Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз


«Кітаби ақындар» шығармашылығын саралап, жазба әдебиеттің дамуына қосқан үлесін баяндаңыз



бет64/67
Дата07.01.2022
өлшемі171,84 Kb.
#19580
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
Діни мотив

«Кітаби ақындар» шығармашылығын саралап, жазба әдебиеттің дамуына қосқан үлесін баяндаңыз.

Шығыс ақындарының өлеңдері, діни өлеңдері мен уағыздары, яғни кітаби өлеңдер де дайын үлгі ретінде кітаби ақынға қызмет етті. Кітаби ақындар тарапынан қайта жырланды.Кітаби ақын шығармашылығы ХХ ғасыр басындағы, кеңес дәуіріндегі шынайы аудармалық әдебиеттің дүниеге келгеніне дейін аударма жанрының жүгін көтеріп, қызметін атқарып келген әрі аудармалық, әрі назиралық әдебиет үлгісі болды.

Кітаби ақындар ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасыр басында кітап бастыру ісімен белсенді айналысты. Өздері жырлаған кітаби нәзиралық туындыларын, қазақ фольклоры түрлі нұсқаларын қайта қорытып, жазып, кітап етіп бастырып отырды. Кітаби ақындардың мұнан да өзге де шығармашылық өзгешеліктерінің бірі – ХХ ғасыр басындағы қазақ тұрмысына қатысты шығармалар жасап отыруы, яғни ақындығы. Бұған мысал ретінде М.Ж.Көпейұлының «Хал-ахуал», «Тірлікте көп жасағандықтан, көрген бір тамашамыз», «Сахараның кімдікі екендігі» секілді кітаптарын, ондағы саяси-публицистикалық жырларын айтуға болады. Сол секілді М.Қалтайұлының «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті беттерінде қазақ халқының түрлі әлеуметтік мәселелеріне арнап ойлы, проблемалық мақалалар жариялап отыруы, «Тұрмыш» атты қолжазба журнал шығаруы. Шәді Жәңгірұлының нәзиралық туындылардан өзге «Тарихат» атты шығармасын жазуы, орыс патшалығын, Абылай хан тарихын жазуы, Молда Мұсаның ақындық поэзиясын, «Шора батыр» жырын жазуын т.б. айтуға болады. Демек, кітаби ақын - бойында бірнеше шығармашылық қасиет тоғысқан қаламгер. «Кітаби ақын» сөзін термин ретінде қолданудың дұрыс екендігі; «кітаби шығарма», «кітаби өлең», «кітаби сөз» секілді осы уақытқа дейін арагідік қолданылып келген сөздерді де әдеби ұғым ретінде тұрақты айналымға қосу, қолдану қажеттігі көрінеді.



Кітаби ақындар жырлаған басты жанр – қисса болды. Бүгінгі күнге дейін фольклортану, әдебиеттану ғылымдарында, негізінен, бұл жанр «қисса-дастан», «дастан» деген атаулармен беріліп келді. Соңғы кезде «дастан» атауы көбірек қолданылып жүр. Кейінгі зерттеулерде кітаби ақындар мұрасы және қисса жанры фольклорға жатқызылып біржақты қарастырылып келеді. Мысалы, ғалым Б.Әзібаева «...дастандық эпос – халықтың көркемдік ой дүниесінің бір көрінісі, сонымен қатар, қазақ фольклорындағы эпикалық дәстүрдің келесі сатысы, фольклор мен жазба әдебиеттің аралық кезеңін танытатын жанрлық түр» жанр ақындық поэзия мен ұлттық фольклорда пайда болған дей тұра, таза фольклорлық жанр ретінде қарастырады (2,12). Себебі қазақ дастаны фольклорға немесе кітаби шығармаға негізделсе де, ауызша туған, ауызша орындалған, соның нәтижесінде ұлттық фольклорымыздың көптеген ықпал-әсерін, элементтері мен түр-сипатын бойына сіңірген. Сөйтіп, ол қазақ фольклорының дәстүріне сәйкес ғұмыр кешкен деп қорытады. Кезінде А.Байтұрсынов жоғарыда айтқанымыздай, жазу әдебиет ретінде қарастырған және жанрлық тұрғыда қисса, қикаят (мысал), насихат (үгіт), мінажат, даттау, айтыс, толғау, терме деп бөлген. Ғалым дастан сөзін тіпті қолданбаған. Оның себебі дастан сөзін кітаби ақындардың өзі де аз қолданғаны аңғарылады. Олар тек парсы әлеміне тән туындыларға ғана «Шаһнама» тарауларын жырлағанда ғана дастан атауын беріп отырған. Тағы бір себеп – кітаби ақындар көбінесе араб әлемі туындыларын жырлағаны, соған орай қисса сөзін көбірек қолданғаны аңғарылады. А.Байтұрсынов «қисса - өлеңмен жазылған, көбіне діндар әңгімелер» деп, оны екіге бөледі. «Діндар дәуірдің өнеге үшін шығарған әңгімелері қикаят деп аталған» деп береді (3, 264-265). Ал, жазушы С.Мұқанов «Халық мұрасы» атты еңбегінде қисса жанрына арнайы тоқталады. «Көркем әдебиеттің эпикалық түріне қосылатын бұл жанр қазақ тіліне негізінде араб, иран, шағатай тілдерінен келді. Бұл жанрды да эпикалық деп атайтын себебіміз, мұның оқиғасына да көп адам қатынасып, олардың қылық-мінездері драмалық түрде шиеленісіп барып айқындалады. Сөйтіп, бұл да белгілі бір дәуірдің шындығынан көрініс берерлік қызмет атқарады» (6, 139). Автор еңбекте қисса жанры туындыларының «ауыз және жазба әдебиетінде бірталай екендігін, «қазақ ақындары мұндай тақырыптағы шығармаларды құмарта аударғанын және өздерінше жаңғыртып жырлап отырғанын» сөз етеді. «Қиссашылардың кейбірі аз, кейбірі көп етіп мұра қалдырған. Бірен-саран қисса шығарып одан әрі жазбағандары да бар», деп қисса жанрының жазба әдебиет жанры екенін аңғартып өткен. Сонымен бірге, автор қазақ қиссаларын шығу тегі, түп-төркініне қарай өзінше жүйелейді: «Әдебиеттік сапасы жағынан алғанда, бұл қиссалар әр қилы, мысалға, Жүсіпбек қиссалары төрт жүйеге бөлінеді. Олар: «Қасым Жомарт» сияқты араб аңызынан алынған қиссалар, иран аңызынан алынған «Қаһарман-Қатыран», Орта Азия аңызынан алынған «Мұңлық-Зарлық» және «Қыз Жібек» немесе «Біржан мен Сара айтысы» сияқты қазақ жерінде болған оқиғалардан алынған қиссалар» деп береді (6, 142).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет