Дінніњ ќ±рылымы мен функциялары. Ќазаќстанныњ діни жаѓдайы



бет3/7
Дата21.03.2023
өлшемі0,54 Mb.
#75628
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дін. философия

  • Тотемизм - (ототеман – Солтүстік Америка үндістерінің тілінен, “оның тегі” деген мағына береді) өсімдіктер және жануарлардың адамға қанды туыстық қатынасы бар деп түсіну. Ертедегі рулық қоғамда аң аулау мен үй жануарлардың адам өміріне, оның өмірі тікелей сол жануарларға байланысты болғандықтан (жануарларды тамақ, киім, көлік ретінде пайдаланды), малдардың алдында ризашылығын білдіріп, жануарлардың бірнеше түрлерін киелі етіп қарастырды. Қазіргі кезде әрбір діннен тотемнің ізін табуға болады. Міне, осы күнге дейін Африка континентін тотемдік жер деуге болады. Үнді мемлекетінде тотемдік көрініс - сиыр. Сиырды құрметтеп, киелі деп есептеп, оның етін жемейді.

  • Анимизм (латын тілінде animus – жан, рух) - деген жан бар дегенге сену, алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған құбылыс. Анимизмнің алғашқы түрі аниматизм деп аталады. Аниматизмдік түсінік жан мен тән (дене) бірге өмір сүреді. Тән өлсе немесе қираса, жан да өледі. Ал анимизмде «жан» тәннен дербес өмір сүре алады. Әлем бұ дүние және о дүние болып бөлінеді. О дүниеде рухтар мекен етеді. Бастапқыда бұл рухтар осы дүниедегі қасиеттердің бәріне ие болып келген. Бертін келе рух, жан дегендер материалдық емес денелер деген ұғым орныққан.
  • Мұндай түсініктің ертедегі адамдардың көптеген құбылыстарды білмеуі, түсінбеуінің нәтижесі.
  • Жаратылыстан тыс күштер шақыратын тұтастай ғұрыптар жүйесін құрайтын көнедегі нанымдардың бірі – магия немесе тылсым (“ауызекі сөзде сиқыр, аяр, жады” деп те атайды). Бұл да анимизм және тотемизм қатарлы дүниеге келген құбылыс. Оның негізінде де рухқа, жанға иланым жатыр. Магияның тарихи және дүниетанымдық эволюциясын зерттеген адам Дж. Фрезер. Ол өзінің “Алтын бұтақ” атты көлемді еңбегінде магияны көне дін емес, қарапайым ойлау тәсілі, наным түрі деген тұжырым жасайды. Оның ойынша, магия жоғалған жерде дін пайда бола бастайды. Дін құдіретке сенім, соған тәуелділік арқылы адамның өзін өзі тануына мүмкіндік ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет