Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз


«Қисса сул-әнбия» туындысын саралаңыз, ақын-жыраулар поэзиясымен сабақтастығын дәлелдеңіз



бет12/52
Дата18.12.2023
өлшемі442,52 Kb.
#140465
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52
Байланысты:
Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, олар-emirsaba.org

«Қисса сул-әнбия» туындысын саралаңыз, ақын-жыраулар поэзиясымен сабақтастығын дәлелдеңіз.


"Қиссасу-л-Әнбия" - әдеби ескерткіш. "Оны 1311 жылы Рабғузи (Рабат оғызи деген екі сөзден қысқартып алынған) жазған. Рабғузи автордың бүркеншік аты, шын аты-жөні Насредин Бурһанетдин. Ол бұл еңбекті Рабат шаһарының әкімі, бек Насыретдин Тоқбоғаның тапсыруымен жазған. Кітапқа ертедегі түркі халықтарының қисса-хикаялары мен аңыз-ертегілері, өлең-жырлары негіз болған. Еңбекте барлығы 79 шығарма қамтылған. Олар тақырып, мазмұнына, идея-мәніне қарай үш топқа бөлінеді:

1.жер, көк, адамзат, хайуанат, жын-шайтан, періште, Адам 2.Ата, от, топырақ жайлы түсініктемелер, әңгімелер.

3.пайғамбарлар, әулиелер өмірбаяндары, іс-әрекеттері туралы қисса, ертегі, аңыздар.
шежіре - мүсылман жыл санауы - хижраның алғашқы он жылы ішінде болған тарихи оқиғалар, жыл, ай, күн аттары, назым өлеңдер. Жинақтың алғы сөзі мен қорытындысы өлеңмен жазылған. "Қиссасу-л-Әнбия" алғаш 1914 ж. Қазан қ-ндағы Каримовтар баспасынан жарық көрген (479 бет). Түп нүсқадан көшіріп бастырған И.Салабхин молла Шәріп. "Қиссасу-л-Әнбия" қазақ арасына кең тараған. Сара Біржан салмен айтысканда осы "Қиссасу-л-Әнбиядан" мысал келтіріп сөйлейді

“Қисса-сул әнбия “, бір жағынан, діни аңыз-әңгімелерге, екінші жағынан, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлеріне негізделіп жазылған прозалық көркем туынды болып табылады.


Насыр-ад-дин Рабғузи – қазақ әдебиеті тарихында Алтын Орда дәуірі деп аталатын ХІІІ-ХІV ғасыр әдебиетінің өкілі. Оның есімі 1370 жылы жазылған «Қисса-сул әнбия» немесе «Қисса и Рабғузи» деп аталатын кітабымен белгілі. Кітапта пайғамбарлар, әулие-әнбиелер туралы діни әңгімелер, ежелгі шығыс мифтері мен аңыздары, ертегілер, өлең-жырлар мен мақал-мәтелдер қамтылған. «Қисса-сул әнбия» 1914 жылы Қазанда, кейінірек Ташкент қаласында бірнеше рет кітап болып басылып шыққан. Әдебиетші ғалым Бейсенбай Кенжебаев оған енген шығармаларды тақырып-мазмұны мен идея-мәніне қарай 3 топқа жіктеп қарастырған. Адаматаның жаралуынан бастап көптеген пайғамбарлар өмірінен сыр шертетін бұрыннан бар сюжеттерді Рабғузи түркі тілінде жазып шыққан. Әсіресе, қазақ арасына кең тараған Нұх пайғамбар кемесінен бастау алатын аңыз-ертегілеріміздің түпкі нұсқасы қандай болғандығын осы кітапқа енген сюжеттік әңгімелерден байқай аламыз. Рабғузи қиссалары халқымыздың бойында қалыптасқан жан-жануарлардың әрқайсысымен қарым-қатынасының негізінде жатқан діни түсініктердің бастауын да көрсетіп береді. «Қисса-сул әнбия» кейіпкерлерінің қатарында оқырманды ерекше қызықтыратын тұлғалардың бірі – Лұқман хакім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет