Диплом алды практикасы бойынша портфолио IV курс 5В011200-«Химия білім бағдарламасы»


Кіріспе Зерттеудің өзектілігі



бет2/9
Дата29.05.2022
өлшемі352,67 Kb.
#35886
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Кіріспе


Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі таңда білім берудің мазмұнын, оның сапасын жақсарту заман сұранысы болып отыр. Себебі, айналамыздағы заттардың барлығы өзгеруде. Атап айтсақ, бұрынғы заманның көліктері механикалық басқаруды қажет етсе, қазір орынын автомат басты. Өткен ғасырда ұялы телефондар пернелер арқылы басқарылса, қазір сенсорлы жүйеге ауысты. Тағы сол келді өмірімізде барлығы жаңартылып, қай нәрсе болмасын адамзатқа жеңіл, әрі пайдалы, ыңғайлы болып өзгеруде. Тек осы уақытқа дейін білім беру жүйесі ғана еш өзгермеген екен. Сол үшін білім беру жүйесін оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға негізделген, қызықты әрі тиімді технологияларды енгізді. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бұл технология негізінен жетпісінші жылдары Совет үкіметінде, 1997 жылы Қазақстанда жариялана бастады. Дегенмен сабақ жүйесіне кіріктіріп оқыту елімізде 2018 жылдан бастап қолға алынды [1]. Алайда халықаралық стандарт таптарына сай білім алу үшін, оқу үдерісінде тек сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану аздық етеді. Сол себепті оқушыларға білім беру барысында функционалдық саттаулықты да қолдануды ұмытпаған жөн. Функционалдық сауаттылық - адамның сыртқы ортамен қарым қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. [2] Ендеше, функционалдық саутаттылық қалыптасушы тұлғаның арнайы бір мәдени ортада орнын табуы үшін қажет деп бағаланатын және оның өмірде білімін қолдануға жағдай жасайтын, білік дағдыларының жиынтығынан құралады.
Сауаттылық адамның тұрақты қасиеті болғандықтан, функционалдық сауаттылық сол адам қабылдаған белгілі бір білім – біліктер арқылы пайда болады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа тұлға нақты білім алған кезде ғана қол жеткізеді. [2] Ендеше, химия сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын, функционалдық сауаттылықтың мәнін, оның алар орнын айқындаудың, оны мектеп тәжірибесіне енгізу заман талабымен толыққанды сай келуі зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін дәлелдей түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет