Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз


Шәкәрімнің діни ойларын саралаңыз, өлеңдеріндегі адамгершілік, имандылық мәселелерін талқылаңыз



бет63/67
Дата07.01.2022
өлшемі171,84 Kb.
#19580
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
Діни мотив

Шәкәрімнің діни ойларын саралаңыз, өлеңдеріндегі адамгершілік, имандылық мәселелерін талқылаңыз.

Рухани ұстазы Абай және замандастары сияқты Шәкәрім шығармаларында толығымен адам мен қоғамдық дамудың жолын іздестіріп, ол діннің ақ жолын қоғамдық дамудың рухани негізі ретінде ұсынып, әрбір адамның өмірлік құндылықтық бағдарын айқындауда имандылық пен білімге сүйену, адалдық, адамгершілік заңдарын басшылыққа алу керектігін тұжырымдаған және ол шығармаларының берері мол, рухани туындылар.

Ұлы ақын Шәкәрім творчествосының басым көпшілігі поэзиялық шығармалар. Соның ішінде дін саласы ерекше орынға ие. Ақын ұлы Алланың құдіретін, жаратылыстың бір түрден бір түрге ауысып тұруын ойдың өткірлігімен байқап, жүректің сезімінен өткізеді. Ол «Ей,жастар, қалай дейсің бұл дүние» деген өлеңінде:

Ей, жастар, қалай дейсiң бұл дүние,

Мұны бүйтiп жаратқан қандай кие?

Бiлiмсiз, мақсұтсыздан шыққан болса,

Мақсұт, бiлiм, ой шығар бар ма жүйе?

Керексiз жаралған бiр тозаңы жоқ,

Тәртiбi таң қаларлық зор мәшине.

Алыстан iздемей-ақ ойласаңыз,

Көру үшiн жаралған көзiңiз де.

Бұл өлең жолдарында діни мазмұн толық берілген. Ұлы Алланың барлық жаратылыста тілмен, ақылмен көрсете алмайтын шеберлігін суреттейді. Бұл өлең жолдарын түсіну үшін ең алдымен иманды мұсылман болу шарт.

Үш нəрседе бұлжымай құшақтасар:

Құдай — бар, ұждан — дұрыс, қиямет — шын,

Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар

Шəкəрім кез келген діннің негізгі іргетасын құраушы, діңгегі осы үш нəрсе, бұдан асып кетер діннің мақсұты жоқ дейді. Əрі барлық діндердің мақсұты осы үш негізгі түсінікте бірігеді. Олай болса, Шəкəрімнің ойынша, дін жаратушының бар екенін мойындап, істеген ісіне қарай не бір сауап немесе жазаның болатынын қаперде ұстап, ұжданға сай өмір сүру дейді. Бұдан асып кететін ешбір дін жоқ. Шəкəрімнің ойынша, осы үш діңгекті негіз етуі тиіс дін атаулы адамдарды адамшылыққа жеткізудің орнына бір-бірімен дау сабасып, тартысқа түсіп, қоғамда адамдарды қиянатқа баруға итермелеп отыр.

Дін адамды бір бауыр қылмақ еді,

Оны бөліп, дұспандық қару жасар.

Інжіл, құран — бəрі айтып тұрса дағы,

Мағынасынан адасып қара басар.

Сөйтіп бұзып, бүлдіріп есіл дінді,

Дін десе білімділер тұра қашар.

Ешбір дін үйтіп дұспан бол демейді,

Қанекей бұл сөзіме кім таласар .

Шəкəрімнің дін жайында айтар ойы айқын. Ол ешбір дін қиянат жаса, дұшпан бол демейді деп отыр. Ендеше, кінə дінде емес, сол дінді ұстанушылардың оның түп мағынасын түсінбей, дінді қолшоқпарға айналдыруында. Сөйтіп есіл дін бұзылады дейді. Яғни кемшілік дінде емес, діншілдерде болып отыр. «Құран сырын түсінбей бұрса дағы, жасырылмай жарқырап тұр керемет. Жаман тəпсір жайылып жер бетіне, дін десе тұра қашты есті азамат», — дейді Шəкəрім.

Дін жайында жазғанда Шəкəрімнің «Пайғамбар Мұса жолықса...» деп басталатын өлеңіне назар аудармай кету мүмкін емес. Шəкəрім əлемдегі діндерден өте сауатты болған. Ол осы өлеңінде əлемдегі діндер турасындағы өз ойларын білдірген.

Пайғамбар Мұса жолықса, Сөйлесіп көңілім орнықса:

«Адасты Жебірей, — дер едім,

— Тауратты қайта толықта!»

Дəуітті көрсем, əн салып,

Қуанар едім қарсы алып:

«Ақында қалды иманың,

Тағы үйрет, — дер ем, — бір барып» .

Шəкəрімнің дін жайында өз пікірі бар. Ол іште жүрген пікірін сол діндердің көсемдеріне жайып салғысы келеді. «Сөйлесіп көңілім орнықса», — деп ойшыл иудаизм дінінің тозығы жете бастағанын, ал Дəуіт пайғамбар өсиеті ұмытыла бастағандығын айтып өтеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет