Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет104/131
Дата03.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#133533
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   131
Байланысты:
Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялы сауаттылы ТЫ теориялы

4) Салыстыру және қарсы қою

Бұл эссе түрі де мәтін бойынша жазылады. Эссенің мақсаты - екі мәтінді салыстыру және қарама-қарсы қою. Мәтіндер бойынша негізгі ұқсас және/немесе қарсы сипаттарды бересіз (тезис). Әрбір ұқсастыққа немесе айырмашылыққа бір параграфтан жазасыз. Қорытындысында жинақталған талдау мен тезисіңізді дәлелдеу жайында жазасыз. Ескерту: мәтін мазмұнын айтып беру қажетемес. Үқсастығы немесе айырмашылығы неде екенін жазыңыз. Ұқсастықты немесе айырмашылықты көрсететін «салыстыра қарағанда», «сияқты», «секілді» т.б. тілдік оралымдар қолданылады.




5) Шолу

Эссенің мақсаты - кітаптың, фильмнің, пьесаның, сайттыңт.б. белгілі аудиторияға әсер етуі тұрғысынан жеке баға беру. Басты ерекшелігі - оқырманның назарын аударатын атау. Эссе атауы талданатын шығарма атауыменбайланыстыболуымүмкін.Бірпараграфташығарманыңмаңызды деректерін - автор немесе қоюшының, актерлердің, баспагерлердің аты



139


т.б. туралы жазылады. Кейін бірнеше параграфта мәтін мазмұны, басты оқиғалар, кейіпкерлер таныстырылады. Қорытындыдағы бір немесе екі абзацта осы шығарма туралы өз пікірін жазады.


Эссе жазу үлгісі


Ұстаздық еткен жалықпас


Эссе


Жоспар:

I Кіріспе


Үстаз - адам жанына білім дәнін себуші

  • Негізгі бөлім

      • Адам тәрбиелеу - ұлы міндет

      • Жүрегімнің қалауы - ұстаздық III Қорытынды

Ұстаздық еткен жалықпас.Үйретуден балаға


Мұғалім өн бойына, өз ісіне, шекіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол - нағыз ұстаз.


Л. Н. Толстой.

Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол - Ұстаз! Алғаш «Әліппенің» бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр- сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.


Ғалым да, шахтер де бас иетін,


Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.
Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне

  • осы, өйткені әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы - ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді.

140

Ендеше осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен өлшенеді. Бүгінгі таңда әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе болып отыр. Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында деп білемін, себебі ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу - ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы - ұстаз.


Үстаздың негізгі құралы - сабақ. Сабақ скрипка аспабы секілді: онымен жай гаммаларды ойнауға немесе Паганинише саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ғажайып үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып әуенге толы нағыз ұстаз болу - кімнің де болса арманы. Менің түсінігімдегі ұстаз





  • рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі жылы, көңілі дарқан адам. Үстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық - содан да киелі. Жан Жак Руссоның «Ұстаз болу - өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын. Ұстаз - білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз - еңбегі ақталған ұстаз, өйткені өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденістеболып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін-өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын. Мұхаммет Мұстафа (с.а.у) бір хадисінде: «Маған бір әріп үйреткеннің 40 жыл құлы боламын», - депті. Өзім оқытушы болсам да, мені оқытқан мұғалімдерімнің алдында әрқашан басымды иемін. Осындай дәрежеге жетуіме олардың қосқан үлесі ұшан-теңіз деп білемін.

Қазір өзім де қазақ тілі пәнінің оқытушысымын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Студенттік шағымнан бастап менің намысымды қозғайтын бір өзекті мәселе қазақ тілі мәселесі еді, сол себепті «өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету жолында өз үлесімді міндетті түрде қосуым керек» деген оймен осы мамандықты таңдаған едім. Әрине, өкінішті жайттар да болған еді, дегенмен «бейнет түбі - зейнет» демекші, осы бағыттағы үйренем деген студенттеріммен бірге жеткен жетістіктеріміз қуантып, осы бағытта жұмыс істеуге өз басымды жігерлендіреді. Студенттерімнен алғыс естіген уақытта менен бақытты адам болмайтын тәрізді. Сол кезде өз басым мұғалімдік жолын таңдағаныма қуанамын. Әрине, егемен мемлекеттің мемлекеттік тілі болмайынша, ол мемлекеттің болуы мүмкін емес, сол себепті қазіргі уақытта тіл үйрету мәселесі қазақ мектебі үшін де, орыс мектебі үшін де ерекше орында тұр.



141


Маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым - студентті тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу. Ұстаздық қызметте, шәкірттермен қарым-қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділікжәне мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті. Конфуцийдің «Маған жай айтсаң, ұмытамын, көрсетсең, есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң, үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыпасын аттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді. Сапалы білім негізі - жан- жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі қүралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру, өйткені тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұғалімнің құны жоқ деп ойлаймын. Оқулықтағыны студент өзі де оқып алады. Осы ретте білім берудің сапалы болуы үшін, біріншіден, ұстаздың жан-жақты академиялық білімінің болуы, екіншіден, мұғалімнің өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігінің және ешқандай дипломмен бірге берілмейтін шығармашылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттері болуы шарт. Мен қазір біздің елімізде қалыптасқан мұғалімдік мамандыққа мектепте негізінен орташа оқыған білім алушыларды қабылдап, олардан орташа маман дайындап, оларды білім ұяларына жіберетін құрсаудың бұзылып, ұстаз мамандығы ең жоғары еңбекақы төленетін үздік мамандыққа айналса деп армандаймын, өйткені жаңа ғасырда ғылымның, техниканың, өндірістің қарқындап өсуі білім берудің барлық жүйесін жүйелі дамытуды талап етіп отыр, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін іргелі өзгерістер керек. XXI ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Шәкірт қабілетін жан-жақты дамытып, шығармашылығын, ізденімпаздығын, ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзыреттілікке қол жеТкізеді. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ. Бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан-жақты білімді, жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, оқушы білімінің дамуын ұйымдастыра алатын икемді тұлға болуы керек. Ол үшін мұғалім оқыту мен тәрбиенің тиімді жолдарын іздестіріп, өз ісінің қас шебері болуы міндетті.


Қорыта айтқанда, әрбір оқытушы хакім Абайдың «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға.Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға» деген қасиетті қағидасын әрдайым жүрегініңтүкпірінде ұстайтын ұстанымы етіп алса, өз мамандығының нағыз шебері болары хақ.



142


Біз жоғарыда республикамыздағы ҚАЗТЕСТ жүйесі қоятын талаптар бойынша эссеге жоспар құрып жазуға мысал бердік.

Эссе көбіне еркін тақырыпта жазылады және автор қандай көзқарасты, пікірді қолдап жазса да, өз еркі. Эссе жазу кезінде белгілі бір құрылым сақталады, бірақ жоспар құрылмайды. Тек кіріспе абзац, негізгі абзац және қорытынды абзацқа ойша бөлініп тұруы керек. Жоспар құрылса да, жоспарсыз жазылса да, эссе авторлық көзқарасты және оның осы мәселеге қатысты ұстанымын қамтуы керек. Төменде жоспарсыз жазылған эссе үлгісі беріледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет