Кеуде клеткасының ашық жарақаттары.
Ашық зақымдану — бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы).
Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады. Созылмалы жарақаттарға көшеген кәсіби жарақаттар жатады (ауыр дене еңбегімен шұғылданатын адамдардың табанының жалпақтың, машинисткалардың тарамыс қынабының қабынуы, кір жуушылардың жаурауы, рентгенологтардың қолындағы қотыр мен жара).
Көкіректің ашық жарақаты - кеуде қабырғасының тері жамылғысының жəне тіндік құрылымының бүтіндігінің бұзылуымен сипатталатын зақымдану.
Кезеңі: ауруханаға дейін.
Кезеңнің мақсаты:
1. Өмірге қауіпті бұзылыстарды жою.
2. Жаранық жəне тереңде жатқан тіндік құрылымдарға жəне ағзаға инфекция түсуінің алдын алу.
3. Зардап шегушіні дереу стационарға жеткізу.
АХЖ коды: S21
Қабыртқа, төс сынуы
(S22.2) Төс сынуы механикалық күштің тікелей əсері нəтижесінен болады. Олар қабыртқаның ортаңғы бөлігінің сынуымен қосарласа жүруі мүмкін. Төс зақымдануы алдыңғы көкірекортаға қан құюлуымен жəне жүрек жарақатымен қосарлануы мумкін.
Саласы: хирургия
Емдік саты: ауруханаға дейін.
АХЖ коды: S 22
S 22. 2. Төс сынуы;
S 22. 3. Қабыртқа сынуы;
S 22. 4. Бірнеше қабыртқаның сынуы.
(S22.4) Қабыртқалардың көп жерден сынуы
Бір немесе бірнеше қабыртқаның ашық немесе жабық сынуы.
Жарақаттың тікелей əсерінен көбіне қабыртқаның көптеген сынулары болады. 4-7-ші қабыртқа жиірек зақымданады. 1-ші немесе 2-ші қабыртқаның оқшауланып сынуы сирек кездеседі. Қабыртқа көп жерден сынғанда көкіректің бүтіндігі бұзылады. Екі жəне одан да көп перпендикуляр сызық бойынша қабыртқаның көптеген сынулары болса, флотацияланған сынықтар пайда болады.
Сынықтардың орналасуына байланысты «қабыртқалық қақпақшалар» түрлеріне бөлінеді:
1. Алдыңғы билатералды флотацияланған сынықтар: (қабыртқалар төстің екі жағынан сынады жəне кеуденің алдыңғы бөлігінің омыртқамен байланысы үзіледі).
2. Алдыңғы бүйірлік флотацияланған сынықтар: (əрбір қабыртқа екі жəне одан да көп жерден (бір жағынан алдыңғы бөлігінен жəне бүйір бөлігінен) сынады.
3. Артқы бүйірлік флотацияланған сынықтар: (қабыртқалардың артқы бөлігі қосарланып біржақты сынады).
4. Артқы билатералды флотацияланған сынықтар: (қабыртқаның артқы бөліктерінің сынығы омыртқа бағанасының екі жағында болады).
Көкірек бүтіндігінің бұзылуына байланысты, оның қимылына қатыспайтын қабыртқа фрагменті пайда болады. Ішкі дем алғанда «қабыртқалық қақпақша» төмен түседі, ал демді шығарғанда көтеріледі, яғни көкірек қабырғасының қимылына парадоксальды қарама-қарсы қозғалады. Нəтижесінде зақымданған жақтағы өкпе толығымен керілмейді. «Қабыртқалық қақпақшаның» парадоксальды ығысуынан зақымданған жақ өкпедегі ауа қысымы дем алғанда жоғары, ал дем шығарғанда төмен болады. Бұл жағдайда дем алып жəне керісінше дем шығарған кезде зақымданған өкпеден ауа біртіндеп сау өкпеге тасымалданады, осыған байланысты «өлі кеңістіктің» көлемі үлкейеді.
Кеуде қуысындағы анықталмаған жəне басқа да ағзалардың жарақаты
Көкірек қабырғасының жəне/немесе бронхөкпелік құрылымның зақымдануы, сонымен қатар плевралық қуысқа ауа кіруі жəне қан құйылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |