Дилфизо мен Донада Дилфизо Киматшох Донада Кеннет Көктем. Дилфизо



бет1/9
Дата10.04.2023
өлшемі42,26 Kb.
#80975
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ольга Малышева
Орыс тілінен аударған: Алишер Рахат
Дилфизо мен Донада

Дилфизо
Киматшох
Донада
Кеннет

Көктем. Дилфизо
Бадам кеш гүлдеді. Наурыздың соңына таман. Оның иісі қолқаны қапса да, сондай тәтті еді, тіптен ішуге болатындай. Дилфизо тұрмысқа шығатын күні бадам дәл солай аңқып тұрған еді.
Дилфизо. Бұл өте ауыр жұмыс. Күнімен-түнімен аяғыңа тік тұрып істейсің. Ары-бері шапқылайсың да, жүресің. Бітпейді. Негізі мұндай жұмысты жалғыз істемейді. Бірақ мен үйреніп қалдым.
Донадо. Жаныңда мен бармын ғой. Кел, көмектесейін.
Дилфизо. Жарайды. Бірақ мен өзім істеп үйреніп қалғанмын.
Донадо. Мен де жалғыз істеуге үйреніп қалыппын.
Дилфизо. Есесіне, бәрі біткенде кеудеңді қуаныш кернейді. Балалардың да, қарттардың да... Шаршағаныңды да сезбей қаласың. Жақсы дәстүр ғой. Барлық дәстүр жақсы. Үлкен әжем солай істеген, әжем де, анам да, енді мен де істеп жүрмін.
Донадо. Мен әжемді көре алмадым. Әйтеуір, мамамнан ол кісінің сұлу әрі әділ болғанын естігенмін. Мамамның інісін өмірге әкелерде қайтыс болыпты.
Дилфизо. Әже деген – ол әкеңнің анасы. Әжем бар, атам, әкем, анам, әкемнің бауырлары және олардың әрқайсының әйелдері, олардың балалары бәріміз бірге тұрдық. Үйіміз үлкен еді.
Донадо. Біздің де үйіміз үлкен болды. Сосын көк шалғын жеріміз болды. Көктемде бәрі көгеріп, құлпырып кетуші еді. Тек үйден алыс кетуге болмайтын.
Дилфизо. Қазір ғой, ешкім қалмағаны. Біреуі қайтыс болды, біреуі көшіп кетті.
Донадо. Соғыстың кесірінен бе?
Дилфизо. Алдымен соғыстың зардабынан. Сосын жоқшылықтың кесірінен. Соғыс пен жоқшылық қашанда қатар жүреді ғой. Соғыстан жоқшылық туады, жоқшылықтан соғыс шығады.
Донадо. Бай болу үшін соғысады.
Дилфизо. Өзімен өзі болу үшін соғысады. Шаршадың ба? Әкел, мен араластырайын.
Донадо. Жоқ, мен үйреніп қалдым. Дәмі қандай екенін айтшы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет