ІІ.Зақымдану процесінің орналасуына байланысты жіктелуі:
Жіңішке ішекте
Илеоцекальды аймақта
Жіңішке және жуан ішектің сегменттерінде
Ішектің басқа ағзалармен қосыла зақымдануымен
Клиникалық көрінісінде байқалады:
Ішектік синдром
Өткір қабынудан болатын эндотоксемия
Ішектен тыс зақымданулар
Мальабсорбция синдромы
Клиникалық түрлеріне байланысты жіктелуі: қабыну– инфильтративті- (тоқ ішекте басым) профузды диарея, өткір қабыну белгілері, дене салмағының төмендеуі.
D) КА асқынуларына жатады:
– сыртқы терең жаралар (ішектік-терлік);
– ішкі терең жаралар(ішекаралық, ішектік-өтқаптық, ректі-вагиналды);
– құрсақ қуысының шоғырлануы, ішекаралықнемесе интраабдоминалдыіріңді ісіктер;
– ІҚЖ құрылымдары(ішектік өтімділікпен және өтімділіксіз);
– анал сызаттары;
– парапроктит (аноректалды зардап шегу кезінде);
– ішектік қансырау (сирек).
Ауруға тән симптомдар:
Іштің өтуі, іштің ауыруы, тез арықтау, қызудың әлсін әлсін биіктеуі. Іштің белгілі бір аймағы ауырады, ауыратын аймақ зақымданған ішектің проекциясына сәйкес келеді. Іштің ұстамалы ауыруы бірнеше жыл дерттің жалғыз белгісі болуы мүмкін. Іш ауырған кезде дене қызуы жоғарлайды. Процесс мықын ішектің төменгі бөлігінде орналасса онда көрініс аппендицитке ұқсайды. Бұл кезде диагноз ерте қойылады себебі операция кезінде ішектің қызарып, ісінуі және шажырқай бездерінің ұлғаюы бірден көзге түседі.
Науқастарда көптен келе жатқан анемия, себепсіз (диареясыз) арықтау, жедел басталатын қызба дерттің жалғыз белгісі болуы мүмкін.. Дерттің өршу кезінде қызба биіктейді, анорексия, әлсіздік, шаршағыштық пайда болады. Іш ауырады, іш өтеді, шұрқырайды және кебуі байқалады. мальабсорбция синдромы жіңішке ішектің көлемді зақымдануында немесе резекциясынан кейін пайда болады.