Диктанттар жинағы (9-11 сыныптар үшін) Құрастырған: Кизембева. А. Б тараз – 2017


Тапсырма: Көмектес септігінде тұрған сөздерді теріп жазыңдар. Бақылау диктанты



бет5/8
Дата17.11.2022
өлшемі1,03 Mb.
#50773
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
диктант

Тапсырма: Көмектес септігінде тұрған сөздерді теріп жазыңдар.

Бақылау диктанты
БАЛУАНДАР
... Бұрын мұндай күшке кездеспеген түйе балуанның ашудан бетіне түгі шықты. Нұрмағамбетті езіп тастауды ойлаған ол, денесінің әр тұсынан ұстап еді — темірге тигендей батпады. Бұлтыңдап ойнаған бұлшық еттері уысын кейін серпіп жіберді. Денесін қапсыра көтеруге келтірмейтінін көрген соң, түйе балуан құшағын айқастырып алып, олай да, бұлай да бұрады. Кейде ұршықтай үйіріп алып та кетті, бірақ қалай сілтесе де тік түсетін бір тамаша!
Ызаланған түйе балуанның самайынан тері, аузынан көбігі ақты. Енді жағадан алып үйіруге ойлаған кезде, Нұрмағамбет оның ішіне кіріп кетіп, түйедей денесін иыққа салып, арқалай жөнелді. Сол қалыппен бұлқынған балуанды босатпай, арқалап жүріп, үйіріп-үйіріп сылқ еткізіп шалқасынан тастап кеп жіберді. Құлаған балуанның салмағынан жер солқылдағандай болды. Нұрмағамбет ор қояндай ойнақтап, халыққа қарай жайнаңдай жөнелді. Түйе балуан жығылған орнынан тұра алмай калды. (С. Мұқанов. «Балуан Шолақ».(11Зсөз.)

Грамматикалық тапсырма: «Күшті» сөзіне синоним сөздерді жазыңдар.

Бақылау диктанты
ЖІБЕК ЖОЛЫ
Жібек жолы біздің заманымызға дейінгі II ғасырдан бастап керуен жолы ретінде қолданыла бастады. Қытай мен Батыс елдерін байланыстыратын бұл жол — Жетісу.
Сауда жолының бойын (б.з.д.) VIIIVII ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі сақ тайпалары мекендеген. Біздің заманымызға дейінгі I ғасырдың соңында мұнда Рим әйнегі және ақшасы, Қытай жібегі, айнасы мен жалтыр ыдыстары, еуропалық, ирандық мүліктер келіп жеткен.
Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария өзендерінің бойларында Тараз сияқты түрлі қалалар мен кенттер (қалашықтар) пайда болды. Оларды салған жергілікті егіншілікпен айналысатын халықтар еді.
VII ғасырда Жібек жолы бұрынғыдан да жандана түсті. Жетісуда қалалар көбейді. Жібек жолының бойында Суяб, Испиджап сияқты ірі орталықтар, елді мекендер пайда болды.
Жібек жолы XIV ғасырға дейін өмір сүрді. Содан кейін болған соғыстар қалалардың қирауына, елдердін азып-тозуына әкеліп соқтырды. Теңіз жолдарының ашылуы да Жібек жолының мән-маңызын әлсірете түсті. (127 сөз.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет