Диктанттар жинағы (9-11 сыныптар үшін) Құрастырған: Кизембева. А. Б тараз – 2017



бет2/8
Дата17.11.2022
өлшемі1,03 Mb.
#50773
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
диктант

4. Шығармашылық диктантта оқушылар тақтаға жазылған жеке сөздер мен сөйлемдерді қатыстырып, сөйлем немесе шағын мәтін құрайды. Тақырып қойып, ойларын өз сөздерімен жазу талап етіледі.
5. Еркін диктантта оқушылар өздері оқыған мәтіндерінің мазмұнын өз сөздерімен айтып жеткізеді немесе мұғалім мәтінді алдымен өзі оқып шығады да, мазмұнын оқушыларға айтқызады. Содан кейін оқушылар оны өздігінен жазуға кіріседі. Мұнда мәтін сөздерін толық сақтап жазу міндет емес.
6. Сөздік диктантта жеке сөздердің мағынасын терең түсінуі мен оның дұрыс жазылуын меңгеруі көзделеді. Онда оқушыларға орфографиялық немесе фонетикалық жағынан ауырлық келтіріп жүрген сөздерге ерекше назар аударылады.
7. Диктанттың ендігі бір түрі — бақылау диктантыБақылау диктантында мәтіндік құрылымы мен құрамы толық сақталып орындалады. Бақылау диктантын арнайы сабақ ретінде жүргізуге болады. Онда оқушы оқу бағдарламасының ағымы бойынша тиісті мақсатқа сай (орфографиялық, пунктуациялық, т.б.) бүкіл сабақ бойы диктант жазып, өзінің дайындық деңгейін көрсетеді. Оның көлемі — орташа оқу мәтінінің 40 пайызындай. Мысалы, 1-сыныпта — 30—40 сөз, 2-сыныпта — 50 сөз, 3-сыныпта — 60 сөз, 4-сыныпта — 70 сөз, 5-сыныпта — 80 сөз, 6-сыныпта — 90 сөз, 7-сыныпта —100 сөз, 8-сыныпта — 110сөз, 9-сыныпта —120сөз, 10-сыныпта — 130 сөз, 11-сыныпта — 140 сөз.

Еркін диктант
БІРЖАН ӘНДЕРІ

Біржан Дожағұлұлы тендесі жоқ әнші, әрі сазгер, әрі ақын болған. Бала кезінен ән салып, аты шыға бастайды. Жиырма жасында ән шығарған.


1865 жылы ұлы акын Абаймен кездеседі. Бұл кездесу оның саз-герлік, әншілік, ақындық өнерінің дамуына әсер етеді.
Біржан салдың нәзік лирикасы тындаушысын бірден баурап алатын болған. Оның лирикалық туындылары: "Ақ тентек", "Айтбай", "Біржан сал", "Көкек", "Ғашығым", "Алтын балдақ", т.б.
Біржан сал шығармашылығында жүйрік ат елеулі орын алады. Жел жетпейтін жүйрік Ақсеркеш, Телқоңыр, Сұржорға, Бурылтай — Біржан салдың лирикалық әндерінің кейіпкерлері.
Біржан салдың "Ләйлім шырақ", "Көлбай—Жанбай", "Ақ тентек" сияқты шығармалары достық, әзілге, назға толы.
Біржан сал — заманның озбырлығына асқақ әнімен қарсы тұрған суреткер. Оның "Жанбота", "Адасқақ" әндері сол заманның азулы өкілдеріне қарсы кектен туған. ("Ақ желкен" журналынан.)

(109 сөз.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет