Диктанттар жинағы (9-11 сыныптар үшін) Құрастырған: Кизембева. А. Б тараз – 2017



бет6/8
Дата17.11.2022
өлшемі1,03 Mb.
#50773
1   2   3   4   5   6   7   8
Грамматикалық тапсырма: Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жаз.

Еркін диктант
АҚСҮЙЕК

Ай сүттей жарық түндерде, жаздыгүні қыз балалар мен ер балалар араласып, «ақсүйек» ойынын ойнайды. Мал келіп, қораланып болғаннан кейін, күзет түрінде ауыл шетінде ойын басталады. Ойынға ертеде ірі қараның жілігі пайдаланылған. Соған орай ойын да "Ақсуйек" аталган.


Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Бастаушы ақсүйекті әуелетіп лақтырады. Басқалар ай сәулесіне шағылыса жарқылдаған ақсүйек-тен көз алмай, қай шамаға түскеннін бақылайды. Ақсүйек жерге түскен соң, бастаушы: «Ал іздеңдер!» — деп бұйырады. Бәрі іздейді. Ақсүйекті тапқаны: «Мен таптым!»— деп айқайлайды да, ақсүйекті жоғары көтереді. Содан соң сөреге қарай жүгіре жөнеледі. Қарсыластары оны ұстап алулары тиіс. Ұсталып қалса, ақсүйекті соған береді. Ол әрі қарай жүгіреді. Сөйтіп, ақсуйекті қай топтың ойыншысы сөреге жеткізсе, сол топ жеңеді. Қарсы топтағылар жеңілген есебінде ән салып береді, күй тартады, т.б. өнер көрсетеді. Ойын кезінде басқа сүйекті пайдалануға болмайды. ( «Қазақтың ұлттық ойындары» кітапшасынан.)(124 сөз.)

Тапсырма: Қыстырма сөздерді белгілеңдер.

Түсіндірме диктант
КҮЙШІ ТӘТТІМБЕТ
Тәттімбет Қазанғапгұлы — күйші, сазгер. Ол Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданында туған.
Тәттімбеттің қырықтан астам күйі бар. Олар: «Қосбасар», «Сар-жайлау», «Сылқылдақ», т.б.
Тәттімбеттің «Саржайлау» күйі табиғаттың әсем суретін көз алдыңа елестетеді. Күй табиғаты лиризмге толы. Тәттімбет күйлерінде, негізінен, өмір, тағдыр, алыс арман, үміт пен өкініш баяндалады.
Оның шығармасының ең биік шыңы — «Көкейкесті» күйі. Бұл күйді өзі науқастанып жатқанда көңілін сұрай келген ел азаматтарына арнап тартқан. «Көкейкесті» — өте күрделі шығарма. Тәттімбет күйлерінің әркайсысының шығу тарихы бар.
1855 жылы наурыздың 24-інде Ресей патшасы II Александрдың таққа отыру тойында Тәттімбет өнерпаз ретінде Арқа казақтарының өкілдерімен бірге Петербургке барады. Осы сапарында Петербургтің өнер сүйер қауымының назарын аударып, күміс медальға ие болады. («Ақ желкен» журналынан.(101 сөз.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет