Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз


Абай шығармаларындағы ислам негіздерін саралаңыз, маңыздылығын түсіндіріңіз



бет59/67
Дата07.01.2022
өлшемі171,84 Kb.
#19580
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   67
Байланысты:
Діни мотив

Абай шығармаларындағы ислам негіздерін саралаңыз, маңыздылығын түсіндіріңіз.

Кемеңгер Абай кемелдікке жеткен шағында 1895-1896 жылдары жасы 50-ден асқанда, ойшыл «Түп Иесін көксемей бола ма екен?» деп тереңге бет қояды. Өз сөзінше «терең ойдың телміріп соңына ереді». Оның «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», «Лай суға май бітпес, қой өткенге», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Алла деген сөз жеңіл» және т.б. өлеңдері соның жемісі.Баршасы да жүректен құйылып, тылсымнан тұнған керемет туындылар. Оcы туындыларына сүйеніп, Абайды нағыз тәңірінітанушы - теолог биігіне (мұсылманша - мағрифат сатысы) жеткен деуімізге дәлел.

Абай шығармашылығы дін адам қатынасы бойынша сыртқы зат ретінде болмайтынын куәландырады, сол себептен ол оның рухани әлемінің ішкі құрылысы болып қалады. Ол әрқашан жалпы қабылданған діни көзқарастарға, шіркеу уағыздарына сенімсіздікпен қарады, оның ішкі өмірінде дін қызметшісі оқытқан иманға деген күдігі болды және қарапайым адамның мүдделерінен өте алыс деп санады. Абай өзінің бүкіл ғұмырында шариғат дінінің түсінігі негізінде иманды таянбай қорғады.

Абайдың қара-сөздеріндегі пікірлері Исламға қарсы келмейді, қайта үндесіп, сабақтасып тұрады. Абай қарасөздерінде қозғап отырған мәселесінде мақсатына жету үшін Пайғамбарымыз (с.а.с.)-дың хадистерінен дәлелдер келтіреді. Абайдың осы 45 қарасөзінің 11 толық дін тақырыбына арналған. Олардың ішінде кейбір қарасөздері бір ғана діни мәселелерден сөз қозғайды.Мысалы, он үшінші қарасөзінде иман мен ғибадат, жиырма жетінші қарасөзінде құлшылық, хикмет, ақыл жайында, жиырма сегізінші қарасөзінде тағдыр, иман, ақыл, ғибадат, отыз төртінші қарасөзінде ақырет, иман, дүниелік өмір, қырық үшінші қарасөзінде жан мен тән, ақыл, талап, қуат, қырық бесінші қарасөзінде Аллаһ Тағаланың барлығына дәлел, әділет, махаббат туралы баяндайды.

Абай қарасөздерінің ішіндегі ең көлемдісі 38 қарасөзі болып табылады. Бұл қарасөзінде көптеген діни тақырыптарына тоқталады.

Киім кию әдебі жайында жазылған он сегізінші қарасөзі толығымен Мұхаммед (с.а.с.)-ның сүннетімен үйдлеседі. Осы қарасөз былай деп басталады: «Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ кербездің ісі…».

«Аллаһтың елшісі (с.а.с.) қарапайым, кірсіз киінетін еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) киімнің денеге пайдалысын және жеңіл келетінін таңдайтын. Киімдерді мақтаныш, көкіректікке себепші болмау керектігін айтатын. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тазалыққа үлкен мән берген.Бір күні үсті-басы кір адамды көргенде, оған «Үсті-басыңды жумайсың ба?» деген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет