Диктанттар жинағы (9-11 сыныптар үшін) Құрастырған: Кизембева. А. Б тараз – 2017


Тапсырма: Жатыс септігінде тұрған сөздерді теріп жазыңдар.   Бақылау диктанты



бет4/8
Дата17.11.2022
өлшемі1,03 Mb.
#50773
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
диктант

Тапсырма: Жатыс септігінде тұрған сөздерді теріп жазыңдар.
 
Бақылау диктанты
ТАЗАЛЫҚ

Ішкен тамақтарымызбен бірге асқазан, ішектерімізге микроб түсуі де мүмкін. Олай болса, тамақ дайындағанда, оны ішкенде, тазалық сақтаудың маңызы өте зор.


Тамак ішер алдында қол жууды ұмытпаңдар, оны әдетке айнал-дырыңдар.
Шыбын, тарақан, тышқан сияқты жәндіктер де өте қауіпті. Шыбын ұшып жүріп кез келген жерге қонады. Шыбын қоқыс салынған, тамақтың қалдығы жиналған жәшіктер, мал қораларының маңайында жүреді. Шыбын қонған жерлерінен қанатына, бауырына лас микробтарды жұққызады да, екінші бір жерге қонғанда, микробтарды сонда тастап, жүрген жерлерін ластап, ауру туғызады. Шыбын—зиянды жәндік. Сол сияқты — тарақан, тышқандар да шаң-тозаң, лас жиналған жерлерде болады. Олар да аяқтарына жабысқан микробтарды тасымалдаушылар деп есептеледі. Сондықтан үйде шыбын, тарақан, тышқан, түрлі ұсақ жәндіктердің болмауы үшін күрес жүргізіңдер. Үсті-бастарыңды таза ұстап, беті-қолдарыңды уақтылы жуып, үнемі қол орамал ұстап журуді әдетке айналдырыңдар. Тамақ ішкен ыдыс-аяқтарды дереу жуып қою керек. Азық-түлік және ыдыс-аяқтар жабық ұсталуы тиіс. ("Денсаулық" журналынан.)(135 сөз.)
Грамматикалық тапсырма: Алтыншы сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талдаңдар.

Түсіндірме диктант
ҮНЕМШІЛДІК
Үнемшілдік дегеніміз — сараң болу емес. Сараң адамдар табысын ешқашанда біреумен бөліспейді. Олар тіпті өздерінің үлестерін кейде жасырады. Өзгелерді ешқашан мақтамайды.
Сараңдық дегеніміз — жақсы қасиет емес. Сараң болу дегеніміз — болашаққа кең өріс ашудың орнына, қолында бар нәрсені жасырып, тәуекелге бел буа алмау.
Үнемшілдік ұғымы тәуекелдікке байланысты. Теледидар алдынан аулақ кетіп, болашақта саған көп пайда әкелетін іспен айналысу үшін өз еркіңді бағындыра білу — тәуекелдік. Үнемшілдік дегеніміз — сенің өз уақытыңды дұрыс ұйымдастырып, ойға алғанның барлығын болмаса да, көпшілігін тындырып тастауға үлгеру үшін, күшіңді шапшаң, жұмсай білуді де білдіреді. (85сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет