Диханбаева ф. Т., Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И



Pdf көрінісі
бет49/64
Дата26.01.2023
өлшемі1,2 Mb.
#63057
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64
7. Сапаны басқару жүйесі 
7.1. Өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесі (ӨСБКЖ) сапаны 
басқарудың жүйелік әдістерінің даму нәтижесі болып табылады 
 
50-60 жылдары ойластырылған өнім сапасын басқару жүйесі негізінен 
бірыңғай әдістемелік қағидаттарға негізделген, бірақ әрқайсысы өндіріс 
сипатымен, өндірілетін өнім тізімдемесімен, өндірісті ұйымдастыру және еңбек 
түрлерімен байланысты өзіне тән ерекшеліктерге ие. Сапаны басқару жүйесі 
бұл өнім сапасын басқару барысында материалды – техникалық және 
ақпараттық тәсілдер көмегімен байланысатын басқару органдары мен басқару 
объекттерінің жиынтығы. Өнім сапасын басқару жүйесін ойластыру және енгізу 
тәжірибесі ойластырушылардың жетістігі ретінде ғана қалып отырған, 
сондықтан өндіріске жеткіліксіз түрде баяу таралды.
70 жылдардың басында Мемстандарт мамандары әртүрлі министрлік 
органдарымен және мекемелерімен қызметтесу арқылы өнім сапасын 
басқарудың жалпы қағидаттарын және әдістерін зерттеген және айқындаған.
Бұл сапаны басқару бойынша жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті 
бірыңғай әдістемелікті ойластыруға себеп болды, оның негізін сапа жағдайын 
жүйелі түрде шешетін тәсілдер жиынтығы құрайды. Кәсіпорында жүргізілген 
зерттеулер нәтижесінде кәсіпорын стандарттарының негізінде өнім сапасын 
басқару жүйесінің бірыңғай қағидалы кешені құрастырылды. Жүйе кешенді деп 
аталады, себебі өнім сапасы көптеген факторлар мен жағдайларға тәуелді.
Оның қалыптасуына құрылымдаулық өңдеулерінің прогрессивтілік дәрежесі 
және 
қолданылатын 
шикізаттардың, 
материалдардың, 
жинақтаушы 
бұйымдардың сапасы, жоспарлау жетістігі және технологиялық тәртіптің 
қадағалануы, цехтердің жабдықтары және ынталандыру механизмінің 
икемділігі ықпал етеді. Өнім сапасы кадрларды тиімді түрде таңдау және 
орналастыру, барлық ұжымның еңбегінің ұйымдастырылуы және әрбір 
орындауышның 
сапасымен 
байланысты. 
Өндірістің 
метрологиялық 
қамтамассыз етілуіде, өнімнің аттестациалануыда, бақылау қызметінің 
ұйымдасуыда – өнім сапасына ықпал етеді.
Жүйенің кешенді деп аталуының себебі ол барлық факторлар мен 
жағдайларды басқару іс – әрекеттері арқылы қамтиды да, жоспарланған сапа 
деңгейінің жетістіктерімен қамтамассыз етеді.
ӨСБКЖ өнімді ойластыру, дайындау, айналдыру және пайдалану немесе 
тұтыну барысында өнім сапасының қажетті деңгейін бекіту, қамтамассыз ету 
және қолдауға бағытталған шаралардың, әдістердің және тәсілдердің 
жиынтығынан құралады. Жүйе кешенділігі сапаны барлық кезеңдерде және 
өнімнің барлық тіршілік айналым сатыларында басқаруға мүмкіндік береді – 
зерттеу және жобалау кезеңдерінде; сериялы өндіріс барысында тәжірибелі 
үлгіні дайындау; өнімді айналдыру және өткізу периоды кезінде (сақтау және 
тасымалдау); өнімді пайдалану немесе тұтыну кезеңі. Жүйенің стандарттар 
кешені кәсіпорынның барлық қызмет көрсету бөлімдерінің міндеттері мен 
қызметтерін анықтайды, олардың іс – әрекеттерінің тәртібін бекітеді, оларды 


92 
бір –бірімен байланыстырады. Жүйе сапаны басқарудың барлық деңгейіндегі
орындаушылардың міндеттерін регламенттейді, яғни директордан бастап 
жұмысшыға дейінгі. Ол материалды және ақпараттық қамтамассыз ету, 
жеткізушілер мен тұтынушылар және т.б. қарым – қатынастар секілді 
кәсіпорынның сыртқы байланыс құрылымдарын анықтайды. ӨСБКЖ -де сапа 
жағдайының экономикалық және социалды аспектілерімен байланысты 
мәселелері шешіледі. 
ӨСБКЖ ойластыру барысында ол кәсіпорынның жалпы басқару 
жүйесінде автономды топ бола алмайтын есте сақтаған жөн. ӨСБКЖ 
кәсіпорын арқылы басқару жүйесіне енеді және оның құрылымына сәйкес 
функционалды жүйе асты болып құрылады. Кешенді жүйелерді енгізу 
кәсіпорынды басқару тиімділігіне әсер етеді және сападан басқа өндірістік 
көрсеткіштер жақсарады, жаңа өнім жылдам игеріледі, өзіндік құны 
төмендейді, шығару көлемі артады, еңбек өнімділігі жоғарлайды.
Бақылау сұрақтары: 
1. 
Сапаны басқару жүйесі деген не? 
2. 
Жүйе неліктен кешенді деп аталады 
3. 
Өндірістің 
метрологиялық 
қамтамасыз 
етілуде, 
өнімнің 
аттестациалануыда, бақылау қызметінің ұйымдасуыда неге әсер етеді? 
4. 
ӨСБКЖ немен байланысты болып келеді? 
5. 
Кешенді жүйелерді енгізу неге әсер етәп отырады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет