Күз. Дилфизо. Құр жүрген ешкім жоқ. Бәрінің айналысар ісі көп. Қаласаң қарап тұр, болмаса көмектес. Бір жерде пеш жанып жатыр. Ыс сасиды, тура Дилфизо күйеуін соңғы рет көрген күнгідей. Дилфизо. Көктемнен бастап қоңыздарды кептіріп қою керек еді. Айнадай жып-жылтыр, әп-әдемілерін ұстап алу керек. Бір жерге салып, қамап, өлгенін күту керек. Сосын майдалап турайсың. Сонда қазір ашық көк қанатың болушы еді.
Донада. Көк қарға болмайды ғой.
Дилфизо. Көк қарғасы несі?
Донада. Қолдап, қорғап жүретін. Қауіпті ескертетін. Шейіт болмай, аман оралатын.
Дилфизо. Дұрыс айтасың. Тауыстың қанаты қолдап қоршап жүреді. Көкпеңбек. Әп-әдемі. Сосын қып-қызыл анар, мынау, ішіңде тұрса... Балалы боласың.
Донада. Болған.
Дилфизо. Менде де болған.
Донада. Күйе жағып қоямын. Қарға қолдап-қоршап, аман есен оралуына жәрдемдеседі.
Дилфизо. Тірі оралуы үшін... Мен неге екенін енді түсіндім. Анар өзі қызыл, бірақ онымен жіпті боясаңыз сары түс шығады. Ал қызыл болу үшін, арнайы тамыр керек.
Донада. Саусағыңа ине кіріп кетсе, қызыл болады.
Дилфизо. Оймақ тағып алсаң, ине кірмейді.
Донада. Көрсетші.
Дилфизо. Міне былай. Мынаған тағасың, сосын итересің. Ауырмайды. Жақында үйрендім. Бұрын саусағымды ине тесіп-тесіп тастап еді. Кір жуғанда, ыстық сумен күйдіргендей ашытатын.
Донада. Қолымнан келді.
Дилфизо. Осылай бәрі оңай болса ғой.
Донада. Үнемі бәрі оңай бола бермейді. Бірақ Құдай жәрдемдеседі.
Дилфизо үндемейді. Донада. (Әндетіп)
И каркнул ворон: летим куда? /Сонда Қарға «қайда ұшамыз» деп қарқ етті.
Нужна на завтрак нам еда! /Бізге таңғы асқа тамақ керек еді.
Вон там, на зелёном поле лежит /Әне, анау көк шалғында жатыр,
Убитый витязь, щитом накрыт. /Қалқанның астында өлі жауынгер еті.
У ног его верные псы лежат, /Аяғына оралып, жатыр екен адал иті
Его, как живого, они сторожат. /Тірі деп ойлай ма, күзеткен қожайынын?
И соколы реют вокруг него, /Сұңқарлар жүр айнала ұшып
К нему не подпустят они никого. /Мәйітке ешкімді жолатпай.
Дилфизо. Ұзақ уақыт бойы одан бірде бір хабар болмады. Балалар қайта-қайта әкеміз қайда деп сұрай береді. Не дерімді білмеймін, өйткені оның қашан келетінін, енді қалай күн көретінімізді өзім де білмеймін. Туыстарымнан бірдеңе сұрауға қысылдым. Солайша, балалармен өзім қалдым. Анда-санда біреуге көмектесіп шай-тұзымызды ажыратамын. Біреуге тамақ дайындап берем, біреудің үйіне көмектесем. Кейде ақшалай береді, кейде азық-түлік береді.
Оның адам өлтіріп қойғанын естідім. Өлтіргенде, құрылыста жазатайым оқиға болған ба, бірдеңе. Бірақ, күйеуімнің кесірінен солай болды деп оны айыптапты. Енді оны соттап жатыр. Соты ұзақ болып кетті. Не болатыны түсініксіз.
Бауыры барып қайтқан. Күйеуімді тапқан, сөйтсе, оны түрмеге қамап тастапты. Жеті жыл берген. Ешқандай хабар ала алмай отырмыз. Жападан-жалғыз қалдық.
Күйеуі тірі жесір атандым. Ондай күйеуді неғыламын? Кешкі базарда ондай еркектер бес сомонидан тұр.
Бірақ... Сонда да оның кісі өлтіргеніне сенбедім. Ол ондай адам емес. Өйте алмайды ол.
Күз. Донада Құр жүрген ешкім жоқ. Бәрінің айналысар ісі көп. Қаласаң қарап тұр, болмаса көмектес. Бір жерде от жанып жатыр. Ыс сасиды, тура Донада күйеуін соңғы рет көрген күнгідей.