Өнім сапасын құқықтық қамтамасыз ету ӨСБКЖ барлық элементтері
Ресей Федерациясының заңнамаларына толық сәйкестікте қызмет атқаруын
ұйымдастыруға бағытталған.
Бұл қызметтерді жүзеге асыру үшін қажетті шаралар:
- дайындалатын НҚ заңнамалар талабына сәйкестігін тексеру;
- тапсырыстарды рәсімдеу және өндірістің сапалы шикізат, материалдар,
жартылай дайын өнімдер, жиынтық бұйымдар, құрал-жабдықтар, жарақтар,
саймандар жеткізу тәртібін бекіту;
- сапасы нашар, жиынтықтарсыз өнімдер жеткізгені немесе оларды
жеткізбегені үшін наразылықтар мен талаптар жайлы мәліметтерді рәсімдеу
және заң қызметіне беру тәртібін бекіту.
ӨСБКЖ ақпараттық қамсыздандыру өнімнің тіршілік айналымының
барлық сатысында оны сипаттайтын техникалық деңгейі мен өнім сапасы,
өндіріс бөлімшелеріндегі еңбек және жеке жұмысшылардың сапасы жайлы
негізделген және шынайы мәліметтерді жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау және
басшылар мен басқару ұйымдарын сол мәліметтермен уақытылы қамтамассыз
етуге бағытталған.
Ғылыми-техникалық өрлеу жағдайында, шаруашылық байланыстарының
күрделенуі кезінде, негізделмеген шешімдер үлкен шығындарға әкелген
жағдайда ақпараттық қамсыздандырудың мағынасы арта түседі. Мәліметтердің
ретсіздігі басқару шешімдерін дәлдігі мен шапшаңдығын, олардың тиімділігін
төмендетеді.
Тұтынушы мен жеткізушінің өнім сапасы бойынша кәсіпорын
арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру мыналарға бағытталған:
- өнімді жөндеу және пайдалану үшін құжаттарды дайындау;
- тұтынушылыарға өнімді игеруге және қалпына келтіруге көмек көрсету;
- өнімді пайдалану кезіндегі оның сапасы жайлы ақпараттарды жинау,
өңдеу және талдау;
- өнімді пайдалану нәтижелерін ескере отырып оның сапасын
жоғарылатуға бағытталған шараларды дайындау;
- дайын өнімді кірістік бақылау әдістері, жинақтаушы бұйымдар,
материалдар және шикізаттар жайлы жеткізушілермен келісу;
- дайын өнімді, жинақтаушы бұйымдар, материалдар және шикізаттар
сапасы бойынша есеп айырылысу және тәртібін орнату.
99
Өнім сапасы бойынша өндірісішілік есептер мен есеп берулер негізді
басқару шешімдер қабылдау мүддесінде әртүрлі деңгейдегі басшылықтарға
есеп беру үшін өнімнің және бөлімшелер мен жеке жұмысшылардың нақты
сапасы жайлы мәліметтерді жүйелі тіркеуге бағытталған.
Өндірісішілік есептер мен есеп берулерге келесілер тиесілі: өнімнің жаңа
түрін ойлап табу кезеңдерін орындау; өнімнің жаңа түрлерін игеру және өнім
сапасын жақсартуға бағытталған шаралар; аттестаттау нәтижелері; ақау және
ақаудан келетін шығындар; рекламациялар; еңбек сапасы; түзетуден кеінгі
қайтарулар (басқа цехтар мен тұтынушылардан); өндірістік және құрылымдық
себептерге байланысты өнімнің ақаулығы мен бас тартулар; ӨСБКЖ зерттеме
жасау , енгізу, жұмыс істеу және жетілдіру кезеңдері; технологиялық тәртіптің
сақталыуын тексеру және технологиялық жабдықтардың дәлдікке тексерілу
нәтижелері.
Технико-экономикалық талдау өндірістің сапаны жақсарту жөніндегі
бөлімшелерінің және өндіріс қызметінің түпкі нәтижесін анықтауға, сонымен
қатар бөлімшелерінің қызметін бағалауға бағытталған. Технико-экономикалық
талдау ӨСБКЖ тиімділігін анықтаудың негізі болып табылады.ӨСБКЖ негізгі
қызметтері 15-суретте көрсетілген.
Кәсіпорынның
ӨСБКЖ
шеңберіндегі
қызметтер
саны өндіріс
ерекшелігіне қарай нақты жағдайларға және өндіріс қарқынына байланысты
толықтырыла және нақтылана алады. Сапаны басқару жүйесінде терең талдау
жасау үшін келесі қызметтер атқарылады: тұтынушы мен жеткізушінің өнім
сапасы бойынша кәсіпорын арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру;
өнім сапасы бойынша өндірісішілік есептер мен есеп берулер; өнім сапасын
жақсартуды технико-экономикалық талдау, еңбек қызметін ұйымдастыру.
Жүйенің құрамы, құрлымы мен қызметі кәсіборынның көлемімен,
мамандану және қауымдасу деңгейімен айқындалады. Шығарылатын өнімнің
сипаты тұрақты бола алмайды, өйткені өнім сапасын басқарудың кешенді
жүйесінің принциптерінің бірі жаңа міндеттерді ескере отырып оны үнемі
жетілдіру болып табылады.
Қазіргі таңда ӨСБКЖ өнімді тұтынушы, шығарушы, жеткізуші мен
бақылаушы орган арасындағы қарым-қатынасты ескеретін халықаралық ИСО
стандарттарының 9000 топтамалары шеңберінде жетілдіріліп жатыр.
100
15 сурет. ӨСБКЖ негізгі қызметтері
Дайындау, қаптау, тасымалдау және
өткізу кезіндегі ӨСБ тұрақтылығын
ұйымдастыру
10
Өнім сапасын арттыруды ынталандыру 11
Өнім сапасын бақылау және сынақ
жүргізу
12
Стандарттарды, техникалық шарттар
мен өлшеу құралдарын енгізу
жұмыстарын мемлекеттік қадағалау
және ведомстволық бақылаудан кейінгі
шараларын атқару және зерттемесін
ұйымдастыру
13
ӨСБ құқықтық қамсыздандыру
14
ӨСБ КЖ ақпараттық қамсыздандыру
15
Тұтынушы және өнімді жеткізушімен
өндірістің сапа бойынша қарым-
қатынасын ұйымдастыру
16
ӨС бойынша өндірісішілік есепке алу
және есептілік
17
ТЭА
улучшения КП
ӨС
ТЭА
жақсарту
18
Еңбек қызметін ұйымдастыру
19
1 Өнім сапасы мен техникалық
деңгейдегі сұраныстарды болжау
2 Өнім сапасын жоғарылатуды
жобалау
3 Өнім сапасына талаптарды
нормалау
4 Өнімді аттестаттау
5 Зерттемені және өнімнің өндіріске
қойылымын ұйымдастыру
6 ӨС технологиялық
қамсыздандыруды ұйымдастыру
7 ӨС метрологиялық
қамсыздандыруды ұйымдастыру
8 ӨС материалды-техникалық
қамсысыздандыруды
ұйымдастыру
9 ӨСБ (УКП) саласындағы
мамандарды дайындау мен
біліктіліктерін жоғарылатуды
ұйымдастыру
ӨСБКЖ
Зерттеу және
жобалау
Өнімді
дайындау
Айналым
және өткізу
Пайдалану
немесе тұтыну
Сапаны басқарудың арнайы қызметтері
ӨСБКЖ өнімнің тіршілік айналым кезеңдері
101
Достарыңызбен бөлісу: |