Дәуренбекұлы Шағын елді мекендерді сумен қамту


МҰНАЙМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТАРДЫ БИОРЕМЕДИАЦИЯЛАУ ЖОЛДАРЫН АНЫҚТАУ



бет7/11
Дата15.06.2022
өлшемі0,76 Mb.
#36891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
4 МҰНАЙМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТАРДЫ БИОРЕМЕДИАЦИЯЛАУ ЖОЛДАРЫН АНЫҚТАУ

Мұнаймен ластанған аймақтарды қайта қалпына келтіру іс-шараларының ең тиімді және экологиялық таза жолдарының бірі болып биорекультивация саналады. Жүргізілген тәжірибелер нәтижелері бойынша, топырақтағы мұнай өнімдерінің жоғары концентрациясына жауын құрты біршама шыдамды екені анықталды. Жалпы жауын құрты ылғалды жоғары топырақтарда және жер асты сулары жақын орналасқан жерлерде тіршілік ететіні белгелі. Сондықтан жауын құртын ылғалдылығы 60%-дан жоғары болатын жерлерде пайдалану ұсынылады.



Сурет 5. «ПКОП» ЖШС - нің аумағындағы мұнаймен ластанған топырақтарды биорекультивациялау жұмыстарын жүргізу полигоны


Биорекультивация технологиясы мынадай іс шараларды қамтиды: топырақты 30-40 см тереңдікте жырту, топырақта мұнай өнімі 5,0%-ға дейін болған жерде жауын құртының мөлшері мұнай өнімінің концентрациясы 7,0-7,5%-ға артса, жіберілетін жауын құрттыңда саны арттылады. Жауын құртының қоректенуі үшін және спонтанды ризосфералы микрофлораға 0,25%-ды аммофос енгізілуі керек.


КТМ-ның белсенді штамдарын қосымша ендіру, тазарту дәрежесін 97,0%-ға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Тазарту кезеңі топырақтың ластану дәрежесіне байланысты, мұнай өнімдері 3,0%-ға дейін болса, тазарту 2-3 айға созылады. Құамында 5,0%-ға дейін мұнай өнімдері бар топырақты тазарту 5-6 ай бойы жүргізіледі (наурыз-мамыр, тамыз-қазан). Құрамында мұнай өнімдері жоғары концентрациясы бар (7,0-10,0%) топырақты тазартуүшін, уақыт регламентін сақтай отырып, тазарту ұсынылады. Кезең мынадай іс-шараларды қамтиды 30-40см тереңдікте топырақты қопсыту (басында бір рет), КТМ-дың белсенді штамдарын енгізу, азотты-фосфорлы тыңайтқыш енгізу (0,25% аммофос), 60-65% ылғалдылықты сақтау. Табиғи немесе жасанды жолмен топырақ ылғалдылығы 60-65% болғанда, топырақтың 95,0-97,0%-ға тазаруы қазан айына дейін жүзеге асады.


4.1 Мұнай өнімдерімен ластанған аймақтарды жою


Мазутталған жерлерді және ластанған аумақтарды, оның ішінде «ПКОП»ЖШС-нің және «ҚазМұнайГаз» Барлау және Өндіру» АҚ-ның соңғы қалған технологиялық мұнай қоймаларын рекультивациялау жөнінде көп жұмыстар атқарылуда.
Мысалы, ОҚО-тық аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен келісілген ЦППН технологиялық қоймасын жою жөніндегі 2004-2010 жылдарға арналған Ұзақ мерзімдік бағдарламасының әрекеті кезінде, қойма аумағының 84 га-дан 30га-ға дейін қысқаруына қол жеткізілді. Өткен жылы қойманы жоюға 1,1 млрд.теңге жұмсалды. Бағдарламаның әрекеті кезінде жұмсалған қаржылық қаражаттардың жалпы сомасы 1,6 млрд.теңгені құрады.
2009 жылы, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ және «КазТрансОйл» АҚ мамандандырылған мердігерлік ұйымдарды тартып, 156,6 мың тонна ластанған грунт пен мұнай шламын қайта өңдеді. Жалпы көлемі 97,1 бұзылған жерлер рекультивацияланды және қалпына келтірілді.
Қалдықтарды басқару жөніндегі мақсатқа бағытталған жұмыстардың маңызды бағыты болып, аз қалдықты заманауи технологияларды енгізу, өнімділігі жоғары жабдықтарды пайдалану табылады. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-да, тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстар шеңберінде, мазутталған жерлерді бактерия-көмірсутегінің деструкторларының көмегімен топырақтың жоғалған құнарлылық қасиеттерін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін цеолиттік-микробиологиялық әдіспен қалпына келтіру жүргізілуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет