2 кезең. Эндоскопты жуу/жуу-дезинфекциялау құралдарының қалдықтарынан шаю
Эндоскоптың бетінен және арналарынан ТТ немесе ТТ+Д пайдаланылған құралдардың қалдығын жою мақсатында жүгізіледі
Эндоскопты ауыз су сапасындағы суға батыру. Душ саптамасы көмегімен эндоскоптың сыртқы бетін және оған керек-жарақтарды мұқият шаю.
Сыйымдылығы кемінде 10 литрлі жуу ваннасы,
(бір рет қолданылатын
жуу құралдарының ерітінділерін қолданғанда
түпкілікті тазартудың
барлық кезеңдерін бір ваннада
жүргізуге рұқсат етіледі).
Ауыз су сапасындағы құбыр суы.
Эндоскоп арналарын өңдеуге арналған қосалқы құрылғылар. Сыйымдылығы 20-30 см3 шприцтер
немесе помпа.
Әр эндоскопты шаю үшін ауыз су сапасындағы құбыр суының жаңа порциясын пайдалану.
Қосалқы құрылғылар арқылы шприц немесе помпанының көмегімен арналарды сумен шаю.
Әрбір арнаны кемінде 90 мл сумен шприц көмегімен шаю немесе суды помпаның көмегімен кемінде 1 мин шайқау.
3 кезең. Эндоскопты шайғаннан кейін кептіру
ЖДД арналған құралдардың сумен араластыруын болдырмау үшін жүргізіледі.
Эндоскоптың сыртқы бетін таза майлықтармен кептіру. Арналардан аққан суды үрлеу немесе қосалқы құрылғылар арқылы шприц немесе помпаның көмегімен ауаны аспирациялау арқылы жою.
Үстел/жұмыс беті немесе шаю жүргізілген жуу ваннасы.
Таза жайма (жаялық).
Таза сүлгілер. Қосалқы құрылғылар. Шприц/помпа
Микробтық аэрозольдар түзілуінің алдын алу үшін
арналардың шығу жолдарын үрлеу кезде майлықпен жабу. Пайдаланылған салфеткаларды дезинфекциялауға арналған контейнерге немесе Б классындағы медициналық қалдықтарды жинауға арналған контейнерге тастау
Қою жолымен тазалау сапасын бақылау:
- азопирам немесе осы мақсаттағы үлгі үшін басқа регламенттелгендер5)
– фенолфталеин үлгісі6)
Химиялық құралдар ерітінділерін (азопирам, фенолфталеин) пайдаланған кейін биопсия арнасын 20-30 мл ауыз су сапасындағы құбыр сумен шаю және ауамен үрлеу, ал сыртқы бетін су құбыры суымен және құрғақ салфеткамен дәйекті сүрту.
Достарыңызбен бөлісу: |