Ақындық кезең
(XVIII ғасырдың екінші жартысы — XIX ғасырдың бірінші
жартысы).
Айтыс кезеңі
(XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басы).
Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері — Қазтуған, Асан қайғы
(XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау
(1465—1560 жылдары), Жиембет жырау, Марқасқа жырау (XVII
ғасыр), Ақтамберді жырау (1675—1768 жылдары), Тәтіқара ақын
(XVII ғасыр), Үмбетей жырау (1706—1778 жылдары), Бұқар жырау
(1693—1787 жылдары), Шал ақын (1748—1778 жылдары), Жанақ
ақын (1770—1856 жылдары), т.б. жатады.
Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі
ерекшелігі — жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен
ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық
сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты.
XIV—XV ғасырлардағы жыраулар поэзиясында еліміздің
тарихы көрініс тапқан. Тек ауыз әдебиеті шығармаларын
тарихи дереккез ретінде қарастырғанда, біз бірінші кезекте
әрбір тарихи деректің дәлдігімен қатар тарихи оқиғалардың
желісін іздейміз.
Қорқыт Ата
Қорқыт — бүкіл түркі өркениетіне ортақ ортағасырлық
тұлғалардың бірегейі. Қорқыт — әулие, ақын, жырау, сазгер,
қобызшы болған. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер бүкіл түркі
халықтарында кездеседі. Ол оғыздардан шыққан, руы — баят,
әкесінің аты Қарақожа делінеді. Шешесі қыпшақ руынан.
Асан қайғы — XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын,
философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүретіндіктен,
замандастары оның Асан атына «қайғы» деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен.
Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген Асан қайғы, алдымен, Сарайда, кейін
Қазанда
Ұлұғ-Мұхаммед
ханның
ықпалды
билерінің
бірі
болған.
Асан қайғы — кептеген нақыл сөздердің, афоризм, философиялық толғаулардың авторы.
Бұлардың бізге жеткен жұқаналарынан көне заманға тән кейбір суреттерді, қазақ
халқының
құрылу кезеңіндегі
белгілі
тарихи
оқиғалардың
елесін
танимыз.
Асан қайғы қазақ руларының Әбілхайыр ұлысынан бөлінуіне қарсы болмағанымен,
атамекен Дешті Қыпшақтан кетуге наразылық білдіреді. Жәнібек пен Керейді оңтүстік
жаққа емес, батысқа — Жайық, Жем бойына қоныстануға үгіттейді. Алайда Ордадан
бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату
болуы
жолында
күреседі.
Асан қайғы, ең алдымен, хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру
қажет
деп
санайды.
Жәнібек
ханды:
“ Уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының болашағын жете ойламайсың ”
, — деп сөгеді.
Сыпыра жырау — XIV ғасырда Батыс Қазақстан еңірін жайлаған түркі
тайпаларының ортасынан шыққан атақты жырау, ноғайлы-қазақ эпосының
негізін салушылардың бірі. Сыпыра жырау шығармалары біздің
заманымызға жетпеді, алайда оның кезінде Дешті Қыпшақтағы ең атақты
сөззергері
болғаны,
мол
мұра
туғызғаны
байқалады.
Сыпыра жырау ел қамын жеген дана қария кейпінде қазақтың ескі
батырлар жырының бірталайында бой көрсетті. Мысалы, Ер Тарғында
Сыпыра жырау туралы: Бұл — өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды
түзеткен кісі еді делінеді.
Ал Едіге жырында ол жүз сексенге келген жұрт қамқоры, халықтың
ақылшысы.
|