Курстық жұмыстарға қойылатын талаптар:
Курстық жұмыстың теориялық сұрақтарын Қазақстан Республикасы қазіргі кезеңдегі нарықтық экономиканың қалыптасуындағы ерекшеліктерімен байланыстырылуы қажет. Бұл үшін сандық көрсеткіштерді, шаруашылық қорытынды есептілігін пайдаланған жөн. Көрсеткіштерді кесте, график, диаграмма, тақырыптық есептеулер түрінде жүйелеу, қорытындылау керек.
Алынған білімін мен зерттеулердің мазмұнын сауатты, логикалық жүйемен түсінікті баяндалуы керек.
Курстық жұмыста пайдаланылған әдебиет тізімін дұрыс көрсету қажет.
Курстық жұмысты дайындау және жазу төмендегідей кезеңдерді қамтиды:
Тақырып таңдау
Курстық жұмыс «Басқару есебі» курсын оқып-үйрену кезеңінде жазылады, өйткені студент бұл уақытта шаруашылық процестеріндегі немесе экономикадағы есеп мәселелері бойынша қызығушылық пікір келтіріп, есеп көздері мен құрылымы жөнінде тұжырым жасай алады. Сондай-ақ студент таңдалып алынған тақырыпты зерттеуді дипломдық жұмыс жазу барысында кеңейте алады.
Әдебиет тізімі
Әдебиет тізімі анықталған ретпен құрылады:
заңдылықтар мен нормативтік актілер;
статистикалық дереккөздер;
монографиялар, мақалалар, оқулықтар және басқа да қолданылған ақпарат көздері әліпбилік ретпен жазылады;
Достарыңызбен бөлісу: |