Мұсылманшылықтың абзалы жүректегі иманның дүние тіршілігінде көрініс табуында екендігін жақсы түсінгендіктен Әбубәкір Кердері:«Мұсылманшылық кімде жоқ
Тілде барда, ділде жоқ» - деп, ар тазалығына негізделген имани іліміне адал болған. Демек, адамның ішкі жан-дүниесі сыртқы дүниенің негізі және сыртқы дененің әрекетінің қозғаушы күші болып табылады.
Шәкәрім қажының түсінігінде, Хақты көру үшін пенде зікірге мас болып, жүректі тазалау керек: