Кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы, аталған жұмыстың басқа да ғылыми-зерттеу бағдарламаларымен байланысы көрсетілуі
тиіс. Сондай-ақ зерттеу мақсаттары мен міндеттері, ғылыми-зерттеу жұмыстарын тұтастай орындаудағы олардың орны көрсетілуі қажет.
Диссертацияның негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың маңызын, әдістемесі мен негізгі нәтижелерін көрсететін мәліметтер көрсетіледі.
Негізгі бөлім мыналардан тұруы тиіс:
зерттеу бағытын таңдау және оны негіздеу, міндеттерді шешу және оларды салыстырмалы бағалау әдістері, жұмысты жүргізудің таңдалған бағыты бойынша жалпы әдістемелерін сипаттау;
теориялық зерттеулердің сипаты мен мазмұнын қоса алғанда теориялық және (немесе) экспериментік, жобалық зерттеулер үдерісі, зерттеулер әдістері, есептеу әдістері, эксперименттік, жобалық жұмыстар жүргізу қажеттігін негіздеу, әзірленген объектілердің қолданылу принциптері, олардың сипаттамалары;
зертгеу нәтижелерін жинақтау мен бағалау және жұмыстың алдағы бағыттары бойынша ұсыныс, алынған нәтижелердің сенімділігін бағалау, отандық және шетелдік тәжірибелердің нәтижелерімен оларды салыстыру;
әрбір тарау, бөлім бойынша қысқаша қорытындылар.
Қорытынды мыналардан тұруы тиіс:
Пайдаланылған әдебиет тізіміне диссертацияда сілтеме жасалған, сонымен қатар жазу барысында пайдаланылған әдебиеттер кіреді.
Магистрлік диссертацияны рәсімдеу
Магистрлік диссертация А4 пішімдегі параққа басылуы тиіс. Қаріп (шрифт) - Тігпеэ Ыеуу Котап, кегль - 14; жазылу тұрпаты: қалыпты. Магистрлік диссертацияның мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың мына мөлшерін сақтап басылуы тиіс:
Достарыңызбен бөлісу: |