Дәуренбекұлы Шағын елді мекендерді сумен қамту


Қоршаған ортаны жақсарту шаралары



бет9/11
Дата15.06.2022
өлшемі0,76 Mb.
#36891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
5.1 Қоршаған ортаны жақсарту шаралары
«Шымкент қалалық төтенше жағдайлар басқармасында» ғылыми-өндірістік кешенінен тасталынатын газдар арнайы тазарту қондырғыларына бағытталады. Атмосфераға 0,2% күкіртті ангидриді бар шығарылатын газ қоспалары құбырдан шығып жатқан кезде 3,6 м/с орташа жылдамдықпен 120м құбыр арқылы тасталынады. Ластаушы заттардың шығарылуын төмендететін іс-шаралар:

  • Шаңтазартатын жабдықтардың техникалық күйіне және пайдалануына бақылауды күшейту;

  • Жылдамдатылған режимде технологиялық жабдықтың жұмысына тыйым салу;

  • Атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың мөлшерін азайтуға байланысты газжүріс, жөндеу жұмыстары, жабдықты үрлеу мен тазалауға тыйым салу;

  • Аударып салынатын шикізат пен шаңды беттерді максимальды тиімді гидрошаңсыздандыруды жүзеге асыру;

  • Бірыңғай үздіксіз жұмыс процесінде кірістірілмеген технологиялық жабдықтың жұмысын уақытында бөлу;

  • Технологиялық процестерді басқарудың автоматты жүйелері және бақылау-өлшеу құралдарының жұмысына бақылауды күшейту;

  • Шаңдаушы материалдарды аударып салу орындардың, агрегаттар және жүйелердің герметикалығына (ауа кірмейтіндігіне) бақылауды күшейту;

  • Жабдықтардың жұмысының және өндірістің регламентіндегі басқа да өндірістік қуаттылықтардың техологиялық режимге сәйкес келуін тексеру.

Дипломдық жұмыстағы қоршаған ортаны қорғау бөлімінде атмосфералық ауаға зиянды заттардың ШМШ анықталды және де мекеменің ғылыми – өндірістік кешенінің қауіптілік дәрежесі анықталып, кәсіпорынға ІІІ дәрежедегі қауіптілік берілді. Анықталған мәліметтер бойынша қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары көрсетіліп, жүргізілді. Сонымен қатар, « Шымкент қалалық төтенше жағдайлар басқармасы » аумағындағы ғимараттардан және жол құрылыстарынан бос аймақтар үлкен масштабта гүлдендіру, жасылдандыру және көгалдандыру шаралары жүргізіледі. Санитарлық қорғаныс аумағы 100м құрады. Қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттарға төлем ақысы 170452134 теңге/жылына болып бекітілді.
Қоршаған табиғи ортаны қорғау – өндіріс, өнеркәсіп дамыған техникалық кезеңінде, өте күрделі мәселе болып табылады. Кез келген өнеркәсіп, елді мекен, мекемелер, тұрмыс қажетін өтеу орындары және т.б. ұйымдардың жұмыс барысында жинақталған қалдықты заттар мен зиянды дүниеліктерді қандай дәрежеде залалсыздандырылғандығы туралы мәліметтер болуы тиіс. Бұл, бір жағынан ластаушы заттың қоршаған ортаға бөлінген мөлшерінен нақты хабар етсе, екінші жағынан, бір-бірінің қатесін қайталамаушылыққа себепші болады және өзгелердің заласыздандыру барысында қол жеткен табыстарын пайдалануға жол ашады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет