Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз


Ислам парыздары туралы ақын-жыраулар поэзиясын саралаңыз, халық дүниетанымын қалыптастырудағы рөлін талдаңыз



бет4/67
Дата07.01.2022
өлшемі171,84 Kb.
#19580
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
Діни мотив

Ислам парыздары туралы ақын-жыраулар поэзиясын саралаңыз, халық дүниетанымын қалыптастырудағы рөлін талдаңыз.

Ислам діні,исламдағы қағидалар сияқты мәселелерді көптеген ақын-жыраулар шығармаларына арқау еткен. Олардың қатарларына Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ыбырай Алтынсарин сияқты ақын-жазушыларымызды жатқызамыз. Олар шығармаларында бұл дүниеде ауыртпалық біткенге, жоқшылыққа, бейнетке төзімділік жасап, исламның бес парызын өмір бойы орындағандар ғана иманды болады, ұжмақтың төрінен орын алады деп жазған.

Ыбырай Алтынсарин «Мұсылманшылықтын тұтқасы» еңбегінде айтады: "Құдай тағаланың пенделеріне парыз еткен парыздарының ең әуелі иман болса керек. Бұл сөздерімен Ыбырай бабамыз, ең алдымен Құдайға сен, содан кейін өзіне сен, мұсылман болсаң сенімді бол, нені болса да сеніммен істе дегені емес пе? Яғни, ұлы ұстаз өзінің бұл сөздерімен қазаққа сенімнің күшін түсіндіріп отыр. Ыбырай айтып отырған "имандылықтың" арғы жағында Құдай тағала рұқсат еткен, солай жүр деп жол сілтеген не бір керемет ұғымдар жатыр. Олар: сенімділдік, көргендік, білімділік, ибалық, тәрбиелік, адалдық, кішіпейілділік пен мәдениеттілік, т.т.. Бұлардың барлығы адам тәрбиесінің басты ұғымдары. Бұларсыз адамдар өмір сүре алмайды. Осылай иманның мағынасын түсіндіре келе, исламның парыздары жөнінде жазады. Ыбырай бабамыз өз еңбегінде көңілді исламның парыздарына бөледі. Олар: намаз, ораза, зекет, қажылық не харам, не адал деген жәйіттер. Осы әр парыздың астарында да тәрбиелік мән жатыр.

Намаз – күніне бес рет намаз оқу, яғи күніне Құдайға бес рет құлшылық жасау. Не жақсылық, не жамандық жасадым, солардың барлығын ой елегінен өткізіп, жанындағыларға жасаған жамандығына Құдайдан кешірім сұрап, жасаған жақ-сылықтарынан күш алу, өзіне деген сенімін бекіте түсуі. Сен де күн сайын өзіне-өзің есеп бер.

Ораза ұстау – тек тамақ ішуге ғана емес, барлық жамандыққа шек қою. Жаман ойға, жаман сөзге, ең адағында жаман іске шек қою деп түсінген дұрыс. Бұл – сын. Бұл сыннан адал өткен, шыдаған адам ғана, "мен ораза ұстадым" деп толық сеніммен айта алады.

Үшінші парыз – зекет. Зекет дегеніміз – жанындағыларға барынша көмектесу. Кемтарларды көре білу. Қолдан келгенше соларға қол ұшын беру, барыңмен бөлісу. Бұл да адамгершіліктің бір белгісі.

Қажылық. Көп ел қажылықты Меккеге барып тәу ету, қасиетті Қара тасты айналып жүру деп қате түсінеді. Қажылыққа барудың арғы жағында жол жүру, жол азабына шыдай білу, қажылыққа өзге елдерден келгендермен танысу, тілдесу, пікір алысу, олардан естіген не жаңалық пен жақсылықты елге жеткізу, олардың озық тәжірибелерін іске асыру сияқты толып жатқан міндеттер бар. Бүгінгі тілмен айтқанда, бар ақпаратпен бөлісу. Жақсысын алып, өз өміріне жарату. Өзінді-өзің байыта түсу.

Мұсылманшылықтын әр парыздың астарында елге, адамдарға пайдалы талай дүние жатыр. Мұсылман болсан, соларды игеру, үйрену, елдіктің шаруасына пайдалану, деген міндеттер жатыр.

Ал бесінші парыз – харам мен халәл. Харам мен халәл тек күнделікті ішер ас, дастарқанымызға жайылар тағамға ғана жатпайды. Олардың сөйлер сөзге, атқарар іске, жасар қимылға да байлысты. Әр мұсылман оларды білуге міндетті. Мұсылман болсаң тыйым салынған асты ішпе, тиым салынған сөзді сөйлеме, тиым салынған істі істеме.

Қарап отырсақ, исламның бес парызының барлығының да тәрбиелік мәні зор екен. Ыбырай бабамыз солардың барлығын білді. Білді де, шынайы адамды, өз елінің азаматын, болашағын тәрбиелеуге ислам дінінің барлық мүмкіндіктері мен күшін пайдалануға тырысып бақты. 





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет