Донада. Жаңғақтарды алып, қабығымен өртеп жіберу керек. Сосын соның күйесімен жіптерді әдемі, қап-қара түске бояуға болады.
Дилфизо. Қара тауыс болмайды.
Донада. Тауысы несі?
Дилфизо. Тауыстың қанаттары көк түсті, әдемі болады. Бәле жаладан сақтайды. Шейіт болмай, аман оралуына жәрдемдеседі.
Донада. Дұрыс айтасың. Қарға қолдап-қоршап жүреді. Қап-қара.
Қаражидек мына ішіңде тұрса... Балалы боласың.
Дилфизо. Балаларым болған.
Донада. Менде де...
Дилфизо. Егер әлгібір қоңыздарды жинап, кептіріп, майдалап турасаң, көк түске бояуға болады. Қанаттары қолдап-қорғап, аман оралуына септеседі.
Донада. Тірі болуы үшін. Мен енді түсіндім. Қаражидек қара болғанымен, онымен жіпті боясаң, қызыл түс шығады.
Дилфизо. Егер саусағыңа ине кіріп кетсе, қызыл түс шығады.
Донада. Саусағыңды матап ал, ине кірмейді.
Дилфизо. Көрсетші.
Донада. Міне былай. Мына жерге сұқ, мына жерін байлайсың, енді итер. Мүлде ауырмайды. Жақында үйрендім. Бұрын саусақтарымды ине тесіп бітіп еді. Қолыңды суық суға салсаң, ыстық сумен күйдіргендей ашитын.
Дилфизо. Қолымнан келді.
Донада. Бәрі осылай оңай болса ғой.
Дилфизо. Үнемі оңай бола бермейді. Бірақ Алла жар болады.
Донада үндемейді.
Дилфизо. (әндетіп)
Ворон к ворону летит, /Қарға қарғаға ұшады,
Ворон ворону кричит: /Қарға қарғаға айқайлап:
Ворон, где б нам отобедать? /Қайдан қарын тойдырсақ болады?
Как бы нам о том проведать? /Қайда барсақ болады? -дейді
Ворон ворону в ответ: /Қарға қарғаға жауап қайтарады:
Знаю, будет нам обед; /Бір білерім, біздің несібеміз бар
В чистом поле под ракитой /Айдаладағы ағаш астында
Богатырь лежит убитый. /Қаза тапқан бір батыр бар
Кем убит и отчего, /Кімнен, неден тапқан ажалын
Знает сокол лишь его, /Сұңқары ғана хабардар
Да кобылка вороная, /Иә, қап-қара төбеті мен
Да хозяйка молодая. /Жап-жас әйелі бар.
Донада. Ұзақ уақыт бойы одан бірде бір хабар болмады. Балалар қайта-қайта әкеміз қайда деп сұрай береді. Не дерімді білмеймін, өйткені оның қашан келетінін, енді қалай күн көретінімізді өзім де білмеймін. Туыстарымнан бірдеңе сұрауға қысылдым. Солайша, балалармен өзім қалдым. Тамақ жасаймын. Үй жинаймын.
Мен оның шетелге қашып кеткенін естідім. Енді оған іздеу салып жатыр. Көзін құрту үшін іздеп жатыр. Енді не болары бұлыңғыр. Жоқ, не болары анық: оны тауып, өлтіретін шығар.
Артынан бауыры кеткен. Тапты ма, таппады ма, білмеймін. Ешқандай хабар жоқ. Жападан жалғыз қалдық.
Күйеуі тірі, жесір әйел атандым. Ондай күйеудің не керекгі бар? Ондай еркектің базардан жиырмасын сатып алуға болады. Жанындағылардың бәрін сатып кетіп, жалғыз өзі қашып кетті дегенге сене алмаймын. Ол ондай емес. Оның қолынан ондай іс келмейді.
Қыс. Дилфизо.
Күш қалмады. Лампа бірер секундқа жыпылықтады да, лып етіп, біржолата өшті. Мынау қар да, улеген жел де, өңменіңнен өтетін қара суық та, Дилфизомен мәңгілік қалады.