Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз


Қазақ даласына таралған «Сияр Шәріп» нұсқаларын саралаңыз, оның ерекшеліктерін сипаттаңыз



бет39/67
Дата07.01.2022
өлшемі171,84 Kb.
#19580
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   67
Байланысты:
Діни мотив

Қазақ даласына таралған «Сияр Шәріп» нұсқаларын саралаңыз, оның ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Мұхаммед пайғамбар мен оның халифтары, сахабалары және Мұхаммед пайғамбар мен Әзірет Әлі ұрпақтары туралы жырлар: «Назым Сияр Шәріп» (Мұхаммед пайғамбардың ақ жолы туралы дастан).

«Сияр» деп Мұхамбет пайғамбардың өмірбаяны жазылған кітапты айтады. Орта ғасырда бұл кітап Бұхар, Самарқанд, Қарнақ, Түркістан сияқты медреселерде 12 пәннің бірі ретінде оқытылған. Содан білім алған ишандар мен ахундар қазақ сахарасында Мұхамбет жайлы көп қиссалар мен аңыздардың жайылуына түрткі болады. Жыраулар ел арасындағы жиын-тойларда міндетті түрде пайғамбардың өмірінен насихат айтуды дәстүрге айналдарған. Соның арқасында «Киік», «Қақпанға түскен киіктің хикаясы», «Қисса ан-хазірет Расулдың миғражға қонақ болғаны», «Көдек бала қиссасы», «Бозторғай», «Ыбырайым қиссасы», «Қисса Мұхаммед Расул Алланың дәрул пәниден дәрул бақиға рихлат еткен мәселесі», «Мұхамбет пайғамбар» сияқты қисса-дастандар көптеп жарық көрді. «Сияр Шәріпті» тыңдаған ел-жұрт пайғамбардың кемел қасиеттерін әр түрлі қырынан тани бастады. Мысалы, «Киік» немесе «Бозторғай» қиссасында Мұхамбет пайғамбар өзгенің өмірі үшін өзін аямайтын, тіпті жан-жануарға дейін қамқор болатын тұлға ретінде айтылады. Енді «Ыбырайым қиссасында» ол ет пен сүйектен жаралған адам ретінде көрінеді. Баласының қазасына қайғырып, егіліп жылап төсек тартып жатып қалады. Ал енді «Мұхамбет пайғамбар» дастанында жауырыны жерге тимейтін палуан, әлсіздерді жылатпайтын нағыз батыр, алып тасты аспанға ататын қара күштің иесі ретінде сипатталады. Тіпті оған Хадишаның бала күнінен ғашық болғанын, оған арнап кестелі шапан, көрпеше сыйлағаны айтылады. Есейген шағында да пайғамбар парасатты қызға ғашық бола білетін жігіттің сұлтанындай суреттеледі. Қазақы қиссада пайғамбар тек Құдайдың дидарына ғана ғашық болып, әйел, бала-шағасын тасжүрек кейіпте құрбандыққа шалып кете беретін діни фанат ретінде баяндалмайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет