Кіріспе жұмыстар
Батырлар жыры (эпостық жырлар) туралы алғашқы әдеби-теориялық ұғым беру (оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып);
Батырлар жырындағы халық арманы, оның негізінде халық тарихының жататыны.
Мазмұнын меңгерту бағытындағы жұмыстар
Жырдың сюжеттік-композициялық жоспарын жасап, оны балалардың көз алдына іліп қою. Мысалы, 3-сыныптағы “Қобыланды батыр” жырына мынадай жоспар жасауға болады.
- Жыршының баяндауы (Қобыланды туралы).
- Қобыланды мен Алшағырдың айқасуы.
- Алшағырдың жеңіліс табуы.
Ұзақ жырға әрі оқиғалары да күрделі жырға осындай жоспар құру балалардың жырдағы басты оқиғаларды тез қабылдауы, аңғаруы әрі сол бойынша мазмұнын жүйелі түрде тұжырымды етіп айтып беруіне көмек-нұсқау ролін атқарады.
Жырды күйтабақтан тыңдатып (басқа жырды да оқытуға болады), жырдың оқылу мәнерімен таныстыру.
Жырды мәнерлеп оқу. Басты-басты эпизодтарға бөліп оқып, ізінше мазмұндатып отыру.Мазмұндауды сұрақ-жауап әдісімен жүргізу, басты оқиғаларын айтқызу.
Жыр үзіндісін оқып біткен соң мазмұнын толық айтқызу. Ол үшін үйге тапсырма бергенде жауаптарының тезисін, жоспарын жасатқызу. Мазмұндау жүйелі болу үшін соған қарап айтқызу.
Оқушылар жауабын бір-біріне толықтыртып отыру.
Бір-біріне қоятын сұрақтарын әзірлету.
Ұнаған жерлерін жатқа оқытқызу.
Жауаптарында да жырдан үзінді келтірте отырып айтқызу. (Мақаламен айтқызуға болады, бала қабілетіне қарай).
Достарыңызбен бөлісу: |