Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет119/119
Дата09.12.2022
өлшемі5,44 Mb.
#56213
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119
Байланысты:
АКАДЕМ

Қарлығаш Дүсіпбаева 
филология ғылымының кандидаты
Түрлі ғылым саласы бір-біріне кірігіп, біріктіріле зерделеніп жатқан XXI 
ғасырдағы құбылыстан еліміздегі оқу үдерісі де сырт қалмады. 2014-2016 
оқу жылдары КАЗГЮУ университетінің (қазіргі М.С.Нәрікбаев атындағы) 
Жалпы тіл білімі кафедрасының оқытушыларына семестр бойына 
оқылатын пәндерді модуль бойынша топтастыра отырып, 2 айда игерту 
мақсаты қойылған болатын. «Академиялық оқылым және жазылым» пәні 
модульдегі негізгі пән ретінде оқытылды.
Ғылыммен айналысып жүрген адамдар болғанымызбен, кеше ғана 
мектеп бітіргентүлек, бүгінгі студенткеғылымныңқыр-сырын игерту, жоба, 
тезис, аңдатпажаздыру, сілптеме келтіру, библиографияны іріктеу сияқты 
машықтарды қалайша оқытамыз деген сан мың сауал қойылғаны рас. 
«Академиялық оқылым және жазылым» пәнін оқыту кезінде жинақталып, 
практикалық шираудан өткен материалдарды іріктеп, ендігі тұста ЖОО- 
ларда толыққанды оқу құралын шығарған әріптестерім филология 
ғылымының кандидаттары С.Сапина мен Б.Динаеваға «Академиялық 
сауаттылықтыңтеориялық және практикалық негіздері» атты оқу құралы 
үшін алғыс айтқым келеді.
Теориялық қана емес, дайын практикумы бар толыққанды оқу 
құралын пайдалана отырып, студенттерге зерттеу тақырыбын анықтау
зерделеу, ғылыми мәтінмен жұмыс істеу, жоба қорғау, академиялықстиль 
үлгісін сақтау т.б. қатысты көптеген дағдыны игертуге ұмтылдық, жақсы 
нәтижелерге қол жеткіздік.
Бұл оқу құралы тек білім алушы жастарға ғана емес, ғылыммен 
айналысқысы келетін, сауаттылыққа ұмтылатын кез келген тұлғаға бағыт 
көрсете алады, сондықтан қазіргі кезде кез келген ілім іздеген адамға 
табыла қоймайтын кітаптың 2-басылымы шығады деген хабарды өз 
басым қуанып қарсы алдым.
Ажар Зекенова 
филология ғылымының кандидаты
198


Академиялық жазылымға қатысты қазақ тілінде жазылып жүрген 
оқу басылымдары жоқтың қасы. Бәлкім бар да шығар, дегенмен 
таралымының шектеулілігіне байланысты қолға тие бермейді. 2016 
жылы қолыма Б.Динаева мен С.Сапинаның авторлығымен жарық көрген 
«Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері» 
оқу құралы түсіп, бірден оқу орнында қолдана бастадым. Оқу орнында 
«қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына осы атаулы курсты енгіздік. 
Кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақ тілі мен 
әдебиеті» білім беру бағдарламасы мазмұнындағы «Кәсіби қазақ тілі» 
пәнін жүргізгенде де әдебиет көзі ретінде пайдаландым.
Нәтижесі ту

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет