Сабақ тақырыбы
|
А.Құнанбаев «Масғұт» поэмасы
|
Оқу мақсаты
|
10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
|
Бағалау критерийі
|
1. Шығарманы түсініп оқып, тәрбиелік мәнін анықтайды;
2. Автор идеясына сүйене отырып, құндылықтарды өмірмен байланыстырады;
3. Көркем әдеби тұжырымдарды қолданып, шығармашылық тапсырма орындайды
|
Дескриптор
|
Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;
Барлық тапсырмаларға нақты аргументтер келтіреді;
Шығарма құндылығын бүгінгі күнмен байланыстырады.
|
Қалыптастырушы бағалау әдістері
|
«Білім кемесі» әдісі;
«Үш шапалақ» әдісі
|
Қалыптастырушы бағалаудың ішкі формасы оқытудың интербелсенді әдістері арқылы ұйымдастырылады. Сыртқы формасы 3 түрлі тәсіл арқылы бағаланады:
Мұғалім көмегімен бағалау;
Оқушылардың өзін бағалауы;
Оқушылардың бір-бірін бағалауы [29, 74].
Қалыптастырушы бағалау жеке, жұптық және топтық тапсырмалар арқылы белгіленеді. Жеке жұмысты бағалау оқушының оқытудағы іс-әрекетін жіті бақылауға және оған көмектесуге, ашық пікірлесуге жағдай жасайды. Жұптық жұмыс өзара білімдерін, іс-әрекеттерін біріктіре отырып, бірдей нәтижеге жетуге оқушыларды ынталандырады. Жұптық жұмыста оқушылар бір-бірінің жұмыс барысын немесе мұғалім көмегімен жұмыстың нәтижесін бағалайды. Топтық жұмысты бағалауда оқушының жеке білім деңгейін емес, олардың қарым-қатынаста оқу үдерісін жүзеге асырудың дағдыларын ескереді. Топтық жұмыста оқу мақсатына тез қолжеткізетін оқушыларға мұғалім саралау әдістерін қолдана отырып, жеке қолдау көрсету қажет, яғни қосымша тапсырмалар беріледі. Топтық жұмысты бағалауда оқу мақсатына және тапсырма деңгейіне сай алдын ала бағалау критерийін 6-кестедегідей құрастырған жөн.
Кесте 6
Бағалау критерийі
Топтың аты
|
Ынтымақ-тастық қарым-қатынас
|
Өзін ұстау тәртібі
|
Тапсыр-маны орындауы
|
Қосымша мәлімет-тер келтіруі
|
Ойының ашықтығы
|
Оқушылар-дың қатысы
|
|
|
|
|
|
|
|
Қалыптастырушы бағалау оқытудың интербелсенді әдістері арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдісті біз зерттеу жұмысымызда, яғни қашықтықтан оқытуда дәстүрлі әдіс деп танып, оның түрлерін келерсі тарауымызда қарастыруды тиімді деп таптық.
Қалыптастырушы бағалау – оқушы-оқытушы-ата-ана үштік қарым-қатынасын жандандырушы, функцияларын біріктіруші құрал. Осы орайда біз осы үштік үшін қалыптастырушы бағалаудың тиімділігін төмендегі 7-кесте түрінде көрсеттік.
Кесте 7
Қалыптастырушы бағалау
Жеке тұлғалар
|
Тиімді тұстары
|
Оқушы үшін
|
Сыни ойлауына, достарымен, мұғаліммен еркін қарым-қатынас түзуге;
Оқытудың бірнеше әдістерін қолдануға;
Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін іске асыруға;
Пәнді құндылықтар негізінде түсінуге тиімді.
|
Оқытушы үшін
|
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін анықтауға;
Оқушылардың коммуникативтік, логикалық дағдыларын арттыруға;
Білім мазмұнын функционалды тұрғыдан ұйымдастыруға;
Бағалауды біржақтың қатысымен емес, әртүрлі форматта жүзеге асыруға;
Оқу жетістігін алдын ала бақылауға тиімді.
|
Ата-ана үшін
|
Баласының білім деңгейін дәл анықтауға;
Оқу үдерісіндегі жетістіктерді бақылауға;
Баласының оң нәтижелі іс-әркетке жету үшін қолдау білдіруіне тиімді.
|
Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (бөлім, ортақ тақырып, тарау) қорытындылау үшін сандық/пайыздық көрсеткіш арқылы оқушының білім деңгейін анықтауға бағытталған бағалау формасы. Жиынтық бағалау тақырыптар легі мен мазмұнына қарай бөлімдік жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау болып бөлінеді. Жиынтық бағалаудың өткізу кезеңі, реті оқу жылының басында Білім және ғылым министрлігі бекіткен әдістемелік нұсқау хатта беріледі. Оқу мазмұны кеңейтіліп берілген жағдайда тоқсанға БЖБ 3 рет, ТЖБ 1 мәрте ұйымдастырылады, қысқартылып берілген жағдайда бірге кемиді, БЖБ 2 рет, ТЖБ екі тоқсанда 1 рет алынады.
Жиынтық бағалау оқушылардың оқу мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, талдауға, түзетуге, дамытуға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу мақсатының және бағалау критерийлерінің негізінде жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау Блум таксономиясын басшылыққа алады. Жиынтық бағалауды алдын ала жоспарлау, оқушыларға күні бұрін ескерту, өткізілгеннен кейін кері байланыс орнату ұйымдастырудың басты кезеңдерін қамтиды. Жиынтық бағалау нәтижелері баллдық, пайыздық көрсеткіштермен өлшенеді, нәтиже бағаны автоматты түрде өзі шығарып береді.
Бөлімдік жиынтық бағалау – толық бір бөлімді немесе ортақ тақырыптарды қорытындылау үшін ұйымдастырылатын оқыту формасы. Бөлімдік жиынтық бағалау оқу мақсатын, бағалау критерийлерін, тапсырмалар дескрипторын, кері байланысты құрайды. Қазақ әдебиетінің бөлімдік жиынтық бағалауы төмендегі үш дағдыны қамтиды:
түсіну және жауап беру;
анализ және интерпретация;
бағалау және салыстыру [30, 83].
Бөлімдік жиынтық бағалау 0, 25 пайыздық коэфициентпен өлшенеді. Максималды пайыздық көрсеткіш – 100 пайыз. Максималды баллдық көрсеткіш – 15 балл. Бағалау критерийлері тапсырма күрделілігіне байланысты анықталады.
Тоқсандық жиынтық бағалау – тоқсандық оқу мазмұнын қорытындылау үшін анықталатын жиынтық бағалау түрі. БЖБ-ға қарағанда өткізілу аясы кең және қамтылатын тақырыптар күрделі. ТЖБ бірнеше бөлімнің тақырыптарын қамтиды, сондықтан да оның тапсырмалары БЖБ-ға қарағанда сәл күрделірек болады. ТЖБ білім сапасының жарты пайызын құрайды. ТЖБ-ның әр тапсрымасы дескриптор арқылы бекітіледі. ТЖБ өткізілгеннен кейін міндетті түрде оқытушы оқушыларға кері байланыс беру міндеттеледі.
Тоқсандық жиынтық бағалау 0, 50 пайыздық коэфициентпен өлшенеді. Максималды пайыздық көрсеткіш – 100 пайыз. Максималды баллдық көрсеткіш – 30 балл.
Критериалды бағалау – оқытудың қай формасы, қай технологиясында болмасын ортақ құбылыс, маңызды құжат. Қалыптастырушы бағалау оқытушының құзырлығына байланысты әртүрлі әдістер мен мақсаттардың негізінде еркін формада ұйымдастырыла береді. Ал жиынтық бағалау нақтылықты, тәртіпті қажет етеді. Сондықтан да бағалаудың бұл түріне оқушы да, оқытушы, ата-ана да аса жауапкершілікпен қарайды.
Қашықтықтан оқытуда критериалды бағалау мүлдем өзгеше ұйымдастырылады, яғни белгілі бір технологияның жетістіктеріне негізделеді. Дегенмен оқыту үдерісінде қалыптастырушы бағалаудың өткізілу нұсқасы, формасы, бағалау критерийлері, оқу мақсаты тұрақты.
Оқыту үдерісінде бағалауды ұйымдастырудың дәстүрлі және мультимедиалық (қашықтықтан оқыту технологиясына негізделген) әдістерін тарауымыздың келерсі бөлімінде қарастырамыз.
Қашықтықтан оқытудағы бағалаудың дәстүрлі әдістері
Әдебиетті қашықтықтан оқытуда дәстүрлі әдіс асинхронды қолданады. Оқытушы чат немесе электронды пошта арқылы оқушыға тапсырма және оның дескрипторын (қадамдарын) жібереді. Оқушы берілген тапсырманы белгілі бір уақыт аралығында оқытушыға қайта жібереді. Оқытушы өзінің құзырын иелене отырып, бағалау критерийлеріне сәйкес оқушының оқудағы іс-әрекетін, деңгейін өзі бағалайды. Байқағанымыздай, қашықтықтан оқытудың асинхронды формасында бағалау аясы тар, оқытушының жеке бағалауы арқылы жүзеге асырылады. Кері байланыс орнату да қиынға соғады. Оқытудағы мұндай қиындықтарға қарамастан елімізде асинхронды білім алушылар саны аз емес. Оқытудың бұл формасы оқытушының жауапкершілігін, бағалауды ұйымдастыруды дұрыс жүргізілуін және әділ бағалауын талап етеді. Біз бұл бөлімде қашықтықтан оқытуда бағалауды ұйымдастыру шараларын интербелсенді әдістер негізінде талдауды жөн көрдік.
Қалыптастырушы бағалау жоғарыда атап өткеніміздей, оқытудың интербелсенді әдістері арқылы жүзеге асырылады. БЖБ, ТЖБ тапсырмалары тұрақты формасын сақтайды.
Оффлайн оқытуда қалыптастырушы бағалаудың «Бағдаршам», «Бас бармақ», «Бес саусақ», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Табыс сатысы» секілді әдістері белгілі. Аталмыш әдіс түрлері оқушы мен оқытушының жүзбе-жүз коммуникациясына негізделгендіктен қашықтықтан оқыту технологиясында жарамсыз [17, 84].
Әдебиетті қашықтықтан оқытуда бағалаудың дәстүрлі әдісі деп оқушы мен оқытушы белгілі бір қашықтықта білім алмасатын және оқушының күнделікті сабаққа дайындығын, оқу нәтижесін, жетістігін жазбаша нұсқада тиімді әдістер арқылы ұйымдастыруды айтамыз. Мұндай әдістерді біз төмендегіше жіктедік.
Достарыңызбен бөлісу: |