Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз



бет11/52
Дата18.12.2023
өлшемі442,52 Kb.
#140465
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52
Байланысты:
Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, олар-emirsaba.org

Өліктерге жан бер деп.
Айлады мұрсал мұстажат...

... Екі өлікке жан бітті,

Кесік басқа тəн бітті.

Құдіретімен Құданың Баяғыдай əл бітті [2; 179].
Өлгеннің тірілуі ертегілерде, мифтерде ұшырасады. Жырдағы ерекшелік, тірілудің көлденең, кездейсоқ немесе қисынсыз жағдайда емес, пайғамбардың, тілегі бойынша, Алланың бұйрығымен жүзеге асырылуында жатыр. Яғни əсіре əрекеттер арқылы орындалуы қиял-ғажайып болады да, мұғжиза негізінде іске асуы өзгеше сипатта көрінгендіктен, алғашқылардан дараланып, өзіне ғана тəн өрнегімен адамның жан-дүниесі мен сезіміне əсер ете отырып қабылданады. Ауруды жазып, өлгенді тірілту Исаға қатысты мұраларда да кездеседі. «Жұм-жұмадағы» қубасты адам қалпына келтіруі көркем дүниедегі көрінісі ұғымның көнеден қалыптасқандығын көрсетеді. Мұғжизаның осындай түрі көптеген жырлардың мұрасына өзек болған. Соның бір көрінісі ретінде ақын Əсет Найманбаевтың
«Француз патшаның баласы» дастанын атап айтуға болады. Ол жайында ақынның əдеби мұрасын зерттеген Сайлау Қожағұл жан-жақты талдау жасай отырып, ғылыми пікір айтқан [3]. Мұғжизаның өзге пайғамбарларда кездеспейтін, ерекше дара көрінісі қисса «Мұхаммед Расул Алланың дəрул пəниден дəрул бақиға рихлат еткен мəселесі» дастанында жырланған. Ол — пайғамбардың пайғамбарлық мөрінің жария болуы. Оның себепкері — Ғакаша деген сахаба. Бір кездерде сіздің қамшыңыздың ұшы менің арқама тиген, сол үшін мен сізді арқаңыздан бір ұруым керек деп, киімін шешкізеді.
Мүбарак Хақ Пайғамбар ашты тəнін,


Неге ұрсын ер Ғакаша пайғамбарын.

Мөрін көріп жауырынан сүйіп алды

Бұрыннан біледі екен мөрі барын [4; 107 б.].
Мұхаммедтің (с.ғ.с.) мұғжизалық қасиеттерінің барлығы осы мөрінде. Бұл Расул Алланың пайғамбарлығын дəлелдейтін ең құдіретті ғажап белгісі. Олай болса, осы жырдың маңызы өзге діни эпостардан жоғары десек те болады.
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарлығын танытатын келесі бір керемет туынды — «Расулдың миғражға қонақ болғаны». Негізінде кейбір пайғамбарларға қатысты аңыз-хикаяттарда атап өтерліктей ғажайып көріністер баршылық. Мəселен, Мұса ғалайссалам Алламен сөйлескен, Қызыр пайғамбар мəңгі ажалсыз адам, Сүлеймен пайғамбар жердің иелігін алған т.т. Бірақ солардың барлығы миғраж оқиғасына жетпейді. Бұл туынды Мұхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбарлық қасиетін жара- тылыс əлемінен тысқары көтеріп, шексіздік деңгейінде дəріптейді.
Достысын өзге жаннан артық қыпты,


Тапсырған шапағатқа көп үмбетті.

Шақырып Хабибісін Миғражына

Құдайым «Көрсетемін нұрым», — депті [5].
Бұл жағдай пайғамбардың тілегі бойынша емес, Алланың қалауы бойынша орындалған. Яғни Жаратушының Мұхаммедке (с.ғ.с.) деген ризашылығы мен ықыласын танытып тұр. Сонымен қатар Лаухул Махфузды, Садратул Мунтаһинды, Ғаршы-Күрсіні, Лаухул Қаламды аралауға рұқсат береді де өзге пайғамбарлар мұндай дəрежеге ие болған жоқ деген ұғымның ойда орнығуына ықпал жасай- ды. Жеті қат көкті өрлей өтіп, үстіне шыққанда Адам Атадан бастап, барлық өзге пайғамбарлар, сан- сыз періштелер төменде қалады. Осындай əсерлі көріністерден, Мұхаммедтің (с.ғ.с.) айрықша қасиеттілігін байқаймыз. Даралаудың шарықтау шегіне жеткендігі соншалық:
Бұл Афақ — менің орным өзім кірер,

Мұнан ары орын жоқ маған көрер.

Мұнан əрі мен барсам Дəргаһиға

Иə, Расул, қанатымның ұшы күйер [5], —
деп төрт мұхаррап періштенің бірі — Жебірейілдің өзі онан жоғары көтеріле алмайтындығын мəлімдейді. Шарықтау нүктесі — Жаратушының дидарын көруі.
Сəлемін Достысының əлік алды,

Хақ Расул қол қусырып, шүкір қылды.

Алла Тағала дидарын көрсеткен соң Бойы балқып, денесі нұрға толды [5].
Оқиға өзегін пайғамбардың өмірінен алып, көркем тұлғаны осыншама биік деңгейге жеткізу, өзгедей мұраларда болған емес. Осы оқиғаның өзек алғандығы соншалық, əлем əдебиетінде мазмұндық қалпын сақтап, көркемдігін түрлендіре жырлау ерекше орын алды. Солардың арасындағы озық туынды Низамидің шығармасы десек, қателеспейміз. Біздің ұлттық əдебиетіміздің өзінде Мəшһүр Жүсіп, Шəді, Жүсіпбектердің жарыса жырлағанын жоққа шығыра алмаймыз. Енді жырға негіз болған осы оқиғаның, ақиқаттығын Қасиетті Құрандағы аятпен бекітеді.
Көрсетті достысына Хақ дидарын,

Сондай қылса, көрмей ме жанның бəрін.

Дидарын көрсеткені Расулына

Көр, Құранда «Тəнзила» аяттарын [4;90].
Бұл шығарманың өзге қисса-дастандардан өзгешілігі —тек қана Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өзі туралы айтылатындығы. Оқиға желісі бір бағытта дамып, Расул Алланың өзге пайғамбарлардан озық тұрған дəрежесін танытуға негізделген. Мұхаммед — өзінің үмбеттерінің қамқоршысы. Ол мұсылмандар үшін, қолынан келген барлық жақсылығын жасауға əрқашан дайын. Осы жолда ата- анасына да, баласына да қарайласпауға бар, бірақ Алладан үмбеттерінің күнəсін кешіруін тілейді жəне тілегіне жетеді. Алланың бұл тілекті қабылдауы, пайғамбардың бейнесін онан əрі асқақтата түседі. Діни хикаяттың бірінде Алламен сөйлескен Мұса пайғамбар Жаратушының жүзін көргісі келетіндігін айтқанда рұқсат берілмейді. Оған оң жақтағы таудың балқып, сол жақтағы дарияның суалғанын көрсетіп, шамасы жетпейтіндігін айтады. Ал Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың мүмкіндігі келеді, өйткені ол өзге пайғамбарлармен салыстырғанда оған лайықты.
Мұхаммедтің (с.ғ.с.) келесі бір даралық қыры, ол — Алланың досы. Себебі, аңыз бойынша, Алланың алғашқы жаратқан заты — оның нұры. Барлық əлем де сол нұрдың құрметіне жаратылған. Мұхаммедтің (с.ғ.с.) соңғы пайғамбар болу себебі де осыған байланысты болуы керек. Алланың досы
— құрметті адам. Ол екі дүниеде де сыйлы, сондықтан екі дүниенің сəруары. Мұндай жоғары дəреже өзге пайғамбарларда жоқ. Діни дастандарда бұл жағдай тіркестік тұрғыда ғана айтылып қоймайды, ерекше оқиға иірімері арқылы дəлелденіп отырады. Мəселен, пайғамбар қайтыс болар алдында Алла Əзірейілді жібереді.
Құдайым Əзірейілге жарлық етті:
Досыма сəлем айтып барғын,—депті, Досы досқа келетін уақыты болды,


Рұқсатсыз кірмегейсің барсаң,—депті [4; 107].
Яғни Мұхаммедтің (с.ғ.с.) жан тапсыруын өз еркіне бергендігін айтып тұр. Оған Əзірейлдің өзі де рұқсатсыз бара алмаған. Мұндай дəріптеу де басқа пайғамбарларға тəн емес. Сонымен, діни эпос- тарда Мұхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбарлығын мұғжизаларын келтіру арқылы танытса, дəрежесін өзге пайғамбардан да биіктетіп, идеал ретінде көрсеткен.
Жырларда Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар батыр, ержүрек адам бейнесінде де көрінеді. Оның ерлік істерін «Мұхаммед пайғамбар», «Зарқұм» шығармаларында айқын бейнелеген. Алғашқы жырда пайғамбардың қарсыласы Əбу Жəһіл. Оқиғаның көркемделуі эпикалық дəстүр бойынша жасалғанымен, өзегі — тарихи шындық. Əбу Жəһіл өмірде болған, ата-бабасынан келе жатқан көпқұдайшылықты ұстаған ол,— ислам əрекеттерінің баршасына қарсы адам. Ал шығармада пайғамбар да, ол да— жасөспірім балалар. Күреске түсіп, күш санасады. Осы жерде діни дастандардың əр тұстарында көрініс беретін мотивті аңғаруға болады. Ол аспанға лақтырып жіберген адамның көзге көрінбей кетуі.
Сол уақытта Мұхаммед Əбу Жəһіл кəпірді


Жерден жұлып алады,

Айналдырып жыраққа

Лақтырып жібереді.

Аяқ-қолы дірілдеп

Көрінбей көкке барады [4; 69].
Мұндай көтере, асқақтата суреттеу сипаты қаншама кейіпкерлердің арасында екі адамға ғана
телінген. Бірі біз айтып отырған бейне болса, екіншісі — Əзірет Əлі. Əрине, егер екінің біріне бұл тəсілді қолданар болса, оның оқшауландыратын маңызы жойылып, көпке ортақ көрініске айналып кетер еді. Сондықтан сезімге əсер еткендей қабілетін жоғалтпас үшін тиісті бейнелерге ғана пайдаланған. Пайғамбардың Зарқұммен жекпе-жегінде де осы суретті жолықтырамыз.
Жіберіп еді тақсыр күшін жайып,


Мұны алсам кетемін деп жолдан тайып.

Ұшып кеткен бойыменен патша Зарқұм

Көрінбей көк бетінде болды ғайып [1; 116].
Яғни, мұндай мықтылықтың керемет көрінісі Мұхаммедке (с.ғ.с.) ғана тəн болуға тиісті. Өйткені өзге кейіпкерлердің ондай деңгейге жететіндей еш мүмкіндігі де жəне реті де жоқ. Бұл жағдай эпикалық жырлардағы дəстүрге айналған, орныққан, көптің сараптамасынан өтіп бекіген құбылыс. Көлемді мұраның кейіпкерелері де көп болады. Солардың арасынан басты бейнені жоғары алып шығып, даралық деңгейге көтеру— жырдың басты міндеттерінің бірі.
Діни эпостарда Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар мұсылмандардың басшысы ретінде де бейнеленеді. Исламның дамуына, өркендеуіне айрықша мəн беріп, əрбір іс-əрекетті қадағалап отыратын, бұйрығын бұлжытпай орындататын кейіпкерді көреміз. Соның бір көрінісі ретінде сахабалардан бас- тап шаһарияларға дейін, пайғамбардың батасын алмай, қия баспайтынын айтуға болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет