73
Басқарушылық ықпал қызметі - жоспарда көрсетілген өнімдерді өткізу
және тауарларды сату тәсілдерін сақтау, сапа талаптарына жауап бермейтін
тауарларды өткізу жағдайында техникалық қызмет көрсету (сервис) іс -
шараларын өткізу жұмыстары бойынша шараларды жүргізуді тұспалдайды.
Бұдан басқа, бұл қызметке өндіріс үрдістеріне қажетті өзгертулер енгізу үшін
нарыққа өткізілген тауардың сапасы жайлы ақпарат жинау, сапаны жақсарту
мүмкіндіктерін шығару, тауар жайлы тұтынушының пікірін талдау шаралары
жатады. Олай болса, өткізілген тауардың сапасы жайлы кез келген ақпараттың
маңыздылығы тауардың келесі жобалануы барысында ескеріледі. Кәсіпорынды
басқару және өткізу жұмыстарын ұйымдастырудың міндеті тауарды жай ғана
өткізу болып табылмайды. Ең негізгі қызметтерінің бірі нарықтық
ақпараттарды мұқият жинау және жобалау барысында алынған мәліметтерді
талдау болып табылады.
Айтылғандарды ескере отырып, кәсіпорында сапаны басқару – бұл
«тұтынушылардың сұранысына жауап беретін және пайдалылық деңгейі
жоғары болып келетін тауарларды жобалау, дайындау және өткізумен
қамтамасыз ететін жетекші қызмет түрі» деп бекітуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: