып,
Кеп тұрсам да кеммін бе,
Адасса да Құртқаны,
Қоя берер ермін бе?
Қ а р л ы ғ а ш
Садаға кет ер болмай,
Қияда қыран жоғында.
Орнында қалған жеміне,
Жетсем деғен қарақұс!
Б і р с і м б а й
Тарт тіліңді, асқақ қыз!
Алшағырға қол жетсе,
Арманы болмас Құртқаңның.
Қ а р л ы ғ а ш
Арам болар, тиіп к р!
Б і р с і м б а й
Ендеше, серт етейін,
Ол емес, зің олжасың.
Сыбағасын алмаса,
Сәні бар ма жортқанның?
А л ш а ғ ы р (бұйрық етіп).
Айтты әмірін бекзадам,
Ал, алыңдар тұтқынға! (Қарлығашты тарта ж нелі-
седі. Құртқа қорғамақ болғанда Алшағыр б геп.)
Тоқта, оны қорғамай,
зің құтыл әуелі.
Қ ұ р т қ а
Асқақтама, Алшағыр!
Сұңқар қонған ұясы
Бұйырғанша құзғынға,
ртенгенін ем к рер...
А л ш а ғ ы р
Бұйырмаған биікке
Оқыс салған ұяны.
201
Керегіне келгенде
Ақ иық қыран алатын...
Байқамай бұзды деп пе едің
Торқалы ойын-тойыңды?
Бұйырмайсың Қобыланға.
Қ ұ р т қ а
Бұйырмасам Қобыланға,
Бұйырмаспын жүз есе
Алшағырдай айуанға...
А л ш а ғ ы р
Ал обалың зіңе,
Қысас қылар қайратыма келіппін.
Кесісетін аямай, кезегіме келіппін.
Келер болса тіріліп, к мген топырақ астынан,
Алшағыр алған қатыны
Қуантар болса досыңды,
Қарық қылар болса Қобыланды,
Сонда ғана сені алар!
Т о қ т а р б а й
Ей, Алшағыр, қуарған,
Ол сұмдықты еткенше,
Бар жанымды қырарсың!
А н а л ы қ
Атың шсін айуан,
Тарт қолыңды айымнан!
А л ш а ғ ы р ( з кісілеріне).
Кес тілдерін, тапжылтпа!
Ата-анасы осы екен
Аямас жауым Қобыланның!
Ал үстінен лыпасын... (Екеуін тонайды.)
Қазір күң мен құл етем,
Тіл табанын қазір-ақ.
з ордама жалшы етем,
Қор ететін қысасым!
Қ ұ р т қ а (азап шеккен ата-енесіне).
Айым, күнім, ата-енем!
Жат дұшпаным алдында
Айтылмаған серт берем.
Сендер к рген қорлықты
К ре тұра ұмытсам,
202
Тірлік біліп қорлықты,
Жасық ойды жуытсам,
Қуатым, барым Қобыланды
Күндіз, түні ойлаудан
Жас жүрегім суытсам,
Сәтте болсын жарық күн!
зге дәурен к ргізер
Суалып бітсін қара к з!
зге тілек тілетер
Кесіліп солсын кызыл тіл!
Атам-анам, куә бол,
Жаным, жарым, соны біл...
А л ш а ғ ы р
Серт құтқарса к рермін,
Аямаска бекініп, бек ұстаған қолымнан
Алып қалса к рермін.
Жебір-жесір жосытып,
Шұбырта тартқан жолымнан! (Қолына бұйрық етіп.)
рте, ойран, талқан ет!
рте дұшпан ордасын!
(От лаулай бастайды. Жын ойнағындай.)
Тарт, алып жүр бәрін де! (Алғызып ж нелтеді).
Орда ртене береді.
Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ
Алтыншы сурет
К к ауру К біктінің кекшіл, кесір ордасы. Зындан алдында Қарлыға
жалғыз.
Қ а р л ы ғ а
Шырақ жағып табынғаның
Басқа соқты, қор етті.
Не дерсің, не дерсің сен, Қарлыға?!
Аямаған елің бар,
Алап ұрған жолың бар!
Тұтқын еттің біреуді,
203
лтіртпедің, сақтадың.
зің білмес ж нің бар. Бұл не?
К ргім-дағы келеді,
К рмегенім ж н еді.
лдеқандай бір шырға,
Тартқандай ма бір сырға,
Екіталай ойым бар... Не бар, не бар осы,
Мені жеңген не дерт бар?!
Б і р с і м б а й (шығады. Қасында жасанған н кер. Бірсімбай
жолға, жортуылға бара жатқан реңде Қарлығаға). Қарлыға,
беремісің сертіңді, еремісің жолыма?
Қ а р л ы ғ а. Айттым, айттым, Бірсімбай. Ермеймін бұл
жолыңа.
Б і р с і м б а й. кең берді бұйрықты... з қынабынан
суырып, з қылышын жіберді, мінекей. Ал мынаны!
(Қылыш ұсынады. Қарлыға алады.) Алсын дейді Қазан кегін
Қыпшақтан! Ақтасын дейді айыбын... Енді ердің бе?
Қ а р л ы ғ а. Ермеймін мен сонда да.
Б і р с і м б а й. Не дейсің? Қасым ба еді қимасың?
Қ а р л ы ғ а. Қасың болса, қан майданда қайда қап ең!
Ол Қазанды жекпе-жекте алды. Біз оны қапыда алдық. зі
түгіл, үйін алдық қапыда. Жетпеді ме сол қорлық та! Қашан
еді касиеттің кеткені. Енді барып тағы да, қасқырша ұрланып
тағы шаппақ болдың ба, қорғаны жоқ орданы? Наразымын,
ермеймін ездік жолыңа! Алшағыр барсын, ары жоқ!
Б і р с і м б а й. Ездік деймісің! Ермеймісің? Алшағыр
ма, арсызың? Ендеше, тыңда тағы, әкеңнің басқа бұйрығын.
Бермек болды Алшағырға зіңді, тартып с йле ол туралы
тіліңді!
Қ а р л ы ғ а. Алшағырға мені бермек болды ма?
Б і р с і м б а й
Бермек болды, бітті байлау.
Несі бар ед? Қазан шықты таластан,
Кім бар еді Алшағырдай бағы асқан.
Қ а р л ы ғ а. Сен емессің, сен емессің, Бірсімбай, менің
ақыл қосарым. Тағы айт, тағы айт маған. Тағы қандай
қорлығы бар әкемнің?
Б і р с і м б а й
Тағы да айтқан әмірі бар.
Ермек болса қасыңа, шаппас болса жауыңды,
204
Бақсын деді міз бақпай
Жауым жаткан зынданды.
Қ а р л ы ғ а. Зынданды?
Б і р с і м б а й. Зынданды, я зынданды! Маған ермей
тапқан қасиетің сол болса, ол әні! Тұтқын жауды тапжылт-
па. Менімен бармай, Қыпшақты шаппай қалғанда алғаның
сол болады, мінеки, тұншықтыра күзет. Қор қып лтір зын-
данда.
Қ а р л ы ғ а. Жазадан оны лтіріп, қорлық атты қазадан
қарындасыңды лтірем десеңші.
Б і р с і м б а й. Бұйрық біткен, байлау бір. Жадыңда тұт
жалғыз-ақ. Орала берме егесіңмен, басқа ойыңмен алдым-
нан. лгенің артық дермін одан да. Қолыңда әкең қылышы!
кеңнің жалаң намысы осы болаттың жалындаған жүзінде.
Жаза бассаң жаза да берер сол қылыш! (Кетеді.)
Сахнаның т рі к рінеді. Ол зындан, жарымы тас қамау, тар алаң. Зындан
іші алак леңке. Онда Қобыланды. Сыртта жасауыл.
Қ а р л ы ғ а (Қараманды тексеріп тұр).
Азаттық алған болсаң да,
лі кетпей жүр дейді.
Бағып тұрған пәледен
Бас тартпастай сен кімсің?
Қ а р а м а н
Бас тартатын ж нім жоқ,
Жауың емес, бейбітпін.
Қ а р л ы ғ а
Құтырған қандай қалшасы
2
.
Жауым емей, елмісің? (Жендеттерге.)
Бар, шығып тұр бұл жерден! ( скер кетеді. Қараманға.)
К зің жойсам қайтесің,
Тіл шырайға келместен.
Қ а р а м а н
Барға санап жүргем жоқ
з басымның барлығын!
Досым үшін жан берем,
Орындауға кеп тұрмын
Ар-намысым жарлығын!
Қ а р л ы ғ а
Достық сондай сор ма еді,
205
Айтқызбаса тынбайтын
Ащы с зін зарлының?
Қ а р а м а н
тпеп пе еді з басыңнан дос мұңы?
Қ а р л ы ғ а
Дос деген не мірде?
К рген емен әлі күн...
Қ а р а м а н
Жас жаның бар, жақсы қыз,
К рмесең де к ксейсің,
Жүгінемін жүрегіңе зіңнің.
Қ а р л ы ғ а
Жан қиғаның Қобылан ба?
Қ а р а м а н
Қапалымын сол қорлықта калғанға...
Қ а р л ы ғ а
Алушы ма ед тіліңді?
Қ а р а м а н
К ңілім қалып к рмеп ед.
Қ а р л ы ғ а
Жалғыз жол бар, таңдау жоқ
Шығаруға Қобыланды...
Қас батырды қимаймын,
Қараңғыда қара қайғы кеміріп
лмесін ер арманды!
Тек ұмытсын, жат десін
Артында алыс қалғанды...
зі лтірген Қазанның
Орнын басып бек болсын,
Сақтап, билеп, қорғасын,
Оң к зі боп ордамды.
Азаттығын әперем,
Ақ бейілін беремін,
Қадірлеймін, бек тұтам
Бұл сертімді алғанды.
Досы болсаң, осыған
К ндірер болсаң, с зге кел.
Келмес болса қолыңнан,
К нбес болса Қобылан,
Білсін, тоссын аямай
206
Басына пәле салғанды.
Не дейсің сен с зіме?
Қ а р а м а н
Жасырмаймын, қатал қыз,
Айтқан жоқсың шығар жолдың амалын.
Қапасына зәр т гіп,
К бейтерсің азабын.
Ер намысын жаралап,
Атап тұрсың ең ауырын жазаның.
Қ а р л ы ғ а (ақырып).
Тоқтат, босар мен емес,
Екі айтатын кеп емес!
Сыбағаң бітті сенің де,
К рінбегім к п болар
Енді қайтіп к зіңе! (Жүре береді.)
Қ а р а м а н
Амалым жоқ, аял бер...
Қ а р л ы ғ а
Айт шапшаң!
Қ а р а м а н
К неді деп айтпаймын,
тінейін алдынан,
Тек тілдестір зіне. (Қарлыға белгі етеді. Зындан ішіне
елес сәуле түседі. Қарлыға да тыңдап тұр.)
Қобыланбысың?
Қ о б ы л а н д ы. Бармысың?
Қ а р а м а н. Құрысам етті бар болғанша бұлайша. К п аза -
бы к п иттей талап түтіп барады. Қажытты ғой, к кжал-ай!
Қ о б ы л а н д ы (қараңғыда ызамен үн салып). Зарлама
енді заржақ болған жетім қозыдай. Бұндай күйде к ргенше,
с нсе нетті жанарым. Оралып шабар дос десем, неғып
жүрсің тіленшідей тентіреп?
Қ а р л ы ғ а (жалғыз). Тіленшідей?!
Қ а р а м а н. Сенің басың билігі мен осы зындан кілті
де, камау, қоршау күші де балуан қыз Қарлығаның қолында.
Сол Қарлыға қыз бұйырған аманатпен кеп тұрмын.
Қ о б ы л а н д ы. Не қыл дейді?
Қ а р а м а н. Қияс қастан к ңілден Қобылан қайтсын
дейді.
Қ о б ы л а н д ы. Орайына не дейді?
207
Қ а р а м а н. Оң шырайым болат дейді. Зынданнан
шығарам, бірақ шырғамда қалады дейді.
Қ о б ы л а н д ы. Қорлыққа сатпақ па екем мен, халқым
мен Құртқамды?
Қ а р а м а н
Солар үшін шықсаң етті әуелі?
Қ о б ы л а н д ы
Құлдықка сатып басымды,
Алмаймын мен азаттық
Айлалы аяр қолынан...
Қ а р л ы ғ а (жалғыз).
Аяр?
Қ а р а м а н
К нбесіңді білгемін.
Қ о б ы л а н д ы
лсін Қобылан, шсін үні бүйткенше...
Қ а р л ы ғ а
Қандай қырыс с з шығад
Б рісінен Қыпшақтың?
Кездеспеген кер асқақ..
Ашылмасқа әддім жоқ,
Кекшіл жүзін к рмекпін! ( зі жақындап.)
Жаңсақ айтад жаны ашыған жолдасың!
Қаза болса арманың,
Аңсамай-ақ аласың!
Берер болсам азаттық,
Құртқаң үшін бермеймін,
Қызметімде қаласың.
Қ о б ы л а н д ы (жақындап жетіп келеді).
Қайда? Қайдасың сен, қанеки,
Келші бері, бер таман.
К рінші бір к зіме!
Қ а р л ы ғ а
Келдім міне, не дейсің? (Екеуі бетпе-бет.)
Қ о б ы л а н д ы
Дейтінім сол, танып ал,
Сен атаған азаттық –
Азабымның ащысы!
Жетегіңде жүретін,
208
Шыжымыңмен ұшатын
Кім деп білдің Қобыланды?
Қ а р л ы ғ а
Тең майданда емессің,
Тең қаруың қолда жоқ.
Тұтқынымда отырсың,
Қатты айта алмай қиналам.
Тарта айтамын амалсыз,
Бірақ білсең нетушед,
Қарлыға ма екен асқақтап,
Арзанға саяр саяғың?
Қ о б ы л а н д ы
Уай, зәрлі қыз, тілің тый,
Сен емессің кінәласар мұңдасым.
К біктінің к п жылқысы ішінен
Азынатып қолда ұстап,
Зарықтырып талдырар
Айғыры емен Қамбар боз,
Байтал к рсе бас ұрар!
Қ а р л ы ғ а
Тарт тіліңді, Қобылан!
Қ о б ы л а н д ы
Тартпаймын мен, тағы біл!
Алмаспын мен азаттық
Қас дұшпаным қолынан.
Бақ талайын тілермін,
Ақыра құлаш сермесем,
Ысқыра тілген жартасты,
Ақ семсерім жолынан.
Қайта қаптап келермін,
К біктідей к к ауру
Сыбағасын берермін.
Жалынып алмай сендейді,
Бұрымыңды борт кесіп,
Бүріп алып кетермін.
Бұра тартып жоныңнан...
Бар, қастығың қыла бер. (Қараманға.)
Жоғал, жаным жасытпа!
Жойыл! Жоғалт к зімнен!
(Жалт беріп қайта қараңғыға кетеді.)
209
Қ а р л ы ғ а ( з- зіне).
Жаралғалы жан болып,
Жан жүзінен к рмеген
Қорлығымды к ріппін...
Қалай, қалай, неліктен?
Неге талқан етпеймін?
Қайда намыс, қайнамай?
Пауза.
Ашуым жоқ, кәрім жоқ,
Айнығаным бұл қалай? Жеңілдім бе?
... лде бақ па, әлде сор,
Аянышым арынымды басыпты,
Жабы боппын, жайын тауып жайламай! (Ойда.)
Қ а р а м а н (тайқи беріп).
Біліп едім, жолсыз бір с з боларын.
Қ а р л ы ғ а (Қараманға).
Жоқ, жоқ, тоқта! Аял қыл!
Қ а р а м а н (тақап келіп ақырын).
Не қыл дедің тағы да?
Қ а р л ы ғ а (жетіп барып).
Жасың құрбы жан екенсің,
Сақтармысың ашылмастай сыр айтсам?
Қ а р а м а н
Айт, айтып к р, не дейін.
Қ а р л ы ғ а
Жат ниетпен келсем де,
Қайтып тұрмын бұл сәтте,
Бойым жеңді, зге ойым...
Байлаудағы батырды
Қатты қинар жайым жоқ.
Бара алмады батылым!
Шығар емес есіктен
Қарлығаның қолы ашқан,
Бірақ шықпай болмайды,
Естіп тұрмын жаманат!
Қ а р а м а н
Тағы қандай жаманат?
210
Қ а р л ы ғ а
Алшағырдай аш б рі
Хабарын біліп Қобыланның,
Ордасын шауып кетіпті.
Жанкүйердің барлығын
Тізіп айдап еліне,
Жебір-жесір етіпті...
Қ а р а м а н
О не дейді, не дейді,
Құрысам нетті есіткенше сұмдықты...
Қ а р л ы ғ а
Тапсырарым жалғыз-ақ:
Тұспалменен айтпасаң,
Туралап айтпа батырға.
Булығып лер ашудан!
Ақылыңды айт тек маған,
Не қылсам Қобылан шықпақшы?
зім қорғап отырған
Қырсық қамау зыңданнан?
Қ а р а м а н
Қандай ғана досым ең,
Айналайын Қарлыға!..
Жалғыз ғана айла бар,
Тұсына әкеп батырдың,
Тақымына бұрау сап,
Шыңғыртыңдар Бурылды!
Шыдай алмас, ширығар,
Ашу ғана шығарар.
Қарлыға ж неледі. Қараман ойда тұр. Зындан қараңғы.
Қа р а м а н. К кжал, ей, К кжал! Мен қиналып тұрмын-
ау!
Қ о б ы л а н д ы. Білемін... Ал!
Қ а р а м а н. Тұншықтырған тас қамау. Қара қанат албас-
тыдай тағы да кеп т ніп тұр. Екеу-ақпыз тағы да!
Қ о б ы л а н д ы. Ал!
Қ а р а м а н. Қайрат серік болмасам да, ақыл серік бол-
сам деуші ем! Не істедік осы біз?
Қ о б ы л а н д ы. Қайт деп едің сен маған?
211
Қ а р а м а н. Не қыларды білмес пе ек, неге алмадық
азаттық?
Қ о б ы л а н д ы . Не қылушы ем үйтіп ап?
Қ а р а м а н. Тілемегің лім бе?
Қ о б ы л а н д ы. Қорлық тірлік алғанша, қарғыс лім
шақырғам.
Қ а р а м а н. Рас, рас, қорлық... Алысып та түспедік. Жады
кемпір К клан жеңдім деп кетті. Бәрінен де сол қорлық.
Қ о б ы л а н д ы. Қой, қой, сандырама, с зіңді тый.
Кімді алушы ед К клан? Қорқақ қоян сені алады... Жал-
пылдап ұшқан жарқанаттай жынды к кек, сол мені алушы
ма ед? Жоқ, жоқ, ол емес мені жыққан, есімді алған ардан
ш ккен азабым-ды. лі де сол шердемін. Тұтқын буып
тұрған жоқ, тас қамау қысып тұрған жоқ, сол буып тұрған!
Соның ғана қысымында қормын мен. Бұдан үлкен жаза,
қыса жоқ екен ел басына. кініш... Елім ері, ер серігім, ба-
уырым үшін ол кініш. Жазықсыз ғана, сәт-сәт қана қызық
тілеп ем, ынтығым үшін сәттей аял тілеп ем. Соның үшін
жаза шектім Шуағымдай жанымнан... Соңымнан ерген ба-
уырымнан айы рылдым. Не деп к рем барым деген, ерім де-
ген ел бетін, анам бетін! Не деп, не деп к рем Қарлығашым,
қарындасым ай жүзін, ай жүзінде қайғысын? Азаттық емес,
жаза, жаза, әлі де қатал аямас жаза, жаза керек мен жолсызға!
Жолсызға.
Қ а р а м а н. Не дейін, не дейін. Айтарсың. Бір басың
б лек... Бірақ Қыпшақ, Қият ел қайда? Бір сен деген ел қайда?
Қыс қыстауың – Қараспан, жаз жайлауың – Жиренк л. То-
сып қалған жер қайда? Арманы к п ата-анаң, жалын жұтқан
жар қайда?
Қ о б ы л а н д ы . Толқын ұрған жардай ғып жасаңсытпа
жанымды. Жаратқан ие мен бе екем? Түбі қылдай жалғыз
қып туғызған болса қайтемін! Тілеп алған шер ме екен?
Қ а р а м а н. Жалғыз да болсаң, жалын ең. Ойлар деп
ем артыңды... Жаман айтпай жақсы жоқ.. Құлағыңа іле
к рме, Қайрақан, ойлаймысың, К кжалым! Бүк түсіп біз
жатқанда құшағында ку тастың, ел шабылып күңіреніп, ата-
анамыз қолды боп, жар досымыз сорлы боп, тағы да қорлық,
зорлықта жатса қайтеміз? Шуақтың лімінен де ктем сор
туса қайтеміз?
Қ о б ы л а н д ы (ширығып кеп, құста болып қайнай бас-
тайды). А-а! Не дейсің, не дейсің? ртедің ғой, не дейсің?
212
Осы кезде згеше бір жат үнмен шыңғыра кісінеген Тайбурыл дыбы-
сы келеді. Қиналып шыңғырады. Қобыланды отырған зынданның
қабырғасын тепкілеп жәрдем күткендей жанталаса шыңғырады.
Кімнің үні, кімнің үні мынасы? Жанымды ртер жақын
жанған жалындай... Кімнің үні, айтсаңшы?
Қ а р а м а н
Сай-сүйегім босайды.
Тілеп тұр ғой к мекті...
Қ о б ы л а н д ы
Тайбурыл! (Аласұрып.)
Қ а р а м а н (шақырады.)
Тайбурыл!
Қ о б ы л а н д ы. Жан қанатым, Тайбурыл, жау азапқа
салды ма?
Қ а р а м а н
лде есіл жануар,
Алыста жатып зар шеккен
Анасындай Құртқаның
Зар айғайын шалды ма?
Қ о б ы л а н д ы
Құртқа! Тайбурыл! Халқым! (Шынжырын талқандай
бастап.)
Қайна, қайна, қайрат, аянба!
Құрысын лмей жолыңда,
Қарғыс атып қалам ба? (Зындан ішін талқан етіп, шыр-
мауынан босай бастайды, сырттан жасауылдар жүгіріп
келе береді.)
Б а с ж а с а у ы л (қылышын жалаңаштаған).
Бұзып шықпақ зынданды,
Тос, тос семсермен осыдан!
Жет, жасауыл, батырға,
К біктіге хабар ет!
Бір жасауыл ж неледі. Қобыланды шынжырын талқандап жатыр.
Қ а р л ы ғ а (жасауылбасыға).
Не боп жатыр бұл жерде?
Не к рінді к зіңе?
Б а с ж а с а у ы л
Шыққалы жатыр дұшпаның,
213
Т сеп тұрмын алдынан
Аяусыз алмас жүздерін!
Қ а р л ы ғ а
Тай, былай тұр жолынан! (Жасауыл қозғалмайды.)
Жоғал, зім тосайын,
Жоғалсын тез іздерің! (Бұйрық тыңдалмайды.)
Б а с ж а с а у ы л
Аздың ба, қыз, жолыңнан?
Қобыланды жақындап, зындан есігін бұза береді.
Қ а р л ы ғ а
Жоғал!
Ж а с а у ы л
Кетпеймін мен, азбаймын...
Қ а р л ы ғ а (қылышын суырып алады. Қараман қоса
суырғанда, соған).
Тоқтал, жігіт, былай тұр. (Жасауылға.)
Тұр былай!
Ж а с а у ы л
Тыңдамаймын тіліңді.
Қ а р л ы ғ а
Алмас болсаң тілімді,
лесің з қолымнан.
Жасауыл таймайды. Қарлыға жолдағы екі жасауылдың семсерін жай-
дай ойнатып, топ-топ қағып түсіреді. Бас жасауыл тап береді. Қарлыға
екеуі қанжарласып кетеді. Қобыланды осы кезде есікті талқан етіп шыға
келіп, қалт қарап қалады. Қарлыға жасауылды қағып шауып, қалпақтай
ұшырады да, Қобыландыға салқын ғана салмақпен.
Айып етпе мезгілі жоқ ойынды,
Алдың ашық, батырым!
Тосар болса тағы да,
Мә семсерім, серігің,
Ж неле бер жапырып! (Семсерін созады.)
Қ а р а м а н
Қарыздармын, Қарлыға...
Айналайын Қарлыға.
Қ а р л ы ғ а
Неге алмайсың, Қобылан,
214
Дос қолымен, барымен
Созып тұрған семсерді?
Қ о б ы л а н д ы
Қарыздар екем, Қарлыға,
Не деп алам білмеймін.
Қай қайратпен ақтаймын,
Қандай сертпен ырза етем
Осынша жақын досымды!
Қ а р л ы ғ а (қасына қуанғандай жетіп келіп, семсерді
беріп).
Жә, қиналма, ала бер,
Досым деген жалғыз с з
Бар қарыздан құтқарды.
Ырзалығым соншалық,
Қисам-дағы аз дермін
Ақ жолыңа басымды!
Қатты дабыр, жат сарын келеді. Жау келіп қалған.
Қ а р а м а н (жалт қарап). Пәле шықты жаңадан, келе
жатыр К бікті. Қайрақан! Ал, Қобылан, есің жи!
Қ о б ы л а н д ы (саспай Қарлығаға).
Қалай болды, Қарлыға?
Бір борыштан айықпастан алдыңда,
Алысар болып әкеңмен,
Қос қыспаққа қалдым ба?
Не қылмақпын мен енді –
Ақыл тосам зіңнен,
Бар билігім зіңде!
Қ а р а м а н
О, Қайрақан, кеп қалды,
Жи есіңді, Қобыланды!
Қайттім, қайттім тағы енді?
Айналайын Қарлыға... Қобылан!
Қ а р л ы ғ а (Қобыландыға).
кем де болса амал жоқ,
Айтарым жоқ қайтадан.
Берме есеңді, азат бол,
Аянып қалма мен үшін,
Тірлігіңді мен тілеймін, Қобылан!
215
К бікті шығады.
К б і к т і
Белде, белде, белдеді!
(Жалақтап күркірей келіп Қарлығаға). Қап-қара боп,
құса боп, қан қатқандай ішіме, кешпестей боп кек қатқан.
Қас қанымен ант еткен ежелгі жауым осы еді. Білмеуші ме
ең, Қарлыға? Не ғып тұрсың жайратпай?
Қ а р л ы ғ а. ке, мен жеңілдім Қобыланнан.
К б і к т і. Айтпа, айтпа сұмдықты. Қайда сенің, қолыңа
сеніп берген семсерім?
Қ а р л ы ғ а. Ол семсерің әнеки, жас батырдың
қолында.
К б і к т і. Не қорлыққа к нгенсің? лі айрылмай,
тірідей семсеріңді жау алып, неге тірі тұрсың сен? Айт, айт
маған ж ніңді?
Қ а р л ы ғ а. Алыспадым жайым сол, біле бер, әке,
ж німді.
К б і к т і. лтірсең нетті, мені зің. Жойыл, жоғал
к зімнен. Қыз емес, қара қаншық боп, қапсаң нетті мені
сен? (Қобыландыға тап береді.) Шық, шық бермен, шық бы-
лай!
Қ о б ы л а н д ы
Кел, К бікті, келіп к р.
зіңнен шыққан семсердің
зіңе деген кегін к р.
К б і к т і (булығып күйгеннен есінен айрылғандай. Қай
қаруын жұмсарын білмей бұрқ-сарқ етеді.)
Белде, белде, белде ме?
Ата-бабам к рмеген,
Ер боп зім жүрмеген,
Қайнатып ртер қанымды,
Қорлық-қорлық келді ме? (Жекпе-жек.)
Жоям, жоям, жоқ етем...
Қ о б ы л а н д ы (кең салмақпен қағысып жүріп). Кеш,
Қарлыға, кеш, Қарлыға! Кеш мені!
К б і к т і. Білдім сойқан, Қарлыға! з қолымнан
к мермін. (Соғысып жүріп.) К мермін мен, қарабет! (Дей
бергенде, Қобыланды ұшырып түсіреді. К бікті жайрайды.)
216
Қ а р а м а н
А, дос ием ақсарбас,
Ал, достарым, аял жоқ,
Ж нелейік тезірек.
Қ о б ы л а н д ы
Ж нелмеймін, тапжылма!
(Қарлығаның алдына келіп, семсерін созып, иіліп.) Айы-
бымнан арылатын күнім жоқ, бердім билік зіңе, ал барым-
ды, Қарлыға!
Қ а р а м а н
Қайрақан! Не деп кетті мына албыт!
Қ о б ы л а н д ы
Не тілейсің, Қарлыға?
Қ а р л ы ғ а
Бар билігің беріпсің,
Бар мұратым жеткендей.
Тыңда бірақ, батырым!
Еркіңді алар мен емес,
Жалғыз тілек етейін:
Қайда жүрсең қасыңа
Қан майданға бірге алып,
Жандай сенсең досыңа,
Ала кетсең зіңмен,
зге тілер қолқам жоқ...
Қ о б ы л а н д ы
Бердім, досым, жүр бірге.
Қ а р л ы ғ а
Ердім, баста, батырым!
Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ
Достарыңызбен бөлісу: |