Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз


Діни айтыстарды саралаңыз, ерекшеліктерін түсіндіріңіз



бет65/67
Дата07.01.2022
өлшемі171,84 Kb.
#19580
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
Діни мотив

Діни айтыстарды саралаңыз, ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

Ислам діні қазақ халқына келмей тұрып, олар «шаманизм» дініне бағынған болатын. Сол себепті қазақ халқының ерекше жанры саналған айтыстың өзі де шаманизм дініне байланысты туып отырған. Яғни адам өзі біліп-білмеген күштің барлығына табынған, әр нәрсенің, тіпті жақсылық пен жамандық атаулының бәрінің өз тәңірісі бар деп сенген болатын.

Кейіннен ислам діні халық арасында тараған соң халықтың санасы, сенімі, дұрыс арнаға түсті десек болады. Дегенмен, шаманизм дінінің қалдығы халық санасынан түгел шықпай, революцияға дейін қалады. Мысалы бұл сарқыншақтарға: аруаққа табыну, бақсылық, отқа табыну, малдың әртүрлі ауруларының иесі бар деп түсіну, арабша «Алланың», парсыша «Құдайдың» атының өзін шаман құдайының аты «тәңірімен» атау жатады. Оған қазақ халық ауыз әдебиетінде сақталып қалған, айтыс өнерінің көне түрі саналатын «бәдік айтысы», өлікпен сөйлесу, өлеңмен емдеу т.б. дәлел.

Қазақ халқы шаман дінін ұстанып жүрген кезде, олардың танымында «бәдік» ұғымының анықтамасы адам мен жануарларға тиетін індеттің, аурудың құдайы ретінде болған. Сонымен қоса, ауруды емдеудің жалпы(көпшілік қатысуымен) және жеке(жалғыз бақсының қатысуы) түрі бар. Шаман діні адамда жақсылық құдайларының екеу: 1.үлкені-тәңірі; 2.кішісі-аруақ болатынын, және жақсылық құдайлары дер кезінде көмекке келмесе, бақсы жалғыз өзі жауыздық құдайын қуа алмаған, оған қарсы тұрар күші аз болатынын айтқан. Ал ислам діні халық арасында кеңінен тарап, орныққан кезде бұл бәдіктің мағынасы шаман дініндегіден өзгеше сипат алған, яғни жыннан ойынға ауысқан деуге болады. Оған «бәдік айтысы» куә.

Ислам діні де, шаман діні де адам денесі өлсе де, жаны өлмейді деп санаған. Бірақ, өлмейтін жан туралы екуінің ұғымы екі басқа: ислам діні бойынша, өлген адамның жаны тіршілікте қаншалықты құдайдың құлы болса, өлгенде де соншалықты құны. Егер тіріде, адамның құдайға қылығы жақсы ғана, өлгеннен кейін жаны рахатта болады, жақпаса жан азаптан шықпайды. Ал шаман дінінде, жан құдайға тірі кезінде ғана бағынады да, өлген соң жан өз еркіне көшіп кетеді.

1.«Ақбала мен Боздақтың айтысы» қазақта аруаққа шаман дінінің көзімен қарау сынды шаман дінінің сарқыншақтарының қалғанын көрсететін айтыс түрі. Жалпы айтыстың мазмұнына келер болсақ, Боздақ есімді жас жігіт Ақбала қызға ғашық болып қалады. Алайда екеуі қосыла алмай, жігіт жолаушылап кеткенде, қыз қайтыс болып кетеді. Боздақ еліне қайтып келе жатқанда жас қабірді көзі шалып қалады. «Ақбала қайтыс болды ма?» деген қауіппен, жігіт қабір басына барып, өлең айтады, ал қыз оған өлеңмен жауап береді. Айтыстан үзінді келтіре өтсем:

Боздақ:

Қайтті екен,Ақбала қыз, сенің мұрның,

Мен едім тірілікте тату құрбың.

Үйіңе апарайын мен сені енді,

Басыңды, әлің келсе, көтер бүгін!

Ақбала:

... Мұрнымның құм құйылды тесігіне,

Алланың мен жолықтым кесіріне.

Ал, тұрайын десем де, тұра алмаймын,

Қойыпты Аллам бөлеп бесігіне.

Боздақ:


Қайтті екен, Ақбала қыз, екі көзің,

Аян-ды бір құдайға айтқан сөзің.

Ақбала, әлің келсе, көтер басың,

Басылсын менің көңілім көріп жүзің.

Ақбала:

Орнынан олқы түсті екі көзім,

Аян-ды бір құдайға айтқан сөзім.

Басымды әлім келіп көтере алман,

Бейіттен мына тұрған шықпай өзім.

Үзіндіде келтіріп өткенімдей жігіт қыздың әрбір дене мүшесін айта өтіп, оның қазіргі жағдайы қалай деп сұрайды, қыз әрбір дене мүшесінің жайын айтып, аянышты халін баян етіп, айтыстың соңы бірін-бірі қимаған қайғымен бітеді. Жалпы айтыста ислам дінінің ешбір әсері жоқ. Дегенмен С. Мұқановтың «Ақбала мен Боздақты» дін айтысына жатқызуына себеп болған – өлі мен тірінің сөйлесуі.

2.«Болық қыз бен Елентайдың айтысы». Ислам діні бойынша Алла тағала әуелі нұр, кейін жер мен көк, содан кейін періште, содан кейін барып адамды жаратқан. Яғни 18 мың ғаламды жаратушы Алла. Діншіл ақындар көпшілігі исламның дүниенің жаратылуына метафизикалық көзқараспен қарауын өлеңіне арқау еткен. Болық пен Елентайдың айтысы да осы тақырыпқа негізделген. Мысалы:

Болық:


Ақын жігіт аталған Елентайым,

Өнерпаздың өнерпаз білер жайын.

Жауап бер бір азырақ сөз сұрайын,

Әуелі не жаратты бір құдайым?

Елентай:

Құдайым әуелінде жер жаратты,

Дүниені ел сыйғандай кең жаратты.

Бөліпті меруерттей өмірімен

Көбіктей тоғыз қабат көк жаратты.

Ақындар бір-біріне сұрақ қойып,оған жауап беру арқылы аспан әлемі, жер мен көк, жалпы 18 мың ғаламның қалй жаратылғаны жайлы әңгіме қылады. Бұлардың барлығын жаратушы бір Алла екенін айтып,халықты соған нандырмақ болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет