Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз



бет17/67
Дата07.01.2022
өлшемі171,84 Kb.
#19580
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   67
Насыр-ад-дин Рабғузи – қазақ әдебиеті тарихында Алтын Орда дәуірі деп аталатын ХІІІ-ХІV ғасыр әдебиетінің өкілі. Оның есімі 1370 жылы жазылған «Қисса-сул әнбия» немесе «Қисса и Рабғузи» деп аталатын кітабымен белгілі. Кітапта пайғамбарлар, әулие-әнбиелер туралы діни әңгімелер, ежелгі шығыс мифтері мен аңыздары, ертегілер, өлең-жырлар мен мақал-мәтелдер қамтылған. «Қисса-сул әнбия» 1914 жылы Қазанда, кейінірек Ташкент қаласында бірнеше рет кітап болып басылып шыққан. Әдебиетші ғалым Бейсенбай Кенжебаев оған енген шығармаларды тақырып-мазмұны мен идея-мәніне қарай 3 топқа жіктеп қарастырған. Адаматаның жаралуынан бастап көптеген пайғамбарлар өмірінен сыр шертетін бұрыннан бар сюжеттерді Рабғузи түркі тілінде жазып шыққан. Әсіресе, қазақ арасына кең тараған Нұх пайғамбар кемесінен бастау алатын аңыз-ертегілеріміздің түпкі нұсқасы қандай болғандығын осы кітапқа енген сюжеттік әңгімелерден байқай аламыз. Рабғузи қиссалары халқымыздың бойында қалыптасқан жан-жануарлардың әрқайсысымен қарым-қатынасының негізінде жатқан діни түсініктердің бастауын да көрсетіп береді. «Қисса-сул әнбия» кейіпкерлерінің қатарында оқырманды ерекше қызықтыратын тұлғалардың бірі – Лұқман хакім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет