Диплом жұмысынын мазмұны мен құрылымы
Диплом жұмысы өзінің мазмұны жағынан жоғары оқу орнын бітіруші курс студентінің нақты мамандық бойынша өздігінен дайындайтын, қолжазба түріндегі ғылыми жұмыс.
Диплом жұмысының (жобаның) көлемі, ереже бойынша 60-80 бет болуы қажет. Қосымшалар диплом жұмысының (жоба) көрсетілген көлеміне енгізілмейді.
Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:
пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
Мұқаба
Мұқабада мына мағлұматтар келтіріледі:
- диплом жұмыс орындалған ұйымның атауы;
диплом жұмысының тақырыбы;
жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба);
мамандықуың атауы және шифрі;
Титулдық бет
Титулдық бет - диплом жұмысының бірінші беті, құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дереккөзі ретінде қызмет етеді.
Титулдық бет былайша ресімделеді:
диплом жұмысы орындалған ұйымның атауы;
диплом жұмысы орындалған кафедраның атауы;жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба);
мамандықтың атауы және шифрі;
сол жағында «орындаған» сөзі, қарама-қарсы оңжағынан студенттің аты-жөні;
Титулдық бет диплом жұмысы беттерінің жалпы нөмірленуіне кіреді.
Титулдық бетте бет нөмірі қойылмайды.
Диплом жұмысының (жобаның) мазмұны кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық тараулардың атауларын, тараушаларды, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларын қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |