Диплом жұмысы 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы Нұр-Cұлтан, 2022 «Қорғауға жіберілді»


Қашықтан оқытудағы бағалаудың мультимедиалық әдістері



бет20/24
Дата10.02.2023
өлшемі4,9 Mb.
#66907
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Дипломдық жұмыс, Лаура (копия)

Қашықтан оқытудағы бағалаудың мультимедиалық әдістері




Бүгінгі қоғамның жеке тұлғаға қояр басты талаптары:

  • Өзіне сенімді;

  • Ойын, көзқарсын ашық білдіретін;

  • Білімді;

  • Кемінде 2-3 тілде еркін сөйлейтін;

  • IT-ді меңгерген;

  • Дүниетанымдық білім деңгейі жоғары;

  • Ұжымға тез сіңісетін;

  • Сыни ойлайтын;

  • Адами құндылықтарды бойына дарытқан зиялы ұрпақ дайындау.

Аталмыш қабілет-қасиеттер бойынша жұмыс сөзсіз мектеп қабырғасынан бастау алады. Қашықтықтан оқыту технологияы кез келген пәнді тиімді, заманауи, қызықты етіп ұйымдастырып қана бермей, жеке тұлғаның дамуына жетекші рөл атқарады. Көркем шығарманы оқыту баланың ішкі жан дүниесін ашып, оған эстетикалық тәрбие береді. Оқиға желісі бойынша баяндау, түсіндіру дағдыларынан бөлек, көзқарасын білдіру, келісу/келіспеу стратегияларына үйретіп, кез келген пікірге ашық болуды біртіндеп қалыптастырады. Сонымен қатар кейіпкерлер арқылы айналаны, адамдарды жағымды/жағымсыз қасиеттеріне қарай тани бастайды. Ұжыммен араласуына септігін тигізеді. Логикалық ойлау шеңберін дамытып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға көмектеседі. Көркм шығарманы қашықтықтан оқытудың тиімділігін бір ғана дипломдық жұмыста баяндап тауыса алмаймыз. Қоғам минут сайын дамуда. Бұл тақырып әлі де зерттеуді, сыни пікірлерді қажет етеді. Біздің осы бөлімдегі мақсатымыз – қашықтықтан оқытуда бағалаудың мультимедиалық әдістерін талдау.
Мультимедиалық әдіс арқылы қашықтықтан оқыту мультимедиалық технологияларға негізделген. Мультимедиалық технология дегеніміз – түрлі типтегі ақпараттарды аппараттық және бағдарламалық жабдықтар арқылы түрлендіру құрылғысы. Аппараттық деп отырғанымыз замануи технологиялар жетістігі – компьютер немесе смарт технологияларды, ал бағдарламалық құрылғыларға интернет желісі арқылы жүзеге асатын немесе компьютердің базалық (word, pptx) құрылғыларын жатқызамыз.
Қазіргі таңда педагогикаға компьютерлік технологиялардың енуімен және олардың күрт дамуымен байланысты «мультипедагогика» термині пайда болды. Аталмыш саланың басты мақсаты – оқушыларға озық технологиялар негізінде теорияны практикада ұштастыра білетін сапалы, заманауи білім беру. Мультипедагогика мақсатын жүзеге асыру үшін интерактивті және ингреативті әдістердің басын біріктіреді.
Мультимедиалық әдістердің алғашқы қатарын ZOOM желілік бағдарламасы мен презентациясының қосындысы арқылы дайындалған өзіміздің авторлық жобаларымыздан бастауды жөн көрдік. Зерттеу барысында әдебиетті қашықтықтан оқытуда бағалау шараларынан бұрын оқытудың әдістемесі жетіңкіремейтінін байқадық. Қашықтықтан оқытудағы бағалау шаралары да қашықтықтан оқытудың әдістерімен тікелей байланысты. Егер әдіс салғырт болса, бағалау да өз мақсатына жетпейді. Нәтижесінде оқытушы мен оқушыны, оқытушы мен ата-ананың арасында түсініспеушілік дау туындауы әбден мүмкін.
Жазба әдебиетіндегі көркем шығарма Абайдан басталары даусыз. Абай және оның шығармашылығы турасында тарау 5, 8 және 10-сыныптарда оқытылады. Әр сыныптарда бір авторды қайта беру нені білдіреді? Бұл қайталау емес. Қазақстандағы білім беру мазмұны спиральді жүйеге (қарапайымнан күрделіге қарай) негізделген. Сондықтан да әр курстың Абай және оның шығармасы жөніндегі оқу мақсаттары оқушының білім деңгейіне, жас ерекшелігіне қарай әрқилы. Тіпті Абай әр сыныпта жеке тақырып, не тарау болып берілсе де қазақ баласына аздық етпейді, керісінше терең түсініп, саналы пайымдауына себепкер болатын еді. Қашықтықтан оқытуда мультимедиалық технологияларды қолдана отырып, өз нұсқамызда сабақ жүргізудің және бағалаудың үлгісін зерттеу жұмысымызда көрсететеін боламыз. Бұл жұмыс оқу әдістемелік құрал ретінде мұғалімдерге қосымша көмек. Көркем шығарманы оқыту әдістемесінде осындай заманауи топшылаулар мен әдістемелік құралдар жетіспейді.
Абай туралы білімді бекітерде «ХХІ ғасыр көшбасшыс»(1-сурет), «Миллион кімге бұйырады?» секілді танымал телебағдарламалық шоу, зияткерлік ойындарды ойнатсаңыз болады.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы». Интеллектуалды ойын оқушылардың көпшілігіне таныс. Бұл ойын тарауды немесе тоқсанды қорытындылағанда өте тиімді әдіс. Тапсырмаларды бірнеше бөлімдерге бөліп, оларға ұпай санын енгізуге болады. Сұрақ 20-50 ұпай аралығында болады. Сұрақтың саны қаншалықты жоғары болған сайын, сұрақ мазмұны да қиындай түседі. Оқушылар бұл сайыс сабақты жеке де, жұптық та, топтық та форматта ойнай алады. Есесіне, сабаққа оқушылардың көпшілігі қатыса алады және коммуникацияға, бірлесіп ақылдасуға, табысты қарым-қатынас құруға, ақылдасуға мүмкіндіктері болады. Оның үлгісі 1-суретте көрсетілген.

СССсСурет 1 «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойын үлгісі

«Абай» тарауын қорытындылауда алдағы БЖБ, ТЖБ секілді сынақтарға әрі дайындық, әрі алдын ала қорқынышты жеңу мақсатында түрлі позитивті сандық ресурстарды пайдалана отырып сабақ жоспарын құруға болады. Мәселен, біз «Дананы оқып, дара бол» атты танымдық жарыс сабағын ұйымдастырып көрдік. Шарты: бірнеше суреттер арқылы Абайдың шығармаларын мүмкіндігінше сипаттаймын, оқушылар мәтіндегі тірек сөздер мен суреттерді үйлестіріп көріп, атауын табады немесе үзінді айтады.


Оған мысалдарды 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2.5, 2.6суреттерде көре аламыз. Ескере керетін жайт, мультимедиалық әдістердің көпшілігі синхронды қашықтықтан оқытуға негізделген. Синхронды қашықтықтан оқытуда мультимедиалық әдістер бағалауды жеке, жұптық, топтық түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.



Сурет 2.1 А. Құнанбаев «Қыс»



Сурет 2.2 «Ғылым таппай мақтанба»



Сурет 2.3 Бірінші қара сөзі



Сурет 2.4 «Ескендір» поэмасы

Сурет 2.5 Жетінші қара сөзі


«Бинго» әдісі. Әдіс атауы интербелсенді әдісте кездеседі, десе де ол дәстүрлі оқытуға лайықталып құрастырылған. Ал төмендегі үлгідегі әдісті қашықтықтан оқытуда бағалауды қалай тиімді жүзеге асыруға болады деген сұрақта өзіміз ойлап тапқан жеке жоба ретіде қарауға болады.
Белгілі бір тақырыпқа немесе тарауға байланысты сұрақ жауаптары сөз немесе сурет, символ белгісінде беріледі. Сұрақ қарапайымнан күрделіге қарай құрылады, яғни бастап оңай сұрақтар қойылып бастайды да, екінші, үшінші кезеңдерде қиын сұрақтарға ауысады. Жауаптар белгіленген тор көздерде сұраққа қатыссыз басқа да белгілер орын алуы мүмкін.
Оқытушы сұрақтарды ретімен оқиды, оқушылар дұрыс жауапты дөңгелек немесе «галочка» белгілерімн белгілейді. Барлық сұрақ оқылып, жауап белгіленіп болғаннан кейін интерактивті тақтадан оқушыларға дұрыс нұсқалар көрсетіледі.
Аталмыш әдіс zoom желілік бағдарламасының «Демонстрация» батырмасы мен презентациясының бірігуі арқылы жүзеге асады. Бұл синхронды түрде, оқытушы мен оқыушының жүзбе-жүз көруімен жеке, жұптық, топтық әрекеттер арқылы өлшенеді. Ойын шарты бойынша оқытушы мультимедиалық тақтаға «Бинго» парағын оқушыларға көрсетеді. Оқушыларды үш топқа жіктеп, әр залға бөліп тастауға болады немесе оқушылар жауап нұсқаларын жеке чатта жазса болады. Мәселен, төменде 8-сыныптардың оқу бағдарламасындағы Ж. Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ» әңгімесінің қалыптастырушы бағалауын ұйымдастырдық.
«Бинго» әдісінің тапсырмалары:

  1. Мерген, әкесі, Сартай сапар шеккен аймақ

  2. Ай бетіндегі температура қандай шкаланы көрсетеді?

  3. Ай үстінен қарағанда, Жердің бірінші ширегі толысуы неге тең?

  4. Айдың топырағынан не бөлінеді?

  5. Жасаған үшін әлі сыры ашылмаған не?

  6. Жасағанның мамандығы

  7. Тастан шыққан жазу қай халықтікі

  8. «Ылғи тек газет-журналдан оқып, радио-теледидардан естіп-көріші едім. Енді өз көзіммен көріп тұрмын! Өз көзіммен!» Төлен нені айтып тұр?

  9. Айдан келген қонақтар қай шоқжұлдыздікі?

  10. Талас жазуы қай ғасырдікі?

  11. Қазақ расытханасының диаметрі мың метрлік радиотелескопы орналасқан жердің атауы

  12. Соңғы хабар қай шоқжұлдыздан келді?

  13. Айдағы жарты күн жерде неге тең?

Оқушы «Бингоның» тор көздеріне сұраққа қатысы бар/қатысы жоқ бірнеше символдарды, сөздер мен суреттерді орналастырады. Оқушы мұғалім оқыған әр сұрақтың жауабын торкөздерден қарап белгілейді. Тапсырма аяқталғаннан кейін, дұрыс жауапты оқушыларға көрсетіп, кері байланыс орнатады. Әдістің бағалау шарасы оқушылардың өзара, өзін және мұғалім көмегімен бағалауы арқылы ұйымдастырылса болады, ол оқытушының өз құзырында. Бастысы – әділ бағалануы талап етіледі. Оған мысалды 3 суреттен көре аламыз.






Сурет 3 «Бинго» ойыны




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет