Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз



бет21/67
Дата07.01.2022
өлшемі171,84 Kb.
#19580
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67
Байланысты:
Діни мотив

Ислам тарихының алуан түрлiлiгi, орасан зор байлығы уә жан-жақтылығы тiкелей еліміз орналасқан Орталық Азияға қатысты. Орталық Азияда Ислам тарихының ең мәшһүр тұлғалары, Құран мен Хадис ғалымдары өмір сүрді, шаирлар, қаламгерлер, даналар, өнерпаздар керемет туындыларымен ислами мұрағаттарға өз үлесiн қосты. Ертедегі Қазақстан жерінен шыққан әл-Фараби (870-950) әйгілі математик, философ, музыка зерттеушісі, тарихшы болған. Туған жері -Отырар (Фараб) қаласы. Өмірін араб елдерінде өткізген. Ол Аристотель еңбектерін араб тіліне аударып, оған түсініктемелер жазған. Сол үшін оны «екінші ұстаз» (Аристотельден кейінгі) деп атаған. Мәселен, Аристотельдің «Жан туралы» трактатын ол 200 рет қайталап оқыдым, деп жазып қалдырған. Философияда идеалист болғанымен, Құдайға сенсе де, әл-Фараби ғылыми жұмыстар жүргізіп, оны материализмнің пайдасына шешті. Ол дүниені алты бөлшектен тұрады деді. Олар – жәй бөлшектер (от, су, ауа, жер), минералдар, өсімдіктер, жануарлар, адамдар, аспан денелері. Оның ойынша, дүниені тануға болады, ал танымды тудыратын - сезім мүшелері. Заттардың түр-сипаты туралы түсінік түрлі әдістен құралады дейді: а) сезу; б) ойлау; в) заттың өзі арқылы. Әлемде бөлшектенбейтін еш нәрсе жоқ екенін айтты. Қозғалыстың бастамасы да, шегі де жоқ деген пікірді уағыздады. «Қайырымды қала» басшысы болу үшін іштен туған он екі қасиет қажет дейді. Олар: жақсы дене құрылымы, ұғымталдық, естігенді, көргенді есте сақтай білу, сезімталдық, сөзшеңдік, оқуға ұқыптылық, қанағаттылық, адалдықты сүю және өтірікті жек көру, қайырымдылық жасау, байлықты жек көру, әділеттікті сүю, қысымшылдықты және қысымдық жасаушыны жек көру, табандылық. Әл-Фараби қалдырған рухани қазына 130-дай трактаттан тұрады. Қазақстан Ғылым академиясы оның философиялық, логикалық, жаратылыс ғылымы, әлеуметтік – этикалық, музыкалық трактаттарын қазақ, орыс тілдерінде жеке – жеке кітап етіп шығарды.

Араб тайпаларының бірігуіне жаңа дін - ислам діні жәрдемін тигізді. Ислам дінінің негізін қалаушы - Мекке қаласының тұрғыны Мұхаммед пайғамбар. Жетімдік тауқыметін көп тартқан Мұхаммед пайғамбар өз талабының арқасында іс басқарушы қызметіне ілігеді. Өздігінен біркатар діни және саяси ілімдермен танысады. Меккедегі бай саудагер әйел Қадишаға (Хадиджа) үйлену аркылы өзінің түпкі арманы - діни-этикалық мәселелермен айналысуға мүмкіндік алады.

Аңызда көп уақытын Хира тауында (Мекке маңы) өткізіп жүрген Мұхаммед пайғамбарке көктен Алла тағала бүкіл адам баласына тура жол көрсету үшін Құран түсіреді. Құранды Мұхаммед пайғамбарке табыс еткен Жебірейіл періште оған Алла атынан өз отандастарына жаратушының әмірін жеткізуді жүктейді. Мұхаммед пайғамбар бір ғана құдіретті Алладан басқа кұдай жоқ деп пайымдады, ал өзін «құдайдың өкілі» - пайғамбармын деп атады. Ол арабтарды өзара жауласуды қойып, бір дінді қабылдап, бірлікте өмір сүруге шақырды. Ислам дінін уағыздады.

630 жылы араб тайпаларының көпшілігі ислам дінін қабылдап, Мұхаммед пайғамбар билігін мойындады. Арабтар жаулап алушылығының нәтижесінде ислам діні әлемдік дінге айналды. Халықтың көбі Меккені ислам дінінің орталығы деп таныды. Қағба тасы тұрған жер исламның қасиетті орнына айналды. Сауд Арабиясы еліндегі ислам дінінің орталығы Мекке қаласына барып қайтқандар Алланың құлы «қажы» атағын алады. Ислам деген сөз құдайға бағыну дегенді білдіреді. Мусылмандардың қасиетті кітабы - Құран




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет