120
кейде ойлы әзіл жататын «Шеткері үй» повесі мен «Ақырғы аялдама»
әңгімесін арнайы сөз ету орынды болмақ деп ойлаймыз.
Осы екі шығарманың өміртанытушылық проблематикасында әлдебір
байланыс бардай көрінеді бізге. Бұл шығармаларда кейіпкерлердің
субъективтік
болмысын терең зерделей отырып, жалпы адам тағдырына
алаңдаушылық бар екені анық. Ерке жастық пен еркін тірліктің буына елтіп,
ақырында жалғыздықтың тауқыметін тартқан Зуһра мен өмір бойы қатаң
тәртіпті ұстанғанымен, қай тұста қапы жіберіп, өмірдегі сыбағасынан құр
қалғанын кеш ұғатын Бисенов тағдыры оқырманды ойлантпай қоймасы хақ.
Кей пенденің тірліктен бұйырғанын алдым деп жүріп,
уақытында мән
бермей, енді жас ортасы таянғанда көп нәрсені кеш ұғынатын әдетін,
қателіктердің опық жегізер нәтижесіне меңзейтін өмірлік мәселелерді көтеріп
отыр автор.
Екі шығарманың атауында да символдық астар бар. Неге
Достарыңызбен бөлісу: