Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы


Диплом жұмысын (жобаны) сақтау тәртібі



бет92/131
Дата03.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#133533
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   131
Байланысты:
Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялы сауаттылы ТЫ теориялы

Диплом жұмысын (жобаны) сақтау тәртібі



  • Диплом жұмыстарын (жобаларды) қорғалғаннан кейін шығарушы кафедра жоғары оқу орнының мұрағатына тізбе арқылы кафедра меңгерушісінің бекітуімен тапсырады.

  • Диплом жұмыстары (жобалар) жоғару оқу орнының мұрағатында 5 жыл сақталады. Бұл мерзім өткеннен кейін диплом жұмысы (жоба) ректордың бұйрығымен құрылған комиссияның актісімен, істен шығарылады.



4.14 Магистрлік диссертация

Магистранттың ғылыми-зерттеу немесе тәжірибелік-зерттеу жұмыстарының қорытынды жиыны магистрлік диссертация арқылы қорғалады.




Магистрлік диссертация - магистрантгың ғылымның өзекті мәселелеріне зерттеу жүргізу арқылы оның нәтижелерін қорытып жазатын біліктілік жұмысы. Оны магистрант ғылыми жетекшісінің басшылығымен өз бетімен орындайды. Магистрлік диссертация ғылым мен тәжірибенің қазіргі теорияларына, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі, ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін пайдалану жолымен орындалуы, негізгі қорғалатын қағидалар бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, тәжірибелік) бөлімдерінен тұруы, тиісті білім салаларындағы озық халықаралық тәжірибеге негізделуі, нақты

125


тәжірибелік ұсынымдардан тұруы тиіс. Магистрлік диссертация тақырыбы Ғылыми кеңестің шешімімен бекітіледі.

Магистранттыңғылыми жетекшісініңғылыми дәрежесі (доктор немесе ғылым кандидаты) немесе РҺО докторының академиялық дәрежесі болуы және ғылымның берілген саласында ғылыми зерттеулермен белсенді айналысуы қажет.




Магистрлік диссертацияның құрылымына қойылатын талаптар

Магистрлік диссертацияның құрылымдық элементтері:





  • мұқаба (нөмірленбейді);




  • титулдық бет;




  • мазмұны;




  • нормативтік сілтемелер;




  • анықтамалар, таңбалау және қысқартулар;




  • кіріспе;




  • негізгі бөлім;




    • қорытынды;




    • пайдаланылған әдебиет тізімі




    • қосымша.

Магистрант магистрлік диссертацияның мазмұны бойынша қосымша көлемі 0.5-1 бет реферат жазады. Реферат қазақ, орыс және ағылшын (қажет болғанда рефератты басқа шетел тілінде жазуға рұқсат етіледі) тілдерінде рәсімделеді және диссертант қол қояды.


Магистрлік диссертацияның рефераты мына мәліметтерден тұрады.





    • диссертацияның көлемі мен құрылымы;




    • кестелердің, пайдалыналған әдебиет саны;




    • тірек сөздердің тізімі (15-20 сөз);




    • зерттеу өзектілігі;




    • зерттеу мақсаты;




    • зерттеу нысаны;




    • зерттеу әдістері;




  • алынған нәтижелер, олардыңжаңалығы, ғылыми және практикалық маңыздылығы;




  • жарияланымдар туралы мәліметтер.

Ғылыми жұмыстар тақырыптарының өзектілігі, олардың мақсаты мен міндеттері туралы жоғарыда 2-тарауда толық айтылды.


Магистрлік диссертацияның мазмұнына кіріспе, реттік нөмірлер мен барлық бөлім атауы, шағын бөлімдердің, тармақтардың (егер олардың атауы бар болса) атауы, қорытынды, пайдаланған дереккөздерінің тізімі және диссертацияның аталған элементтері басталатын беттерінің көрсетілуімен бірге қосымша кіреді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет