Диплом жұмысы 9-сынып қазақ тілінің стилистикасын оқытудың әдіс-тәсілдері



бет17/21
Дата29.03.2023
өлшемі388,5 Kb.
#77103
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Дип.-9-сынып-қазақ-тілінің-стилистикасын-оқытудың-әдіс-тәсілдері

2.2.5. Ғылыми стиль
Ғылыми стиль - ғылыми шығармалардың тілі мен жазылу түрін анықтайтын басты фактор.
Ғылыми стильдің тілдік көріністері. Сөздер тура мағынасында қолданылып, дәл айтылады. Образды сөздер аз, термин сөздер көп кездеседі. Ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме, формулаларға негізделеді.
Ғылыми стильдің мақсаты - заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру.
Ғылыми стильді осы бағытта түсіндіре отырып, оқушылардың назарын төмендегі мәтіндерге аударуға болады.
...Жер бетінің жазық, өте кішірейтілген бейнесін географиялық карта деп атайды, онда географиялық объектілер шартты белгілер арқылы көрсетіледі.
Географиялық карталардың масштабы ұсақ болатындықтан, оларда жер бетіндегі ең ірі және маңызды нәрселер ғана, мысалы басты салалармен қоса үлкен өзендер, ірі қалалар, аса маңызды жолдар, бейнеленеді...
Глобус — Жердің моделі. Жердің пішінін оның кішірейтілген моделі — шардан көруге болады. Шарды жер глобусы деп атайды. Оның бетінде құрлықтар, аралдар, мұхиттар мен теңіздер бейнеленген. Олардың кескіні мен орналасуы да жердің өзіндегідей, тек бірнеше миллион есе кішірейтілген. (Оқулықтан).
Бастауыш — атау тұлғадағы зат есімнен, баяндауыш етістіктің тұйық райынан болғанда, бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылады.
Бастауыш - реттік мағына беретін тәуелдік тұлғалы есім сөздерден, ал баяндауышы атау не тәуелдік тұлғадағы есім сөздерден болғанда, олардың арасына сызықша қойылады. (Оқу құралынан).
Осындай мысалдарды плакатқа күні бұрын жазып қойып, оқушылардың өздеріне дауыстап оқытып, олармен бірге ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшеліктерді атаймыз:
- сөздің негізгі мағынада жұмсалуы;
- термин сөздердің көп қолданылуы;
- ғылыми ұғымдардың дәл айтылуы;
- ойдың дәл, нақты болуы;
- образды сөздердің болмауы.
Үзінділердегі терминдік сөздерді ауызша ататып, бұл сөздердің жалпыға бірдей түсінікті еместігі, осы бағыттағы мамандарға ғана түсінікті екендіктеріне көз жеткізгеннен кейін, бұл да ғылыми стильдің ең негізгі ерекшелігі екеніне баса назар аударамыз. Сыныпта төмендегі бағыт бойынша бірнеше ғылым салаларынан алған үзінді мәтіндерді оқушыларға салыстыра оқытқызып, ортақ белгілерін, ұқсастықтарын ататамыз.
Батыс Азиядағы үшінші ұлы патшалық - Ассирия державасы күйрегеннен кейін бүкіл Қос өзен Вавилон патшасының қол астына қарады. Вавилон Азиядағы ең үлкен, ең атақты қала болды. Көпестер мұнда әлемнің түкпір -түкпірінен тауарлар әкеліп жатты. Берік дуалмен қоршалған қала алынбас қамалдай көрінді. Вавилон әскерлері Финикия қалаларын, Сирия мен Палестинаны басып алды. Қоршауға Иерусалим де төтеп бере алмады. Бір кезде Сүлеймен салдырған храм талқандалды, халқын тұтқындап, айдап әкетті. Вавилон патшалығы алдындағы Ассирияға жетеғабыл патшалық болды.
Кіші Азия түбегінің батыс бөлігін Лидия патшалығы мекен етті. Кіші Азия өзендерінің құмайтты жағалауларынан алтын қиыршықтарын табуға болатын...
Лидиядан шығысқа қарай үшінші ұлы патшалық - Мидия патшалығы жалғасып жатты. Оның жер аумағы үлкен болды. (Оқулықтан).
Өсімдіктің өсуі - айқын байқалатын құбылыс. Ол клеткалардың көбеюіне және өсімдік құрамына кіретін заттардың қайта бөлініп, таралуына байланысты.
Жарықта жасыл өсімдіктің өсуі, әдетте, оның салмағының өзгеруіне әкеп соғады. Өйткені жиналған органикалық заттардың мөлшері олардың тыныс алуына жұмсалған мөлшерінен асып кетеді. Қараңғыда өсімдіктердің өсуі, тыныс алуы органикалық заттардың жұмсалуы есебінен жүреді. (Оқулықтан).
Мәтіндерді пайдалана отырып, оның негізгі ерекшеліктерін ажырата білуге үйретумен қатар, кейбір сөздердің ғылыми стильге байланысты синонимдерін ауыстырып, сөйлемдерді қайтадан құруға жаттықтырған жөн. Тапсырманы жетілдіре түсу мақсатымен ғылыми стильде берілген тақырып бойынша шағын мәтін жазу тапсырылып немесе кейбір мәтіндерді ғылыми стильге сай жөндеп жетілдіре алу жұмыстарын орындату баланың материалды жан-жақты меңгеруіне мүмкіндік береді. Оқушыларға стилистикалық тілдік белгілердің дұрыс қолдану нормасын, тілдік құралдарын тиімді пайдалана білудің мәнін ұғындыру бағытында мұғалімге бірнеше сабақ үлгілерін ұсынуды жөн көрдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет