Тамырлық әдет-ғұрпы
Қазақтардың арасында достасып-бауырласу немесе тамыр
болу әдет-ғұрпы да кеңінен тараған. Бұл рәсім куәлардың
көзінше салтанатты жағдайда өткізіліп, нығайтыла түсетін.
Рәсім кезінде екі дос қылыштың не қанжардың жүзін сүйіп,
мәңгі адал дос болуға серттесіп, ант ішісетін. Олар бір-
біріне мәңгі достықтың белгісі болсын деп қымбат бағалы
бұйымдар ұсынатын. Дос-жаран, тамырдың үйінде қашан
болса да қонуға болатын, ал үй иесі оған қолдау көрсетіп,
қамқорлық жасайтын.
IKAZ.KZ - ашы
қ
м
ә
ліметтер порталы
Қоныс таңдау әдет-ғұрпы
Қазақтарда қыстаудан өзге жер меншігінің толық дерлік жоқ болуы себепті
көшіп-қонып жүруі үшін уақытша қоныс таңдау әдет-ғұрпы кеңінен
таралған болатын. Ал жайылымның негізгі бөлігі қоғамдық меншік
негізінде пайдаланылатын. Мұндай ереже 1867—1891 жылдардағы
әкімшілік реформаларының қолданылу барысында да сақталып, бекітілген
еді. Алайда көші- қон үшін кейде жер дауы да туындап отырды. Бұрыннан
қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша, ауылдар мен ру ақсақалдары өздерінің
бірінші жетіп қоныс тандаған жерлеріне арнайы белгілер қоюы тиіс
саналатын. Ондай белгілер жерге найзаның сабын немесе құрық қадап
кету арқылы қойылатын. Құмның бетіне немесе сазды жерге сол ру
таңбасының суреті салынатын. Немесе биік өскен шөптің басын буып,
белгі салып кетуге де болатын. Мұндай белгілері бар жерлерге өзге
ешкімнің қоныстануына рұқсат етілмейтін.
IKAZ.KZ - ашы
қ
м
ә
ліметтер порталы
Отбасы және неке саласындағы салт-дәстүрлер
Сөз болып отырған кезеңде қазақтарда отбасы мен некеге қатысты сонау
ежелден ккеле жатқан бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері болатын.
Дүниеге келген жас нәрестеге оның құлағына азан шақырып ат қойылатын.
Жасы үлкен туысқандардың бірі Құраннан аят оқып, нәрестенің атын оның
құлағына үш рет қайталап дауыстайтын.
Ер бала 3,5 және 7 жасқа толғанда оны сүндетке отырғызу рәсімі өткізілетін.
Сүндет тойына қонақтар шақырылатын, ат шаптырылып, спорт жарыстары
өткізілетін.
Ата-ана өздерінің ұлын үйлендіру қамын әрқашан ойластырып жүретін.
Болашақ келінді бала кезінен іздестіре бастайтын. Тіпті балалар дүниеге келмей
жатып-ақ атастыру рәсімі болатын. Құдаларды өнегелі, құрметті, текті жерден
іздестіретін. Құда түсудің салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілетін.
Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым
салынатын.
IKAZ.KZ - ашы
қ
м
ә
ліметтер порталы
|