Дәуренбекұлы Шағын елді мекендерді сумен қамту



бет4/11
Дата15.06.2022
өлшемі0,76 Mb.
#36891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2.2 Топырақ құрамындағы Cu 2+, Fe3+, Pb2+ иондары мөлшерін атомдық-адсорбциялық спектрометр көмегімен анықтау
Ол үшін топырақтың азот қышқылындағы сығындысын дайындау керек. Азот қышқылды сығындыларды партиялармен анықтайды. Ол екі зерттелетін сынама, үш стандартты сынама және екі бақылау сынамасынан тұруы мүмкін. Зертелетін 5 г сынаманы 250 мл шыны колбаға салып, 50 мл 1 м HNO­3 құяды. УВМТ-12-250 араластырғыш аппаратқа бекітіп 120-125 айн/мин жылдамдығына 2 сағат, 20ºС температураға қояды. Араластырып болғаннан соң, 3 сағаттан кейін әрбір колбадан 30-40 мл ерітіндіден алып «көк лента» фильтр қағазымен сүзеді.
Cu 2+ үшін 0,5 мл, 1,0 мл, 1,6 мл стандартты ерітінділерін дайындайды. Fe 3+ үшін 1,0 мл, 2,0 мл, 3,0 мл стандартты ерітінділерін дайындайды. Pb2+ үшін 2,5 мл, 5,0 мл, 10,0 мл стандартты ерітінділерін дайындайды.Келесі сынамаларда «Aanalist 400» атомдық-адсорбциялық спектрометр көмегіменCu 2+, Fe3+, Pb2+анықталды.
Топырақ рН анықтау әдісі.Сулысығындыдан 50 млстаканға 20 млқұйыпалып, рНметркөмегіменанықтайды


Нәтижелерді талдау
Аналитикалықзерттеулертыңсынмалытопырақтардажүргізілді. Сынаманы алу уақыты мен лабораторияға түсу уақыты арасы 2-3 күн. Топырақтың биологиялық белсенділігі мен оның өзіндік тазаруын қалдық мұнай және мұнай өнімдерінің болуына, топырақтың ферменттік белсенділігіне, демалу қарқындылығына, микроорганизмдердің маңызды физиологиялық топтарының санына және химиялық құрамына қарап бағалайды.
Зерттеуге алынған топырақ сынамалары «ПКОП» ЖШС Шымкент мұнай өңдеу №3 цехынан екі шақырым оңтүстікке қарай №1371 ұңғыма маңынан (1-сынама), осы ұңғымадан 1 км қашықтықтан (2-сынама), 3 км қашықтықтан (3-сынама) және осы ұңғымаға жақын орналасқан тұрғын ауыл маңынан (4-сынама) күз мезгілі, қырқүйек айында алынды.


Сурет2. «ПКОП» ЖШС- ніңаумағынаналынғантопырақсынамалары


Зерттеугеалынғансынамалардагравиметрияәдісіарқылыжәне «ФЛЮОРАТ-02» сұйықтықанализаторындамұнайжәнемұнайөнімдерініңмөлшерінанықтаужұмыстарыжүргізілді (5-кесте).


Кесте 1-Топырақтағы мұнай және мұнай өнімдерінің мөлшері

сынама

Гравиметрия әдісі, мг/кг

«ФЛЮОРАТ-02» сұйықтық анализаторы, мг/г

1

34,4

0,0367

2

23,3

0,0244

3

20,5

0,0217

4

4,2

0,00425

«ФЛЮОРАТ-02» сұйықтық анализаторында жасалған зерттеу жұмысының нәтижелері ұңғыма маңынан алынған топырақтың құрамында 0,0367 мг/г мұнай және мұнай өнімдері, ал одан алшақтаған сайын ластану мөлшері кемігендігін 0,00425 мг/г көрсетеді. Екінші сынама мен үшіншісінің ластану дәрежесі шамалас – 0,0244 мг/г және 0,0217 мг/г.


Кесте 2-Топырақтың рН ортасы



Сынама

1

2

3

4

рН

9,14

8,99

8,55

7,14

ТопырақтыңрНортасы 1-сынамадансілтілік, ал 4-сынамағақарайбірқалыптытөмендеп, нейтралортағақарайауысқан (9-кесте) (1-диаграмма).


ӨсімдіктерменжануарларүшінтопырақтыңқолайлырНортасы 5-7 аралығында.

Сурет 3. Топырақ сынамаларының рН мәні
Кесте3- Топырақтың химиялық құрамы

сынама

Сa+2,%

Mg+2,%

CO32–,%

HCO­3 ,%

Cl , %

SO42– мг/дм3

1

0,0750

0,0457

-

0,0267

0,0391

3,0

2

0,0775

0,0473

-

0,0336

0,0582

4,5

3

0,0300

0,0183

-

0,0330

0,0603

9,0

4

0,0175

0,0106

0,0228

0,0763

0,0781

15,7

4-кестедегі нәтижелерге қарап кальциймен магний иондарының ластанған 100 г топырақта 0,0750% және 0,0457 %, алтұрғылықты жер маңынан алынған топырақ құрамында оған қарағанда біршама кем екенін байқауға болады. Оның себебі, мұнай құрамындағы ақабасуларының әсері болуы мүмкін. Себебі ақабасулары кальций, магний карбонаттарымен басқада тұздардың сулы ерітіндісі болып табылады.


Ал, бикарбонаттар мөлшері 100 г топырақта ластанған топырақтан тұрғылықты жер топырағына қарай 0,0267 %-дан 0,0763 %-кедейін өсуі көрінеді. Яғни, тұрғын жердің құрамындағы бикарбонаттар мөлшері ластанған топыраққа қарағанда қалыпты жағдайда қалған. Мұнай және мұнайөнімдері ұңғымамаңынан алынған топырақ құрамындағы бикарбонаттарға әсерін тигізгенін байқалады.
Солсияқты, хлормен сульфатан иондарының мөлшері топырақтың ластану дәрежесіне кері пропорционал. Егер ұңғыма маңынан алынған топырақтың құрамында 0,0391% хлоранионы болса, солұ ңғымадан 1 кмқашықтықтаалынғантопыраққұрамындахлоранионы 1,5 есе, алтұрғылықтыжертопырағында 2 есеартықболды. Яғни, тұрғылықтыжертопыраққабатынамұнайжәнемұнайөнімдерініңәсерібайқалмайды.
Дәлосылайсульфаттардыңмөлшеріластанғантопырақта 5 есеазайған. Бұлкөрсеткіштердіңбарлығыластанғантопырақтыңқұрамыбастапқықалпынанауытқығанынкөрсетеді.
Жүргізілгенхимиялық, физико-химиялық, микробиологиялықзерттеулернәтижесіненАқтөбеоблысыныңКенкияқмұнайкенорныныңтопырақжамылғысымұнайжәнемұнайөнімдеріменластанғандегенқорытындышығады. Топырақтыңтүр-түсі, химиялық, микробиологиялыққұрамыбіршамаөзгерістергеұшыраған.
Келесісынамаларда «Aanalist 400» атомдық-адсорбциялықспектрометркөмегіменCu 2+, Fe3+, Pb2+анықталды (3 кесте).
Кесте 4- Cu 2+, Fe 3+, Pb2+ катиондарының топырақтағы мөлшері

Сынама

Cu 2+, мг/дм3

Fe 3+, мг/дм3

Pb2+, мг/дм3

1

0,0150

0,3489

0,0131

2

0,0200

0,2230

0,0344

Шекті конц.

1,0000

0,3000

0,0300

Келесі кестеден ластанбаған топырақтың өзінде темір мен қорғасын иондарының шекті концентрациядан жоғары мән көрсетеді. Ауыр металдың шектік концентрациядан жоғары болуы тұрғын халықтың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Жер асты сулары арқылы осы ауыр металдар тұрғылықты халықтың ауыз суына өтіп, тұрғындардың денсаулығына үлкен қауіп тигізеді. Топырақ құрамындағы сулы ерітіндідегі тұздар, катиондар мен аниондар шамасы кеміп немесе шекті концентрациядан ауытқуы байқалмағанымен, мұндай қарқынды өзгерістер алдын алмаса біршама уақыттан кейін аймақтың топырағының экологиялық жағдайын төмендетуі мүмкін. Мұнаймен химиялық ластану жиі топырақ кескінінің техногенді бұзылуына әкеледі. Ал қайта қалпына келу үшін мыңдаған жылдарды қажет етеді.


Табиғи ортаның ластануы мен классификациясы.Қоршаған ортаның ластануы ұғымының ауқымы кең. Тар мағынадаластанудеп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емс физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады. Экологиялық көзқарас боынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады: қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесінд пайда болып жатқан заттар; қоршаған ортаны ластайтын затар (мысалы, химиялық заттар). Тікелей ластанушы объектілер қатарына (ластайтын заттар акцепторы) биотикалық қоғамдастықтың (экотоптық) негізгі компоненттері: атмосфера, су, жер қыртысы кіреді. Ал, жанама ластанушы объектілер қатарына, биоценоз құраушылары - өсімдікгер, жан-жануарлар және микроорганизмдер жатады. Ластаушы жүйе болып, тек қана өнеркәсіп немесе жылу-энергетикалық комплекс орындары ғана саналмайды, сонымен қатар, күнделікті тұрмыстағы тіршілік, мал шаруашылығы да ластаушылар көзі болып табылады. Ластаушы загтар мен оны қоршаған ортаға қалдық күйінде бөлетін ластаушы жүйелерді классификациялауды Р.Парсон ұсынды. Бұл классификациялау - ластаушы заттүрін, оны бөлетін жүйені, оның салдарын бақылау шамаларын қамтиды. Оның пайымдауынша, ластаушы түрлер болып негізінен мыналар саналады: сарқынды сулар және оттегін жұтатын өзге қалдықтар; инфекцияны тасымалдаушы жүйелер; өсімдіктерге бағалы қоректік зат болып табылатын дүниелер; органикалық қышқылдар мен тұздар, минералдар; шайылу барысында түзілген шөгіңділер (твердый сток); радиоактавті заттар; Қоршаған ортаның бүлінуі табиғи апаттардан, атап айтқанда жер сілкініс, өрт жөне т.б. орын алса, оны табғии деп, ал адамзат баласының іс-қимыл әрекеті барысында ластанса, оны антропогенді деп атайды[22]. Экологиялық тұрғыдан ластану объектісі әрдайым экожүйе (биогеоценоз) болып табылытындығын түсіну қажет. Бұдан өзге, табиғи заттардың бір заттың көптігі немесе онда басқа заттардың болмауы (жаңа қоспалардың) экологиялық факторлардың режимдерінің өзгергендігін білдіреді, себебі зиянды заттар өзінің шынайы мәнінде эколгиялық фокторлар болып табылыды. Демек, бұл факторлардың режимі (немесе олардың құрамы) қандай да организмнің (немесе қоректік тізбектегі түйіннің) экологиялық қуысының талаптарынан ауытқиды. Бұл кезде зат алмасу үрдістері бұзылады, продуценттердің ассимиляция қарқындылығы, ендеше бүтін биогеоценоздың да өнімділігі кемиді[23]. Осылайша, ауаның, су мен топырақтың құрамында бар кез келген зат алмасушы агент бола алады. Қоршаған ортаның құрамына кіретін заттардықұрамдас бөліктердеп атайды.Құрамдас бөліктер табиғи да(мысалы, жанартаудың атқылау, өсімдік тозаңы, жел көтерген шаң т.б.),антропогенді де(қоғамның іс - әрекетінің нәтижесі)текті бола алады. Ортаның ластануы – күрделі, көп түрлі үрдіс. өндіріс қалдықтарындағы химиялық қосылыстар әдетте өздері бастапқы болмаған жерлерге тап болады. Олардың көпшілігі химиялық белсенді, әрі тірі ағзаның ұлпасының құрамына кіретін молекулармен өзара әрекеттесуге немесе ауада белсенді түрде тотығуға қабілетті. Мұндай заттардың барлық тіршілік иелері үшінуболып табылатыны түсінікті. Ластану түрлерінің жіктелуі (классификациясы). Шыққан тегі бойынаша ластанудың екі түрін қарастыруға болады: адамдардың қатысынсыз табиғи құбылыстардың нәтижесінде болатын ластанулар; адамдардың іс – әрекеттерінің нәтижесінде болатын антропогенді ластанулар; бұған өнеркәсіптік өндірістің техногендік әсерлердің үлкен үлес қосады. Антропогенді ластаушыларды мынадай түрге бөледі: 1) Биологиялық - кездейсоқ, не адамзатіс-әрекеті нәтижесінде ластануы; 1. Механикалық - қоршаған ортаның, тек механикалық әсерлердің нәтижесінде ластануы: 2. Химиялық - қоршаған ортанын химиялық құрамының өзгеріп, ұзақ жылдар бойы қалыптаеқан әр түрлі зат мөлшерінің, қалыпты жағдайдан артып кетуі; 3. Физикалық ластану - бұл бес түрге бөлінеді: а) Өнеркөсіп жөне жылу-энергетикалық комплекстердің жұмысы арысында коршаған орта температурасьшың бұзылуы, мұны жылулық деп атайды. ә) Жарықтық - жергілікті жерлердін табиғи жарық көздерінен баска, жасанды жарық көздері арқылы, өсімдік жөне жануарлар дүниесінің тіршілік ету жағдайының өзгеріске үшырауы; б) Шу, дабыл нәтижесінде; в) Электромагнитгі толқындардың шектен тыс артуы; г) Радиоактивті ластану. 5) Микробиологиялық ластану — адамның тіршілік етуі барысында, антропогенді жүйелерде немесе ортада әр түрлі ауру тарататын зиянкес организмдердің көбеюі. Қоршаған ортаның ластануы - кез келген экологиялық жүйеге, оған тән емес сипаттағы жанды-жансыз компоненттердің қосылуы немесе құрылысының өзгеруі нөтижесінде, экожүйенің - зат, энергия алмасуы бұзылып, өнімділігінің төмендеуі.
Пайдасы мен бірге мұнай өндірісінің қоршаған ортаға тигізетінзиянды әсері де аз емес. Қоршаған ортаның ластануы іздеу – барлау және мұнай, газ өндіретін ұңғымалар (скважиналар) құрылысынан басталады. Бұл кездегі ластаушы көздерге бұрғылау қондырғыларында орнатылған дизельдерден шығатын түтіндер, азот пен көміртек оксидтері, шаң, бұрғылау ерітінділері және т.б. Бұрғы мұнарасынан 800 алшақтыққа дейін топырақ және өсімдіктер бұрғылау сұйығымен (құрамында 20ға жуық химиялық реагенттер болады) ластанып, зардап шегетіні ғылыми түрде дәлелденген. Мұнайды алғанда табиғатқа тиетін зардаптар мынадай: Апатты жағдайлардың болуын азайту мақсатында көптеген шаралар қолдануға тиіс[24]. Мысалы, коррозиямен күресудің нәтижелі жолдарын іздестіру және тасмалдау құбырларын жиі тексеру, жөндеу жұмыстарын уақытылы ұйымдастыру. Мұнайды жер бетіне шығару үшін біраз жер ресурстарының әр түрлі құрылыс обьектілерін салуға айналымнан шеттелуі, жер сұрқының бұзылуы, ластануы.Ластаушы заттар бөлініп, атмосфераның жер бетіндегі және жер астындағы сулардың, топырақтың бұлармен ластануы.Мұнаймен қоса жер бетіне жоғары минералды судың шығуы.Бұрғылауда шыққан қалдықтарды көму. Мұнайдың төгілуі. Мұнай өнеркәсібі қоршаған ортаны ластайды. Ластанудың жалпы бірнеше түрі бар. Олар инградиентті, параметрлі, биоценотикалық, стационалдық болып бөлінеді. Ластанудың түрлері. Негізінде негативті әсерді мұнай шығаратын кәсіпорындар атмосфералық ауаға тигізеді. Осы өндірістен шығатын ластаушы компоненттерге көмірсутектері (48%), көміртек оксиді (33%), қатты заттар (20%) жатады. Осы салада мұнаймен бірге қосыла шығатын газ әлі толығымен қолдануын таппағанына байланысты, жыл сайын оның көлемінің 20% пайдасыз алауда жағылады, сондықтан қоршаған ортаны ластаумен қатар табиғи ресурс ысыраптанылады. Осыған байланысты бұл газдарды кәдеге асыру жолдарын іздестіру қажет. Бұрғылайтын қондырғылармен магистралдық газ – мұнай тасымалдайтын құбырлар кездейсоқ апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін, осы кезде қоршаған ортаның, әсіресе жер бетіндігі сулардың ластануы орын алады. Апаттық жағдайдың тууының негізгі себебі тасымалдау құбырларының коррозия процесіне ұшырап жарылуы(90,5%), сонымен қатар құрылыс техникасының осы құбырларды басып езіп кетуіне немесе технологиялық және құрылыстық ақаудың болуына да байланысты келеді. Мұнай шығаратын өндірістер басқалармен салыстырғанда суды көп жұмсайтын болғандықтан олардың суаттарға жіберетін ластанған ақаба суларының көлемі де жеткілікті. Қоршаған ортаның мұнаймен ластануы инградиентті ластануға жатады. Өнеркәсіптік энергоқондырғыларда, жылу электро-станцияларында, т.с.с. мұнай өнімдерін жағу салдарынан ауа басейінің зиянды заттармен ластануы қауіптірек болады[25]. Мұнай өнімдерінде кездесетін күкіртті және азотты заттар, жану кезінде күкірт оксидін түзеді, ондай оксидтер аппаратураны коррозияға ұшыратады, атмосфераға қосылып, ауа ағысымен таралады, олар барлық тіршілік атаулыға өте қауіпті болады. Мұндай элементтерді бөліп шығару мақсатымен мұнай өнімдеріне гидро тазалау қолданып өңдейді – сутегіні қатыстырып, катализатор қосып, қыздырады. Бұл кезде күкіртті заттар мен азоты бар заттар айырылады да күкіртсутегі Н2S мен амиак NH3түзіледі. Ол заттарды бөліп алып падаланады. Көмірсутек өндірісте күкірт және күкірт қышқылын өндіру үшін жұмсалады. Өндіріс қалдығынан алынған күкірт қышқылы, колчедан негізінде өндірілетін қышқылдан көп арзан болатын көрінеді. Мұнай өңдейтін және мұнай газ зауыттарында айналадағы ортаны сақтаудың басқа да қорғаныс шаралар бар. Адам табиғатты бүлдіруі туралы сөз еткенде ең алдымен мұнай – газ кешені кәсіпорындарын ауызға аламыз. Олар ауаға зиянды газдардың 90% таратуда. Зиянды өндірістік қалдықтар көлемінің үштен екі бөлігінен астамы солардың үлесіне тиеді[26]. Ал олардың бейтараптану дәрежесі бір пайыздың ширегіне де жетпейді. Жеріміздің мұнай өнімдерімен ластануы да халықты қатты алаңдатып отыр. Технологиялық, авариялық және басқа атаулыларды тағынған ондаған жер қоймалары (амбарлар) бар. Мұнай коллекторларының жарылып, істен шығуы да бізде жиі болып тұрады. Мұнай мен газға жүргізілетін бұрғылау жұмыстарының да қоршаған ортаға зиянды әрекеттері әзірге баршылық. Мұнда жердің беткі қабаты бұзылады, жер асты сулар ластанады. Ал скважиналарды сынау кезінде дизельдердің жұмысы жағдайында жер улы компоненттермен зақымданады. Табиғатта барынша аз салмақ келтіретін іздеу жұмыстарын жүргізудің бағдарламасы жоқ емес, бар. Скважиналарды тұрғызу жобаларында қоршаған ортаны қорғау мақсатында ең жаңа, қазіргі заманғы технологияны пайдалануда уақытылы қарастырылған. Қоршаған ортаға кең көлемде және ұзақ мерзімде әсер ететін мұнай – газ кешенінің негізгі кәсіпорны – Теңіз. Осы Теңізді игеру кезінде атқаратын жұмысқа 2 млрд. доллар жұмсалған. Жобалар мен техникалық шешімдер кешенді іске қосуды қиындатты және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай келмеді. Ақыры айтарлықтай дәрежеде қайта жұмыс жасау керек болды. Экологиялық жағынан тереңірек қарастырылған өте күрделі және қиыншылықпеншешіледі[27].
Аймақтық-өндірістік мұнайгаз кешендері мен магистралды мұнай-газ тасымалдаушы құбырларын қоршаған ортаны ластайтын ірі кәсіпорындарға жатқызамыз. Топырақ қабатының мұнай және олардың қоспаларымен ластануы және ағын сулары мен жер асты суларының жоғары минералдануы мұнай-газ шикізатын қайта өңдеуге дайындау кезінде түзіледі. Осыған байланысты мұнай қоспалары,ілеспе мұнай газы және оның жанғаннан кейінгі өнімдері атмосфераға кең көлемде тарайды.
Мұнай және мұнай өнімдерінің табиғи ортаға таралуы салдарынан жалпы экологиялық жағдай қалыптасады:
а)топырақтың құрамы және оның беткі қабатының қасиеттері өзгереді;
б)жер бетіндегі және жер асты сулары ластанады,түбінде тұнбалар түзіледі;
в)өсімдіктердің химиялық құрамы және сыртқы түрі өзгереді;
г)ландшафтар жалпы деградацияға ұшырайды.
Топырақ концентрациясы төмендегі деңгейге жеткенде,бұл топырақ мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған деп есептелінеді:
- Өсімдіктер солып,өзгерістерге ұшырайды;
- Экологиялық тепе-теңдік бұзылады,альгофлора және мезофауна түрлері жоғалады;
- Судың физико-химиялық қасиеттері және топырақ құрылысы өзгереді;
- Карбонатты емес сутекті топырақтарда мұнай өнімдеріндегі сутегі мөлшері көбейеді;
- Ауылшаруашылық жерлерінің өнімділігі төмендейді;
- Мұнай өнімдері топырақ арқылы сіңіп жер үсті және жер асты суларына таралады;
Жер қыртысының мұнай өнімдерімен ластанған кездегі қауіпсіз деңгейі деп жоғарыда айтылған негативті(ыңғайсыз) жағдайлар туындамаған кезеңді айтады;
Топырақтың «қалыпты» деңгейдегі көрсеткіші деп,топырақтың өзіне сай негізгі функцияларын орындау жағдайының сай болуы және қоршаған ортаға,өсімдіктерге және адамға негативті әсерінің болмайтын жағдайын айтады;

Сурет 4. «ПКОП» ЖШС-ның өндіріс аумағы мұнай және мұнай өнімдерінің төгілімдері ұшырасатын жер телімдері




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет