Диханбаева ф. Т., Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И



Pdf көрінісі
бет53/64
Дата26.01.2023
өлшемі1,2 Mb.
#63057
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64
Өнім 
сапасының 
материалды 
– 
техникалық 
қамсыздандыру 
жұмыстарын ұйымдастыру – кәсіпорынды шикізатпен, материалдармен және 
т.б. жоспарлы, бір қалыпты, кешенді түрде жабдықтауға бағытталған.
Өнім сапасын жақсарту саласында қызмет атқаратын кадрлардың 
біліктілігін дайындау және жоғарлату жұмыстарын ұйымдастыру барлық 
дәрежедегі жұмыскерлерді өнімді дайындаудың жетекші әдістерімен, сонымен 
бірге стандартизация негізінде сапаны басқару негіздерін уйретуге бағытталған. 
Салалы біліктілікті көтеру институтарында жүргізіледі. 
Ойластыру, дайындау, қаттау, тасымалдау, өткізу және тұтыну (пайдалану) 
барысында өнім сапасын басқарудың тұрақтылығын қамсыздандыру халық 
шаруашылығының талаптарына сәйкес келетін жоғарғы дәрежедегі сапалы 
өнімді шығаруға, өндіріс ұйымын жетілдіруге және басқаруға, өндірістің бір 
қалыптығын қамсыздандыруға, прогрессивті технологияны қатал қадағалауға; 
өнім сапасының деңгейін сақтау және қалпына келтіру жағдайын түзуге 
бағытталған.
Өнім сапасының жоғарлауын ынталандыру жоғарғы сапалы өнім шығару 
мақсатында рухани және материалды тұрғыдан ынталандыру, сонымен бірге 


97 
жауапкершілікті арттыру арқылы кәсіпорын жұмыскерлерінің қызығушылығын 
жоғарлатуға бағытталған. 
Кәсіпорында экономикалық ынталандырудың көзі экономикалық әсер 
болып табылады, ол жоғарғы сапалы өнімді шығару және пайдалану 
нәтижесінде пайда болады. Кәсіпорын жұмыскерлерін материалды және рухани 
ынталандыру дайын өнімнің сапасын және әр бөлім мен жеке жұмыскердің 
еңбек сапасын бағалау негізінде іс жүзіне асады. Ынталандыру өндіріс көлемі 
бойынша жоспарланған көрсеткіштерді, өнім сапасы, материалды қорларды 
тиімді пайдалану есебін ескере отырып еңбек өнімділігінің өсуі шартсыз 
орындау барысында іс жүзіне асады. 
Өнімді сынау және сапаны бақылау келесі шараларды жүргізуге 
бағытталған: 
- НҚ талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің шығуын алдын алу;
- өнімдерді сынау және бақылау тәжірибесіне жаңа техникалық құрал – 
жабдықтарды, жетілген өнім сапасын бағалау әдістерін, автоматизацияны және 
есептеу техникаларын ойластыру және енгізу; 
- өнім сапасының техникалық бақылауын жүргізу; 
- технологиялық тәртіптің қадағалануын бақылау; 
- бақылау әдістерін және ұйымдастыруды жетілдіру; 
- ведомстволық бақылаудың нәтижесі және оларды орындау бойынша 
шараларды дайындау; 
- ведомстволық бақылау нәтижелері бойынша технологиялық үрдістердің 
ауытқуларын талдау және есептеу; 
- өнім сапасының динамикасын талдау және есептеу;

кәсіпорынға түсетін материалды қорлардың кіріс бақылуын 
ұйымдастыру; 
- толықтырушы бұйымдарының сапасы бойынша жеткізушілермен 
жұмыс; 
- ортақ стандарттарды дайындау және енгізу; 
- өнім сапасының ведостволық тексерісі бойынша жылдам шешімдер 
қабылдау және шараларды дайындау. 
Мемлекеттік және ведомствалық бақылау нәтижелері бойынша 
шараларды атқару. Бұл қызмет келесі шараларды орындау арқылы жүзеге 
асады: 
- стандарттар мен техникалық шарттардың уақытылы енгізілуі мен 
орындалуын қадағалау; 
- НҚ көрсетілген өнім сапасына, оны өндіру технологиясына, еңбек 
қауіпсіздігін және жағдайын жақсартуды қамсыздандыруға қойылатын 
талаптардың бұзылуының алдын алу және қиылысуы, стандартизация және 
метрологиялық қамсыздандыру саласында НҚ енгізу және қадағалау бойынша 
кәсіпорынның, ұйымның және мекеменің жауапкершілігін арттыру; 
- мемелекеттік бақылау ескертпелерін ескере отырып өндірістік өнімді 
аттестаттау жұмыстарын жүргізу; 
- ӨСБКЖ дайындау, енгізу, қызметін тексеру; 


98 
- бұйым сапасына тұтынушылардың наразылықтарын (арыз, айыппұл) 
талдау және бақылау нәтижелерін ескере отырып шығарылатын өнім сапасын 
бағалау; 
- тұтынушылардың наразылықтарының және бұйымның НҚ талаптарына 
сәйкессіздігі себептерін анықтау; 
- мемлекеттік тексеріс нәтижесінде байқалған технологиялық үрдістен 
ауытқу себептерін есепке алу және талдау; 
- тексеру кезінде айқындалған жетіспеушіліктердің себептерін жоюға 
қатысты шаралар мен ұсыныстарды дайындау, оларды жою мерзімі мен оған 
жауапты тұлғаларды бекіту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет