Диханбаева ф. Т., Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И


ӨСБКЖ құрылымының мақсаты, міндеті және негізгі талаптары



Pdf көрінісі
бет50/64
Дата26.01.2023
өлшемі1,2 Mb.
#63057
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64
7.2. ӨСБКЖ құрылымының мақсаты, міндеті және негізгі талаптары 
ӨСБКЖ кәсіпорынды басқару жүйесінің арнаулы жүйе асты болып 
табылады және өнім сапасын басқару барысында бір – бірімен материалды – 
техникалық және ақпараттық амалдар көмегімен байланысатын басқарма 
органдары мен басқарма объекттерінің жиынтығы болып көрсетеді.
ӨСБКЖ басқармасының объекттері өнім сапасы және оған әсер ететін 
факторлар мен жағдайлар болып табылады. 
Басқарма органдары – сапаны басқару қызметтері және бөлімдері, 
дирекция, қоғамдық органдар. ӨСБКЖ тұтынушыларды толық қанағаттандыру 
үшін өнім сапасын жақсарту мақсатында кәсіпорын ұйымдарын жетілдіру үшін 
арналған.
ӨСБКЖ мақсаты өнімнің тіршілік айналым кезеңдері бойынша 
деталданады және өнімнің тіршлік айналымының кезеңдері мен сатыларының 
іс жүзіне асу мақсатында кәсіпорынның қатысуына байланысты анықталады.
ӨСБКЖ қызмет етуі бағытталған:
- кәсіпорынның берілген мерзімінде жаңа өнімді ойластыру және 
меңгеру; 


93 
- сапалық және физикалық ескірген технологиялық жабдықтарды 
кәсіпорыннан уақытылы алып тастау; 
- өнім сапасының экономикалық лайықты деңгейін анықтау; 
- өнімді ойластыру және өндіру барысында табиғи қорларды тиімді 
қолданумен қамтамассыз ету; 
- өнімді дайындау барысында өнім сапасының бекітілген деңгейінің 
тұрақтылығын қамтамассыз ету; 
- тұтынушыға дейін жеткізу, тасымалдау, сақтау барысында дайын өнім 
сапасын сақтау. 
Өнім сапасын басқару кәсіпорындардың, цехтердің (бөлімдердің), 
бөлімшелердің, бригадалардың, жұмыс орындарының бірігу деңгейі арқылы іс 
жүзіне асады. Осыған байланысты ӨСБКЖ ойластыру және қызмет ету 
барысында қажет:
- ӨСБКЖ басқа мақсатты жүйеастымен байланысын қамтамассыз ету; 
- өнім сапасын жақсарту бойынша мақсаттар мен міндеттерді анықтау 
және басқарудың әрбір деңгейінде өнім сапасының көрсеткіштерін бекіту; 
- өнім сапасын басқару координациясын қамтамассыз ету. 
ӨСБКЖ ойластыру және енгізу барысында кәсіпорынның барлық қызмет 
орындарының және бөлімдерінің, өндіріс үрдісін жүргізетін барлық 
қызметкерлердің жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру қажет. ӨСБКЖ – де 
басқаруды жүргізуге арналған жалпы мақсаттардың бөлінуі және өндірістің 
соңғы және аралық міндеттері иерархиялық құрылымға реттелуі (мақсат 
ағашы) секілді мақсатты амалдар жүзеге асу қажет. 
Жүйенің құрылымы мен құрамы келешекте өзінің жетілу мүмкіндіктерін 
бұйым сапасына деген тұтынушының талаптарын жүйелі түрде зерттеу; 
техника мен технология дамуының ғылыми – техникалық болжамдары; 
технология, ұйымдастыру және өндірісті басқару салаларындағы соңғы ғылыми 
жетістіктерді уақытылы енгізу жайлы мәліметтер негізінде қарастыру керек. 
Бақылау сұрақтары: 
1. ӨСБКЖ басқармасының объекттері нелер болады? 
2. Басқарма органдарына нелер жатады? 
3. ӨСБКЖ мақсаты не? 
4. ӨСБКЖ қызмет етуі бағыттары. 
5. ӨСБКЖ ойластыру және қызмет ету барысында қажет болатын 
факторлар. 


94 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет