Дәуренбекұлы Шағын елді мекендерді сумен қамту


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚТЫҢ МҰНАЙМЕН ЛАСТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ



бет2/11
Дата15.06.2022
өлшемі0,76 Mb.
#36891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Какен дипл

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚТЫҢ МҰНАЙМЕН ЛАСТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мұнай және газ адамзат тіршілігінде қажетті шикізат болып табылады. Мұнай өндіру және жаңа мұнай-газ кен орындарын ашу еліміздің экономикасын көтеретін факторлардың біріне жатады. Дегенмен, мұнай-газ кешендерінің қарқынды түрде дамуы елімізде экологиялық дағдарысқа қарай бет бұрып барады.


Мұнай кен орындарының технологиялық желісін құрастыру көптеген міндеттерді қарастырады, оның ішінде өндірістің экологиялық талаптарды қанағаттандыруы маңызды роль атқарады. Мұнай өндірудің технологиялық үрдістерінде және мұнай өнімдерін өндіру, оны сақтау мен тасымалдау кезінде өндірілген мұнайдың 7%-і жоғалады. Мұнайды бұрғылауда, құбырлардың жалғасқан жерлерінен шикізаттың төгілуі топырақ, атмосфера, судың ластануына әкеліп соғады және биосфераны ластап қана қоймай адамзат денсаулығына зиянды әсерін тигізеді.
Топырақ мұнай қалдықтарымен аз мөлшерде ластанған жағдайда, оны қайта қалпына келтіруге болады. Ал егер көп мөлшерде ластанса, оған қарсы күрес жүргізуге тура келеді[15].
Қоршаған ортаның мұнай және мұнай өнімдерімен ластауы – ең күрделі мәселелердің бірі. Топыраққа түскен мұнай гравитациялық күштердің әсерінен төмен қарай сіңеді де, сыртқы және капиллярлық күштердің әсерінен кеңінен таралады.
Топрақтың мұнай қалдықтарымен және әр түрлі химиялық реагенттермен, өндіріс қалдықтарымен, радиоуклидтермен ластануы, лоардың техногенезді бұзылуы, эрозия, дефляция, топрақтың тұздануы- техногенез өршуінің тікелей жолдары болып табылады.
Қатты ластанған аймақтарда топырақтың тығыз карбонатты-иллювиалды горизрнты жалаңаштанады, нәтижесінде тақыр баттар түзіліп, топырақтың қуаңдануы мен тұздануына әкеліп соғады[16].
Қазақстанда мұнай қалдықтарының ластанған топырақ биогиоценоздарын қайта қалпына келтіру мақсатында топырақты тазарту және рекультивациялау технологиясын жасау үшін топырақтың қаншалықты мұнай қалдықтарымен ластануын, құрамын білу қажет.
Мұнай қалдықтарының топырақ құрамына әсерін білу мақсатында мұнай қалдықтарымен ластанған топырақты зерттеуге химиялық және физика-химиялық талдаулар пайдаланылды. Зерттеулер Қызылорда облысында орналасқан Құмкөл мұнай кен орнында жүргізіледі. Талдауға кен орынның әр тереңдіктегі топырағы алынды. Химиялық талдау мәліметтері бойынша кен орынның топырақ құрамында гумус мөлшері аз, сілтілі, сіңіргіш қабілеті төмен, сульфат, хлорид және негіздермен тұздалғаны анықталынды. Толық мәліметтерді келесі еңбектерден көруге болады. Топырақ құрамында гумус мөлшерінің аз болуы, құрылымсыздық, сіңіру қабілетінің төмен болуы, сонымен қатар карбонаттылық пен тұздалуы топырақты техногенді әсерлерге тұрақсыз етеді[17].
Мұнай қалдықтарымен ластанған топырақ үлгілерінде, әсіресе жоғарғы қабаттарында алифаттық және парафинді көмірсутектердің сіңіру жолақтары анық байқалады, сонымен қатар карбонилдік топ, жай эфирлі байланыстардың жолақтары кездеседі. Топырақ құрамындағы мұнай көмірсутектері химиялық және фотототығу үрдісіне қатысады, яғни әртүрлі факторлардың әсерінен (ультракүлгін сәулелердің, температураның өзгеруінен және т.б.) өзінің химиялық құрамы мен қасиетін өзгертеді, нәтижесінде ұшқыш, зиянды және химиялық белсенді заттар түзеді[18].
Құмкөл мұнай кен орнындағы ластанған топырақтың беткі қабаты бульдозермен ысырылып тасталынған. Бұл кен орны қоршаған ортаға, өсімдіктер дүниесіне көптеген зиян тигізуде. Мұнай кен орындарында мұнаймен ластанған топырақтың беткі қабатын бульдозермен полигон аймағын ысырып тастау механикалық тазарту әдісіне жатпайды, керісінше топырақ жамылғысының, ондағы биоценоз функциялану негізінің толық жойылуына мүмкіндік туғызады[19].
Қортындылай келгенде, кен орнының топырақ жамылғысының мұнай қалдықтарымен ластанғаны химиялық және физика-химиялық әдістермен анықталынды. Топырақ құрамында гумус мөлшерінің аз болуынан, топырақтың құрылымсыздығынан, сіңіру қабілетінің төмен болуынан, тұздалуынан, жалпы айтқанда, табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен бұл аймақта топырақ қуаңданып шөлейттену үрдістері жүруде.
Кен орнында топырақты қайта қалпына келтіру үшін микробиологиялық, агрофитомелиоративтік әдістер, срндай-ақ сапалы мұнай сорбенттерін пайдаланудың мәні өте зор. Топырақты қайта қалпына келтіру мақсатында пайдаасыру және рекультивациялау технологиясының экологиялық және экономикалық тұрғыда тиімді жолдарын іздестіруді қажет етеді.
Ал топырақ – жер қабатының сыртқы бөлігі. Ол өзінің құндылығымен, мол өнім беруге бкйімділігімен бағаланады. Топырақ егіншінің жұмыс істейтін негізгі обьектісі болып табылады. Топырақ негізгі екі міндетті атқарады: ауыл шаруашылық өнімдерін өсіру және өлген органикалық қалдықтартарды минералдандыру. Қоғамның қазіргі даму сатысында ол өнеркәсіп пен коммуналды-тұрмыстық қалдықтарды тазартатын биологиялық сүзгішке айналып отыр[20].
Топырақ көптеген жануарлардың өмір сүретін орталығы. Топырақ және оның құнарлылығы – адамзат үшін ең басты байлық, біздің өміріміз соған байланысты.
Елімізде негізгі байлық – жерді күте білу маңызды проблемалардың бірі болғанымен, оған көзқарас қазіргі кезде ойдағыдай болып отырған жоқ. Жер және оның байлығы қазіргі өмір сүріп отырған адамдарға ғана емес, келешек ұрпаққа керек екенін келешек ұрпақ әлі түсініп болған жоқ. Арнаулы өнеркәсіптік-техникалық училище түлектері оны барынша қауымға кеңінен насихаттай, табиғат байлығының сақталып қалуына өз көмектерін тигізуі керек[21].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет