Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы, асқынуы. Операциялық емге көрсеткіш және операция түрлерін таңдау


Кеуденгің жабық жарақаты. Диафрагманың зақымдануы, диагностикасы, клиникасы, емі және болжамы



бет100/125
Дата29.11.2023
өлшемі11,18 Mb.
#131284
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   125
Байланысты:
Диафрагманы концепциясы. Операциялы емге к рсеткіш, операция а-1

Кеуденгің жабық жарақаты. Диафрагманың зақымдануы, диагностикасы, клиникасы, емі және болжамы.


Емі. Диафрагманың жыртылуы және жарақаттануы кезінде жедел операция көрсетілген – құрсақ қуысы ағзаларын төменге түсіріп, жыртылған жерді сорылмайтын жіппен жеке-жеке тігу қажет. Жарақаттанудың түріне қарай операцияны лапаро немесе торакотомия бастайды.


96. Панкреастын (поджел ж-за) жыланкөздері. Этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы, асқынулары, емі, хирургиялық емге көрсеткіштер. Операциялық шаралардың түрлері.
Ұйқыбездін жыланкөздерi түтікшелердiн сырткы ортамен немесе ішкі куысты ағзалармен патологиялык байланысы. Егер жыланкөздiн өзегі терiге ашылса - сырткы жыланкөздер , іш куысындагы куыс ағзалармен ( асказан , аш немесе ток iшек ) байланысты болса - iшкi жыланкөздер деп ажыратылады . Олар толык немесе толык емес болуы мүмкін . Түтікшенің проксималдык бөлiгi бiтелсе ( толык жыланкез кезiнде ) , панкреатиттік сөл тұтастай сыртка шығады . Толык емес жыланкөздерде панкреатиттiк сөлдің негiзгi бөлiгi табиғи жолмен ұлтабарга түседі , ал біршама бөлiгi жыланкөзбен шығады.
Этиологиясы. Сырткы жыланкөздер көбінесе iштiн ашык жаракаттарынан, уйкыбезге жасалган операциялардан кейiн жиi дамиды . Ішкi жыланкөздер уйкыбездегi деструктивті өзгерiстердiн ( жiтi панкреатит, уйкыбез кистасынын пенстрациясы мен тесiлуi ) көршi жатқан агзалар кабырғасын камтуы салдарынан орын алады.
Клиникалық көрiнiсi және диагностика Ұйкыбездiн сырткы жыланкөздеріне панкреатиттік сөлдiн сырткы өзек аркылы сыртка бөлінуі тән . Шығатын сөлдiн мөлшері жыланкөздiң түрiне байланысты . Толык жыланкөз кезiнде тәулiгiне 1-1,5 л дейiн , толык емес жыланкөзде - кейде бiрнеше миллилитр гана панкреатиттік сөл бөлінеді . Ұйкыбездегi немесе жыланкөз кабырғасындагы деструктивті және кабыну өзгерiстерiне байланысты , таза панкреатиттік сөл немесе кан мен iрiн араласкан сөл бөлінеді . Көп мөлшерде бөлінетін панкреатиттік селдін әсерiнен жыланкөздiн сырткы тесiгi айналасындағы терiнiн мацерациясы жылдам дамиды . Сөлді анағұрлым көп мөлшерде жоғалту наукастын жалпы жагдайынын күрт нашарлауына , наруыз , май және көмірсу алмасуларынын айкын бұзылыстарына , судын , электролиттердiн айтарлықтай жоғалуына және кышкылды - сiлтiлiк тепе - тендiктiн бұзылуына алып келедi . Iшкi жыланкөздер кезінде панкреатиттік селдiн бөлiнуi асказан немесе iшек куысына карай журеді . Сондыктан , сырткы жыланкөздерге тән ауыр метаболизмдiк бұзылыстар бұл кезде дамымайды . Сырткы жыланкөздердi диагностикалау улкен киындыктар туғызбайды . Корытынды диагноз , жыланкөзден бөлінген суйыктыкта панкреатиттік ферменттердің жоғары концентрациясынын аныкталуымен расталады . Диагнозды толыктыру үшiн фистулография колданылады . Егер контраст уйкыбез түтікшелерiн толтырса, диагноз еш күдiксiз койылады .
Емі. Толык емес жыланкөздер әдетте , консервативті ем нәтижесінде жабылады. Ем кезiнде организмнiн сусыздануын және әлсіреуін жоюға бағытталған щаралар жүргізіледі. Ұйкыбездiн секреторлык белсендiлiгiн төмендету ушiн цитостатиктер мен антиметаболиттер ( фторурацил , циклофосфамил және т.б. ) немесе соматостатинiң синтетикалык аналогтары, сонымен қоса панкреатикалық сөлдің бөлiнуiн шектейтiн нәруызга бай , көмірсулары аз арнайы емдәм тағайындалады . Осы емлеу әдiсi тиiмсiз болған жағдайла наукастарды парентералды қоректендіруге көшiредi , уйкыбездiн экзокриндік кызметiн және асказаннын кышқыл өндіру кызметтерiн басуға бағытталған массивті медикаментозды терапия жасалады. Жергілікті емге - жыланкөздің айналасындағы теріні күту , оның мацерациясынын алдын алу , жыланкөз куысына дренаж енгiзу , ол аркылы жыланкөз iшiндегi заттарды аспирациялау және жыланкөздi антисептик ерiтiндiлерiмен жуу жатады .
Толык жыланкөздер кезiнде хирургиялык ем жасауға көрсеткіштер туады . Ұйқыбездін кұйрык және дене бөлiмдерiнiн жыланкөздерiн емдеудiн негiзгi әдісі - ағзаға дисталды резекция жасау . Жыланкөздiн iшкi тесігі ұйкыбездін бас бөлігінде орналаскан жағдайларда оперативті ем жүргiзу айтарлықтай киындықтар туғызады . Бұндай жағдайда жыланкөздiн кабырғаларын Ру әдiсiмен босатылған аш ішек iлмегiне тiгедi .


1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет