Диплом жұмысы мазмұНЫ


Оқушылардың сабаққа әзірлігін және қажетті құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау



бет11/14
Дата06.01.2022
өлшемі219 Kb.
#15168
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Оқушылардың сабаққа әзірлігін және қажетті құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау.


Үй тапсырмасын сұрау:

Үйге берілген тапсырма естеріне түсірілгеннен кейін сұрақтар арқылы білімдерін тексеру.

а) Мақал-мәтелдер жайлы білетінімізді ортаға саламыз. Алдымен мақал-мәтел дегеніміз не ?


  • Мақал-мәтелдер – қазақ ауыз әдебиетінің ең көп тараған бір бөлігі.

ә) Мақалдың мәтелден айырмашылығы неде ?

  • Мақалда нақты ой, тұжырымды түйін болады. Дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей келіп отырады. Ал мәтелде ой тікелей білдірмей, жанамалап айтылады.

б) Дәлелде.

в) Мақал-мәтелдердің халық ауыз әдебиеті үлгілері болып табылуының себебі неде ?



  • Өйткені, мақал – мәтелді әуел баста жеке адамдар шығарған, біреуден-біреу жаттау, ауызекі айта жүріп, өзгеріп, жалпы халықтық мұраға айналған.

г) Төмендегі мақал - мәтелдің кайсысы мақал қайсысы мәтел ? Дәлелде

  1. Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ, аяғы қимылдаған адамға алыстық жоқ.

  2. Айбар керек, әл керек, әлсіз айбар не керек.

д) Мақал-мәтелдердің қандай түрлері болады ? (батырлық, достық, туған жер, отан т.б.)

Өткен материал жинақталып қорытыланды. Жаңа материалды саналы түрде қабылдауға дайындау, мақсат қою.

  • Балалар, сонымен, халық ауыз әдебиеті шығармаларына қандай шығармалар жатады ?

  • Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыздар, шешендік сөздер.

  • Біз бүгін келесі бір түрі – батырлар жырымен танысамыз. Нақты айтар болсақ, «Ер Тарғын» жырының үзіндісімен, Тарғын батырдың қалмақ батырымен қалай шайқасқанымен, Тарғынның сом тұлғасымен танысамыз. Жырды оқып, танысамыз. Осыған байланысты алуан түрлі жұмыстар атқарамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет