Диплом ж ұ мысы тақырыбы: «Бастауыш мектепте қазақ тілінен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі»



бет10/11
Дата16.05.2023
өлшемі391 Kb.
#93921
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дип.-Бастауыш-мектепте-қазақ-тілінен-кластан-тыс-жұмыстарды-ұйымдастыру-әдістемесі

Әзіл - жұмбақ ойыны.
Жоғарыдағыдай түрде жүргізіледі.

  1. Екі фонетикалық түсінік бірі-бірімен дос. Біреуі айтылады және естіледі, екіншісі жазылады және көрінеді. Жауабы: дыбыс және әріп.

  2. Оның құрамы үш буын, 6 әріптен тұрады, ал оған бағынышты әріп
    саны 6 есе көп. Ж: алфавит.

  3. Алма ағашта 36 алма бар.
    Оларды жегің келсе ,
    Оны еркін өтер тамақтан,

Қалғаны қиындықпен. Жауабы: дауысты және дауыссыз дыбыстар.
Ойынды мұндай түрде жүргізу мағыналы өтеді, оқушылар мұндайдан шаршамайды, апта қызықты өтеді. Қазақ тілі апталығын қызықты ұйымдастыру, мектеп оқушыларының білімін көтереді.
Көрме
Қазақ тілінен кластан тыс жұмыстардың қорытындысына арналған көрме оқушылардың білімін, дамуын бағалауға мақсатталады. Оны ұйымдастыру оқушылардың кластан тыс жұмыстарға тартуға көмектеседі. Жұмыстарды көрмеге қою өзге оқушыларға үлгі болады, оларды өз күштерін тексеруге итермелейді. Мектепте мұндай көрмелерді ұйымдастыру әр жарты жылда өткізіледі, мұнда оқушылардың жақсы бақылау жұмыстары, мазмұндама, жаттығулары қойылады, қабырға газеттері, қазақ тіліне арналған көрнекі құралдар, мазмүнды баяндамалар қойылады. КВН, олимпиада жеңімпаз атанған команда мен оқушылардың альбомдары мен суреттері қойылады.
Қазақ тілі кештерін ұйымдастыру және өткізу.
Тіл бойынша кластан тыс жұмыстың барлық формаларының ішіндегі маңызды кештер , ол үйірме жұмысының жарты немесе толық оқу жылындағы жұмысын аяқтау болып табылады. Бұл кештердің тәрбиелік жалпы танымдылық мәні зор, өйткені ол оқушылардың көңілін тілге аударуға көмек береді, күнделікті үйренген грамматикалық ережелер мен жаттығулардан көптеген қызықты нәрселерді, ана тіліміздің жүйесін үйренетіне көз жеткізеді.
Оқушылардың өзіндік жүмысы.
Н.К. Крупская оқушылардың өзіндік жұмысына көп көңіл аударды . «Бізге өсіп келе жатқан ұрпақты өз беттерінше ойлауға, коллективпен жұмыс істеуге, жинақылыққа, өзіндік инициативаны өркендету аса маңызды» - деп атап көрсетті. Сонымен қатар ол үй жұмысын ұйымдастыру мен оның формаларының маңызын атап көрсетті.
Өзіндік жұмыстарды мұғалім тексеріп, бағалауы тиіс. Кітаппен жұмыс жүргізудің маңызы өте зор екендігін айта кетіуіміз керек. Сонымен қатар Н.К. Крупская жазу жұмыстарына, пікірлердің жазылуына, оқылған ертегілеріне иллюстрация жасауға үйретудің маңызын атап көрсетті.
Сөздікпен жүмыс
Мектеп оқушыларына әртүрлі орфографиялық, географиялық, саяси сөздіктермен жұмыс істеу пайдалы. Жазу және ауызша тексті оқу кезінде кездескен қиын сөздерді сөздік бойынша анықтаймыз. Сөздікпен жұмыс істей отырып, оқушы өте аз кездескен сөздердің мәнін оқып үйренеді. Бүл олардың тілін дамытады. Оқушы сөздік арқылы орфографикалық жазуды және сөздікпен жұмысты қамтиды.
Өзіндік оқу.
Оқушылардың өзіндік оқуы ең маңызды болып табылады. Өз бетінше оқуды мұғалім, кітапханашы қадағалайды. Бұл оқушы ата-аналарымен тығыз байланыста жүргізіледі. Ата-ана баланы үйде қадағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет